Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Өнертану

Тип: Реферат

Объем: 20 стр.

Полный просмотр работы

Бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы, идеясы, мазмұны мен қыр-сыры

Өткен жолыңды қорытындылау, жете түсіну және бағалауға деген ұмтылыс әр саналы тұлғаға тән. Сондықтан, адамның осы қасиеті оның ұлттық рухани түсінігінің жалпылама процестерін де анықтайды. Өнердің көркемдік кейіпкерлеріне дүниетанымының қандай идеялары, сезімдері мен принциптері жүзеге асырылатынын түсінуге бағытталған ұмтылыс, әсіресе дәуірлер тоғысында, мәдениет кезеңдері алмасар сәттерде ерекше орын алады. Сол себепті ХХІ ғасырдың табалдырығын аттар сәтте, біз өткен ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстанның көркем өнеріне не әкелгені, оған біздің қандай үлесіміздің бар екендігі туралы ойланбай тұра алмаймыз. Өткен жүзжылдықта түрлі инновациялармен қатар дербес мәдени феномен ретінде кәсіби көркемөнер мен мүсін өнерінің ұлттық мектебі қалыптасты және өмірден өз орнын тапты.

Адам мен оны қоршаған орта арасындағы нәзік және рухани үйлесімділікті, қазақ ұлтының табиғат – анамен, соның нәтижесінде әлеммен біртұтастығын, туыстығын көрсетуге бағытталған, ұмтылысын, адамның рухани және ішкі дүниесін білуге деген қызығушылығын, мәңгіліктің бір буыны – қас қағым сәттің әдемілігіне, құндылығына сүйсіну, жалпыға белгілі жүйеге ерекше жолмен ену және дүниетанымның басқа да қырларын суреттеу – міне осылар, қазақ суретшілерінің еңбектерінен байқалатын рухани әдет-ғұрыптық көріністер. Республикадағы бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы, идеясы, мазмұны мен ішкі қыр-сыры, ұлттың мәдени әдет-ғұрпымен үйлескен, тұрмыстың жанданған, дүние тірегі болатын табиғат пен үйлесімділігін қалыптастыру және адамның шығармашылық жігерін нығайту болды.

Мәдениет әлеуметтік және саяси оқиғаларға тікелей және дәлме-дәл тәуелді болмағанмен, қоғамдық сананың нысандарының бірі болып табылады. Көркемсуретті нысандар өз тілімен үнемі адам сезіміндегі шамалы болсын өзгерістерді, оның рухани дүниесін көрсетіп отырады. Өнер өзінің мәнерлеу құралдары мен тәсілдері жүйесінде адам өміріндегі, оның ішкі дүниесіндегі өзгерістерді сөзсіз түрде көрсетеді, көп жағдайда оны ертерек сипаттайды, алдын алады, сол себепті әлеуметтік тұлғаның даму динамикасын үйлестіреді және белгілі бір арнаға бағыттап отырады. Оның дамуының әр сатыларында алдыңғы қатарға түрлі басым идеялар шығады. Қазақтың кәсіби бейнелеу және мүсін өнеріндегі 80-90-шы жылдардың соңындағы қалыптастырудың ішкі логикасы айрықша талап еткен идея бейнелеу өнерін ұлттық тұрғыдан дербес түрде сипаттау идеясы болды.

Әр түрлі объективті жағдайларға байланысты (бұрынғы орталықтың қысымдық әсерінің болмауы, дербес мемлекеттің ішкі сұранысы, сонымен бірге сыртқы нарықтың кең ауқымды сұранысы) өнердің әр алуан деңгейдегі ұлттық идеяға деген қызығушылығын арттырды. Тәуелсіз мемлекетке қажетті көрнекі көркем суреттік құрылымдар (ұлттық волюта, Елтаңба, монументалды мүсіндік кешендер, тарихи бейнелеу шығармалары) қалыптастыратын сәттен бастап, еркін шығармашылық ізденістерді әр суретшінің шығармаларынан көреміз. Алайда, ең қызығы, ұлттық идея үнемі нон – конформистік өнер өкілдерінің концепциясына енуде, олар қазақтардың әдеттегі дүниетанымдық түсініктерін, түркілердің өз әрекеттерін, перформанстары мен объектілерін тұрақты ауыстыра пайдаланады.

Мүмкін, кей жерлерде Қазақ даласындағы өмір салтын қабылдаудағы кузнецовтік бағытын жалғастыра және дамыта отырып, З. Түсіпов, Б. Табиевтер реалистік әдет-ғұрыптарды ерікті түрде түсіндіреді. Күнделікті тұрмысқа тамырын тереңдетіп енгізген, олардың сюжеттері мазмұны жағынан поэтикалық сезімталдылықпен тартымды болды. Нақты өмірсезімдерінің күші, тартып тұрып жібере салған кендір сияқты ұшатын экспрессивтик динамика З. Түсіпованың натюрмоттары мен далалық пейзаждарын толтырады, Б. Табиевтің суреттердегі орта ғасырлық қалалардың мешіттері мен тар көшелері, қоңырқай көгілдір түтін тәрізді ортадағы Шығыстың жұмсақ өмірін сипаттайды. Осысуретшілердің қаламдары арқылы берілген, адам және табиғаттың өмірі мен сұлулығының құпиясы, автор көзқарасының толғамдылық сезімділігімен, мәңгілік, тұрақты және даланың алтын көкжиегіне көгілдір аспанға төгілген құндылықтарды түсінумен, дала тұрғындарының қоңырқай келбеттерінің әдемілігімен ерекшеленеді. Қазақтың әсемдік – қолданбалы өнерінің тәсілдері мен батыс – еуропалық поатимпрессионизмнің сабақтарын трансформациялаудан келетін шарттылық әсемдік әдет – ғұрыптары М. Қасымбеков пен Т. Мұқаттың шығармашылықтарында ерекше тәсілмен ұштасып жатады. Авангардты түрде түсіндірілетін этнографиялық нотаы бар, өзгешелігі бар жаңа толқындар С. Смағұлов пен А. Смағұлова ары қарай дамытады. Елестеушіліктің еркін қалқуын түсіндіре отырып, С. Сүлейменова, А. Меңлібаева, З. Сұлтанғазина, М. Бекеев еркін және бейнелеушілік ойын ары қкркй жалғастырады.

Қазақстанның бүгінгі күнгіөнер туралы сөз қозғасақ, әдетке айналып кеткен қазақ бейнелеу өнеріндегі тұрмыстың мазмұндық мәселелері мен экзистенциалдылыққа тартымдылық тәрізді көріністерінің де жалғасып жатқанын атап өтпеуге болмайды. Кәсіби өнердің дамуының осы сәті суретшілердің осы заманғы тұтынушыға жеткізуге ұмтылатын идеялар кешенінің нақты байқалатын шоғырланушылығымен де сипатталады. Бүгінгі күннің бейнелеу және мүсін өнері контекстік жағынан аса толықтырылған, кей жағдайда сол себепті қарапайым көрермен оны түсіне де бермейді. Суретшілер мектебінің қалыптастырылуы сатысының алдыңғы кезеңдеріндегі тәжірибелері, бүгінгі күні толық түсінуіміз болашақтың ісі екенін біле отырып, ұлттық өнердің тұтас, сыйымды, өзіндік сипатқа ие феномен бола отырып, біртұтас түрде жиналатын сияқты болады. Түрлі түстер, композициялар, фактура немесе пластика көмегімен, шығу көздері, жылдар бойы шыңдалған, әдеттегі құндылықтар мен түсінушіліктермен тығыз байланысқан, дүниенің құрылуы туралы ұлттық түсініктерді өнерде қалыптастыра, бейнелік шығармалар мен мүсіндік копозицияларда қалпына келтіре отырып, суретшілер небір жиынтыққа, біртұтас жүйеге, шашырап қалған элементтер мен фрагменттерді жинайды деуге болады. Осы процесс барысында шығармалардың нысандарымен атқарылатын жұмыстар да жедел қойылғанын атап өтуіміз керек.