Предмет: История и теория кооперативного движения
Тип: Бақылау жұмыс
Объем: 22 стр.
Год: 2011
Қазақстан республикасындағы кооперативтік қозғалыс
Жоспар
1 Қазақстан кооперацияларының идеялық бастаулары 3
2. Қазақстандағы кооперациялардың пайда болуы мен дамуының ерекшеліктері 6
3. Қазақстандағы ұжымдастырудың ерекшеліктері және оның зардаптары 9
4. Нарықтық қатынастарға өту кезеңіндегі тұтыну кооперацияларының жай-күйі мен міндеттері 14
5. Қазақстандағы колхоз қозғалысының проблемалары 18
6. Қазақстандағы жаңа кооперация 20
Әдебиеттер 22
1 Қазақстан кооперацияларының идеялық бастаулары
Қазақстандағы кооперативтік ойлардың бастауларында ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген көрнекті гуманисттер мен ағартушылар А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин және Ш. Уәлихановтар тұрды.
Абай «Өсиеттерінің» алтыншы сөзінде «Өнер алды – бірлік, ырыс алды – тірлік» деген мақалды келтіреді. Абай шаруашылықты жүргізуде бірігуге шақырды, ал бұл кооперацияның алғашқы белгілері болатын. Абай нарықтық экономиканың сонымен бірге нағыз жақтаушысы болды. Оның пікірі бойынша, тек сол ғана қол өнерліліктің дамуына, еңбектің бөлінуіне белсенді түрде ықпал етіп, еркін кәсіпкерлікті қамтамасыз етеді.
2. Қазақстандағы кооперациялардың пайда болуы мен дамуының ерекшеліктері
Кооперациялардың несие серіктестіктері үлгісіндегі ең қарапайым түрлері Қазақстанда 1886 жылы құрылды. Қазан төңкерісіне дейінгі кооперациялардың тарихын екі кезеңге бөлуге болады: бірінші кезең – ХІХ ғасырдың аяғынан 1909 жылға дейін және екінші кезең – 1909 жылдан 1914 жылға дейін. Егер бірінші кезеңде бар болғаны 33 несие мекемелері құрылса, одан кейінгі бес жыл ішінде (1909 жылдан 1913 жылға дейін) – 312, яғни оның алдындағы кезеңмен салыстырғанда 10 есе көп несие мекемелері құрылды.
3. Қазақстандағы ұжымдастырудың ерекшеліктері және оның зардаптары
НЭП дәруіндегі оқу және болашағы зор болып саналған тәжірибенің экономикалық даму мен қоғамдық қатынастардың валютаристік арандатулар жолы шешілді.
Бұл әдісті бүкіл ел ауқымында қолдану ауыр зардаптарға әкеліп соқты, әсіресе патриархалдық – феодалдық қатынастардың сақталуымен және архаикалық экстенсивтік көшпелі мал бағу, Қазақстан жағдайында айрықша қайғылы зардаптарға ұрындырды.
4. Нарықтық қатынастарға өту кезеңіндегі тұтыну кооперацияларының жай-күйі мен міндеттері
Қазақстанның тұтыну кооперациясы 30-40-шы жылдары жалпы одақтағы кооперациялардың жолын қайталады. Сондай-ақ елде болып жатқан мемлекет иелігіне алуға кооперациялар да тартылды, олардан меншіктері тартып алынды, мемлекет үстемдігі кооперацияның шаруашылық және қоғамдық қызметінің барлық аясына таралды. Ұлы Отан соғысы жылдары тұтыну кооперацияларының ресурстары майдан қажеттіліктері үшін жұмылдырылды.
5. Қазақстандағы колхоз қозғалысының проблемалары
Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру нәтижесінде КСРО бойынша тұтастай алғанда колхоз-совхоз өндірісі ауыл шаруашылық өндірісінің негізіне айналды. Ұсақ колхоздарды ірілендіру арқылы олардың саны 1945 жылғы 6639-дан 1953 жылы 2966-ға дейін кеміді. Тың көтеру эпопеясы жылдары колхоздар мен совхоздарды қайта жаңарту процестері басталды. Олардың саны 1953 жылғы 2966-дан 1965 жылы454-ке дейін қысқарды. Бұл колхоз өндірісінің үлесін 1958 жылғы 38%-дан 1965 жылғы 16%-ға дейін төмен түсіруге әкелді. Бұл кезеңдер ішінде сол кез бағасымен 1 млрд. сомнан аса негізгі және айналым құралдары колхозшылардан тартып алынып, мемлекеттің пайдасына берілді.
6. Қазақстандағы жаңа кооперация
«Жаңа кооперация» - бұл осы толқында пайда болған, өндіріс пені қызмет көрсету аясындағы кооперативтердің жинақталған атауы болып саналады.