Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 36 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Ұлттық ойындардың көмегімен жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру


Жоспар

Кіріспе 3
1 Ұлттық ойындардың көмегімен жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру 4
1.1 Ұлттық ойындардың даму тарихы 4
1.2 Ұлттық ойындар тарихи-мәдени мұралардың бірі ретінде 6
1.3 Қазақтың ұлттық ырықты ойындарын эмоционалды халын реттеу үшін қолдануы 8
1.4 Қазақтың ұлттық ойындарының басқа ұлттар ойындарынан айрықша ерекшеліктері 9
1.5 Қазақтың ұлттық ырықты ойындары 10
1.6 Қазақтың ұлттық ойындары 11
1.6.1 «Ақбайпақ» 11
1.6.2 «Аңшылар» 12
1.6.3 «Дауыстап - атыңды ата» 12
1.6.4 «Тоғыз аяқ, тоғыз табақ» 13
1.6.5 «Айгөлек» 13
1.6.6 «Ақсерек-көксерек» 14
1.6.7 «Мәлке-тотай» 14
1.6.8 «Арынды арқан» 15
1.6.9 «Бұрыш» 15
1.6.10 «Домалақ ағаш (қазан)» 16
1.6.11 «Жаяу көкпар» 16
1.6.12 «Қамалды қорғау» 16
1.6.13 «Лек жалау (шөлдік)» 17
1.6.14 «Орамал тастау» 17
1.6.15 «Ұшты-ұшты» 18
1.6.16 «Қара сиыр» 18
1.6.17 «Атқаума» 19
1.6.18 «Соқыртеке» 20
1.6.19 «Ақ терек» 20
1.6.20 «Белбеу тастау» 20
1.6.21 «Мысық пен тышқан» 21
1.6.22 «Үлек пен тайлақ» 21
1.6.23 «Жаяу жарыс» 22
1.6.24 «Сен тұр, сен шық!» 22
1.6.25 «Қап киіп жарысу» 23
1.6.26 «Әуе таяқ» 23
1.6.27 «Жанды дөңгелек» 25
1.6.28 «Қасқыр қақпан» 25
1.6.29 «Қазақ күресі» 26
1.6.30 «Бұғнай» 26
1.7 Қазақтың ұлттық ат ойындары 27
1.7.1 «Көкпар» 27
1.7.2 «Көкпар» (ойын түрі) 27
1.7.3 «Ешкіні тарту» 28
1.7.4 «Қыз қуу» 28
1.7.5 «Қыз қуу (ойын түрі)» 28
1.7.6 «Бәйге» 28
1.7.7 «Аламан бәйге» 29
1.7.8 «Жорға жарыс» 29
1.7.9 «Солтандар ұрысы» 29
1.7.10 «Жемхана» 30
1.7.11 «Түлкішек» 30
1.7.12 «Пушбол» 30
1.7.13 «Сайыс» 31
1.7.14 «Аударыспақ» 32
1.7.15 «Аударыспақ» (бір түрі) 32
1.7.16 «Мал тұратын жер» 32
1.7.17 «Ат ерттеу» 33
1.7.18 «Ат омырауластыру» 33
1.7.19 «Жігіт қуу» 33
1.7.20 «Жамбы ату» 34
1.7.21 «Күміс алу» 34
Қорытынды 35
Әдебиеттер 36

Кіріспе

Қазақстан егеменді ел болғалы тарихта қалған мәдениет, ұлттық әдеп ғұрыптар қайта жаңғыртылуда. Олар өздерінде өте бай мәліметтер қамтиды, олардың ішінде ұлттық ойындар да бар. Ұлттық ойындар ғасырлар бойы жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру құралы ретінде келе жатқан мәдени мұра.
Ойындар – тарихи жинақталған қоғамдық құбылыс. Ойын өзі-өзінді тану, демалу, шынығу және ортақ әлеуметтік тәрбие құралы ретіндегі спорт түрі. Ойын мәдениет элементі болғандықтан, қоғамға байланысты дамиды. Ол адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін орындай отырып, өзгереді. Ойындық іскерлік тек мәдениет элементі ретінде ғана емес, сонымен қатар тәрбие беру нышаны ретінде де қолданылады.
Ойын адам мәдениетнің асыл қазынасы. Олар әр түрлі, әр түрде, әр бағытта болады. Оны зерттеумен тарих та, этнографияда, антропология да, педагогика да, денені шынықтырудың теориясы мен методикасы да айналысады.

1 Ұлттық ойындардың көмегімен жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру

1.1 Ұлттық ойындардың даму тарихы

«Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспайды. Демек, зерттеуді өз тарихынан бастау – ғылым жетістіктерін игерумен қатар, оның одан әрі алға басуына үлкен мүмкіншіліктер туғызады». Дәл осы жағдай қазақ ұлт ойындарының даму тарихына да қатынасы болса керек. Халықтың ұлттық және спорттық ойындарының да өзіндік тарихи даму жолдары, қалыптасу кезеңдері, тәрбиелік маңызы халықтың саяси әлеуметтік-экономикалық дамуының негізінде болды.
«...Алғашқы қауымдағы адамдар күн көрудің, табиғатпен күресудің қиыншылығынан мейлінше жаншылуда болған» кезі адамзаттың жануарлар дүниесінен бөлініп шыққан дәуірі болғандықтан олардың өз бетінше тіршілікке қалыптасуында дене мүсінінің ерекшелігі басты рөл атқарды. Адамзат басқа жыртқыш жануарларға өздері жем болмас үшін және табиғат апатымен күресте, күшті де кесек тұлғалары жеке басын қорғауы былай, нәзік денелі әлсіздеріне де жәрдемші болды. Міне адамзаттың дәл осындай кесек тұлғаны өмір сүрген орта керек етті. Жаратылыста дене мүсінінің қалыптасуы барлық адамдарға бірдей бола бермеген. Алайда, алғашқы адамдардың табиғатпен күрестегі әлсіздігі, аң аулауда кейде сәтті, кейде сәтсіз болатындағы және мүсінді-күштілердің нәзіктілеріне қарағанда табиғат кесепатынын зардабын аз тартатындығы, міне мұның бәрі жеке бастың мүсін ерекшелігінде болды. Осыдан келе жаратылыстағы кесек тұлғаның табиғат апатына қарсы тұрудағы ролін адамзат сол кезде-ақ ұқты.
Бұл құбылыс бірте-бірте дами келіп саналы түрде кесек тұлға жасаудың бағытын қарастырып жеке бастың өз бетінше мүсін немесе денесін шынықтыру жүйесін тудырды.

1.2 Ұлттық ойындар тарихи-мәдени мұралардың бірі ретінде

Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың әр қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.
Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары. Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан-жай емес.
Қазақ халқы – материалдық мұраларға қоса, мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады. Бүгінгі замандастарымыз бен болашақ ұрпақтарымыздың оны оқып үйрене отырып, өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына, ата-бабаларының психологиялық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарын саралап, жете білулерін, дәстүрлер жалғасын өрістете отырып, өткен мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне, сөйтіп «мәңгүрттік» атаулығы тосқауыл қоюларына септігін тигізбек.

1.3 Қазақтың ұлттық ырықты ойындарын эмоционалды халын реттеу үшін қолдануы

Жасалынып жатқан жаттығулардың бір түрлі міңезінен немесе жоғары темптен шығарылған зейін тұрақтылығы бұзылған кезде, ойындарды жаттықтыруға қосқанда, шұғылданушылардың зейінің жоғарлатады және жұмыскерлікті қалпына келтіреді. Техникалық әрекеттерді меңгеру үрдісі, дене сапаларын тәрбиелеуі спортшының көңіл-күйінен, оның құмарлығынан тікелей байланысты. Ойыншыларда астеникалық (жағымсыз) эмоциялардың пайда болуында жаттықтыруды жарамды әрекеттер коэффиценті едәуір төмендейді. Бұған жасалынатын жаттығуларға бұлшықет әрекетінің міңезі мен ритмі, өзінің әрекеттік құрамы бойынша ұқсамайтын, қиындығы аз ойындарының кіруі, шұғылданушыларда сценикалық (жағымды) эмоцияларын тудыруға әсер етеді. Бір әрекет түрінен басқасына ауысқаны, сайысу элементі, ойындағы еркін тандау әрекеті қарқынды демалыстан кейін қарқынды жаттықтыруды жалғастыру үшін «екінші демін» ашуға рұқсат ететін сияқты. Сабақтар үрдісінде ойындарды ақылмен қолданғанда, бұларға бүкіл жаттықтыру циклы бойынша қызығушылық сақталып тұрады.

1.4 Қазақтың ұлттық ойындарының басқа ұлттар ойындарынан айрықша ерекшеліктері

Ұлттық ойындардың бүкіл уақыттар бойы үлкен қоғамдық маңызы болды. Бұлардын пайда болуы ежелгі заманға жатады және өзінің дамуына халықтың шаруашылық әрекетіне және қоғамдық қатынастарына сәйкес келетін, кезекпен ауысқан түрлер қатарынан өтті. Бірақ бұған қарамастан ойындар бізге өзінің ойын жеткізіп, ерекшілігін жоғалтқан жоқ. Ғасырлар бойы бұларда адамдардың ұлттық тұрақтылықтары, еңбектері, тұрмыстары, өмір бейнелері жарық көрініп жатты. Бір немесе басқа деңгейде болса да, басқа халықтар ойындарынан қазақтың ұлттық ойындары өзінің мағыналы мазмұнымен айрықша болады. Қазіргі заман мен болашақты байланыстыратын, халықтың рухани тәжірибесің, оның педагогикалық көзқарастарын сақтап тұратын халықтың есте қаларлығы бұл – ұлттық ойындар. Ойындар жататын мәдениетінде ұлттық ойлары, өздік танулары, түсініктері және де тарихы көрінеді.

1.5 Қазақтың ұлттық ырықты ойындары

Қазақтардың ойындарында ежелгі заманнан келе жатқан тастан, ағаштан, аң сүйектерінен, кейін металлдан жасалынған құралдар қолданатын. Кең дамыған халықаралық қарым-қатынастар ойын-сауықтың жаңа түрлерін тудырып, жалпы мәдени бойын көтереді.
Ғасырлар бойы балалар мен жастарды ерте жасынан ұлттық ойындарымен тәрбиелеу, қоғамдағы қарым-қатынасқа, қоршаған айналаға дұрыс қатынасу қалыптасуына әсер етті. Қазақтардың өңегелік-этникалық сұраныстарына сәйкес бозбала жасында күнделікті қоғам өмірінде қарқынды қатынасу тәрбиеленетін.
Қазақтардың салт-дәстүрі бойынша бозбала тәрбиесімен ерлер айналысатын. Ұлдар ойындарда үлкендерге ұқсастырып, олардың шаруашылық әрекеттерін жасайтын, ал қыздардын ойындарында тұрмыстық және отбасылық қатынастар көрінетін.

1.6 Қазақтың ұлттық ойындары

1.6.1 «Ақбайпақ»

Бұл ойын да «Айгөлек» секілді жасыл көгалдарда, алаңдарда ойналады. Ойнаушылардың саны неғұрлым көп болғаны дұрыс. Өйткені ойын өте қызықты өтеді. Жасына, жынысына қарамай ойнағысы келгендердің бәрі ойынға қатыса алады.
Ойын ережесі: жиналғандар жүресінен дөңгелене отырады. Ал орталарына бір баланы көрсетпей жауып тастайды. Осы кезде інген ботасын іздеп боздап келген бетінде ойыншының иығына отыра кетеді.

1.6.2 «Аңшылар»

Атына қарағанда бұл ойын жазық далада, немесе қыратты төбеде өтетін сияқты. Ал шындығында тіпті де олай емес. Есік алдыңда, аула ішінде, кейде кең бөлмеде де ойнауға болады. Тек үлкен киіз үй орнындай дөңгелек шеңбер сызып алса, сол орын әбден жетіп жатыр. Сондай-ақ, мектеп оқушыларының ойнап жүрген үш добы қажет. Бұл ойын әсіресе, балалар мен жасөспірімдерге қолайлы-ақ.

1.6.3 «Дауыстап - атыңды ата»

Ойын көбіне жастар кешінде ойналады. Ойынға көз байлайтын бір рет орамал, ұзындығы бір, бір жарым метр таяқ керек. Ойнаушылардың саны неғұрлым көп болса, ойын соншалықты қызықты өтеді.
Ойын ережесі: жиналғандар қол ұстасып дөңгелене шеңбер бойында тұрады. Көзі байлаулы бір ойыншы шеңбердің ортасында тұрады.

1.6.4 «Тоғыз аяқ, тоғыз табақ»

Ойын-сауық, әдет ғұрып ойындарының бір түрі «тоғыз аяқ, тоғыз табақ». Бұл әсіресе қазақтың баласын үйлендірерде қыздың әкесіне барып, құда түскенде, екі жақтың келісімі жарасқан шат-шадыман көңіл күйін, туыстық жарастық көңіл күйді білдірген. Осы құда түсу кезінде қонақ сыйларын халық «тоғыз аяқ, тоғыз табақ» деп атаған. Халықтың әдетінде жайшылықтағы қонақ асы бөлек те, құданың асы бөлек берілген. Құдалардың арасындағы сөз әбден келісіліп болғаннан кейін, енді құданың қайтардағы қонақ асысы тағы бөлек – «құйрық бауыр» болыпты.

1.6.5 «Айгөлек»

Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі халық арасында ең көп таралғандарының бірі осы «Айгөлек» ойыны. Бұл ойынды жасыл желек атқан көктемде, күн ұясына отырып шілденің аптап ыстығы қайта бастаған жазда, тіпті салқын самалды қоңыр күзде де ашық алаңдарда ойнай беруге әбден болады. Ойынға жиналған жігіттер мен қыздардың саны неғұрлым көп болса, соғұрлым қызықты өтеді. Халық арасында кең тараған бұл ойынға балалар мен жасөспірімдер, жас жігіттер мен бойжеткендер де қатыса алады.

1.6.7 «Мәлке-тотай»

«Айгөлектің» үшінші түрі осылай аталады. Бұл ойынды да жастар ерте кезден-ақ сүйіп ойнап келген. Өйткені, әдетте той-думан жүріп жатқан үйге жастар көбірек жиналмай ма, міне сол кезде «мәлке-тотай» ойыны да басталып кетеді.

1.6.13 «Лек жалау (шөлдік)»

Бұл тақыр алаңдарда ойналатын балалар ойыны. Ойынға екі басы үшкірленген, ұзындығы бір қарыс шөлдік (ағаш) керек. Ойынға күні бұрын үлкен қазан аузындай шеңбер сызылып, ортасына шөлдік қойылатын шұңқыр қазылады, шөлдік шұңқырдың ішінде емес үстінде жатуы керек. Бұдан басқа әр ойыншының өзінің ұзындығы бір метрдей таяғы болу керек. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды.

1.6.14 «Орамал тастау»

Ойын көгалдарда, үлкен бөлмелерде өткізіледі. Ойынға екі бүктеліп есілген орамал керек. Той-думанға, кешке келгендердің бәрі қатыса алады. Ойнаушылардың саны неғұрлым көп болса, ойын да соғұрлым қызықты өтеді.
Ойын ережесі: ойнаушылар тең екі топқа бөлінеді де арасы 10 адымдай белгіленген екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарға тұрады. Ойын жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да «қа» – деп дауыстайды, ол қағып алып «ғаз» – дейді, болмаса «ла» – дейді. Сонда «қағаз», «қала», тағы басқа сөздер шығады.

1.6.15 «Ұшты-ұшты»

Ойынды жастардың сауық кештерінде, көгалдарда, ашық алаңдарда ойнауға болады. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын соншалықты қызықты өтеді. «Ұшты-ұшты» ойынына ересектермен қатар балалар да қатысса, қызықты өтеді.
Ойын ережесі: бір жігіт ортаға шығып жиналғандарды дөңгелекте, не болмаса өзіне қаратып бір қатарға отырғызады. Содан кейін, ойынның ойналу тәртібін түсіндіреді. Сөйтіп ойынды бастайды (ойын жүргізуші өзіне барлық ойыншыны көріп тұратындай жағдай жасауы керек).

1.6.16 «Қара сиыр»

Он жастағы баладан отыз – қырық жастағы жігіт ағасына дейінгілер қопалы, жыңғылды жерге жиналады. Ну орман іші болса тіпті жақсы.
Ойын ережесі: әлгі жиналған топ өздерінің іштерінен бір адамды жеке шығарып алып, оны алыстау жерге таман барып бөркін немесе басқа бір белгілі затын жасыруға жібереді. Оның өзі де сол маңайда жасырынуы керек. Қалған ойыншылардың барлығы жасырынған ойыншының тыққан затын іздеуге кіріседі. Кімде кім тығылған бөрікті көріп қойып, алуға қам жасаса, онда иесі оны бермеуге тырысады.

1.6.17 «Атқаума»

Ойынды 6 бала үш-үштен бөлініп ойнайды. Бір бала қолымен өзінің оң қолын білезігінен қысып ұстайды. Қарама-қарсы тұрған бала да сөйтеді. Содан кейін оң қолдарымен бірін-бірі сол қолдарынан ұстайды. Үшінші бала көзі таңулы күйінде екі баланың айқасқан алақанына отырады. Қолдасып ұстаған балалар:

1.7 Қазақтың ұлттық ат ойындары

1.7.1 «Көкпар»

Қазақтың және орта Азиялық елдер халықтарының ең сүйіктісі ат спортты ойындар. Бұның тарихы терең ежелдікке кетеді. «Көкпар» сөзінің мағынасы «көк қасқырды» білдіреді. Бұрыңғы заманда көшпенділерде қасқыр, ойын заты қызметін атқаратын, қайсысын олар жүйрік аттарымен қуатын. Уақыттар бойы қасқырды ешкі денесі ауыстырды.
Ойынға екі құрама қатысады, әрқайсында бес атқа мінушілерден және біреуі дайындықта тұрады. Ойын, ұзындығы 400-500м және иені 20-30м (әдетте трибуна алдында, ипподромның шабыс жолында) алаңда өткізіледі.
Алаңның шекаралары екі шеткі жақтары бойынша екі жағынан екі жалаушаланған сызықпен белгіленген және қақпа қызметін атқарады. Алаң ортасында диаметрі 3м шеңбер сызылады, бұл жерге ойын алдында ешкі денесін қояды. Төрешінің сигналы бойынша құрамалар жиналады және осы шеңберден 10м қашықтықта қарама-қарсы тұрады. Құрама капитандардың сәлемдесуінен кейін ойын басталады. Ойынның мақсаты – ешкі денесін жерден көтеріп алып өз қақпасына алып кету керек. Бірақ бұл оңай емес, өйткені қарсыластар бөгет жасайды. Ешкі денесін өз қақпасына көбірек әкелген құрама жеңімпаз атанады. Ойын 15 минут жүреді, егер ойын тең түссе, онда тағыда қосымша 15 минут ойналады.

1.7.2 «Көкпар» (ойын түрі)

Көп жігіттер қатысатын сайыс. Иелі болатын көкпар-ауырлық сапасында ешкінің немесе лақтың денесін қолдайды. Қатысушылар белгіленген сызық алдында сапқа тұрады. Сөреден 50-60 қадам қашықтықта ешкі денесі лақтырылады. «Баста» белгісі бойынша салт аттылар көкпарға ие болуға шабады. Ешкі денесін бірінші көтеріп алған қалғандарынан шауып кетуге тырысады. Бірақ оны қуып жетеді және көкпарды тартып алуға тырысады.

Қорытынды

Қазақтың ұлттық ырықты ойындарының барлық байлығының және оларды қолдануының ғасырлық дәстүрлердің, сонымен қатар ерекше бағалы ұлттық ырықты ойындардың қазіргі замандағы дене шынықтыру - спорттық жұмысын еңгізуінің ғылыми жазылуы және терең оқытуы керек. Ұлттық ойындар әр түрлі тарихи кезеңдерде халық тұрмысының және мәдениетінің нақты және объективті көрінісі болып келеді.

Әдебиеттер

1 Бородихин В. А. Биосоциальная реабилитация учащихся и студентов средствами физического воспитания и спорта. – Павлодар, 2001. –¬ 210 б.
2 Былеева Л. В., Григорьев В. М. Игры народов СССР. – М., 1985. –¬ 71 б.
3 Былеева Л. В., Коротков И. М. Подвижные игры. – М., 1982. –¬ 127 б.
4 Валеология. Физическое воспитание. Спорт. Ежемесячный педагогический журнал. – 2004. – № 2. –¬ 35 б.
5 Валеология. Физическое воспитание. Спорт. Ежемесячный педагогический журнал. – 2004. – № 9. –¬ 42 б.
6 Воспитание школьника. Республиканский научно-методический журнал. – 2005. – № 3. ¬– 32 б.
7 Горанько М. А. Организация и методика проведения урока по физическому воспитанию. Алматы, 1994. ¬– 121 б.
8 Төтенаев А. Г. Қазақтың ұлттық ырықты және спорттық ойындары. – Алматы, 1995. ¬– 83 б.
9 Кедрина Т. Я., Гелазония П. И. Большая книга игр и развлечений для детей и родителей. – М. : Педагогика-пресс, 1992. – ¬ 68 б.