Қылмыстық жазадан босату
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. Қылмыстық жаза ұғымы, түрлері және жаза тағайындау ерекшеліктері 4
2. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату ұғымын және олардың түрлерін түсіндіру 10
3. Жазаны өтеуден босатуды құқықтық реттеу 22
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27
КІРІСПЕ
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жазаны өтеуден босату — құкық саласында әр түрлі нормаларымен реттеледі: қылмыстык, кылмыстық іс жүргізу және кылмыстык-аткару құқығы.
Қазақстан Республикасының қылмыстык зандарында жазадан босату бір мағынада түсіндірілмейді. Ғылыми әдебиетте бір жөнге келтіру және жазадан босатудың мүмкін жағдайларын топтастыру қорытындысында, ол үш топқа біріктірілген болатын:
1. Қылмыстық жаза ұғымы, түрлері және жаза тағайындау ерекшеліктері
Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топқа бөлінеді: 1) негізгі жазалар; 2) қосымша жазалар; 3) негізгі де, қосымша да жазалар;
Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жеке – дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз.
Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар:
2. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату ұғымын және олардың түрлерін түсіндіру
Жалпы қағидаға сәйкес қылмыстық жауаптылық сот арқылы қылмыс жасаған кінәлі адамға жаза тағайындау арқылы жүзеге асырылады.Бірақ кейбір реттерде қылмыстылықпен күресте мақсатқа жету кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тартпай-ақ немесе оған жаза тағайындап, бірақ оны жазаны нақты өтеуден босату арқылы, сондай-ақ жаза өтеуден мерзімінен бұрын босату, өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы да мүмкін.
Осыған байланысты қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және жазадан немесе жазаны жеңілірек жазамен айырбастау туралы институтты белгілейді. Мұның әрқайсысы тәжірибеде кеңінен қолданылады. Сонымен бірге ескерілетін жағдай, қылмыстық жауаптылықтан, жазадан босатуды кеңінен пайдаланудың да зиянды жағы бар. Бұл институтты практида жиі қолдану қылмыстық құқықтағы жауаптылықтың сөзсіз болуы принциптерін аяққа басады. Сондықтан да көрсетліген мәселелерді қолдану заңға негізделген және тиімді болған жағдайда ғана қылмыспен күрес мақсатының қылмыстық жауаптылық немесе жазаны қолданбай-ақ жүзеге асырылу жағдайында ғана қолданылуы қажет.
3. Жазаны өтеуден босатуды құқықтық реттеу
Жазаны өтеуден босату деп азаматтың құқықтық жағдайын өзгертетін заңның ақиқаты айтылады. Оның пайда болуымен әдетте түзету құқық қатынастары тоқтатылады да азаматтың құқықтық мәртебесі орнына келтіріледі
Жазаны өтеуден оны босату егер де ол басқа жазаны өтеуге байланысты болатын болса, толық болмауы да мүмкін. Жалпылай алғанда көптеген жағдайда жазаны өтеудің салдары пайда болады, оны өтеуден босату азаматтың құқықтық мәртебесін түгелдей орнына келтіре алмайды, сотталған атағының әсері сақталады.
Жоғарыда айтқандай, жазадан босату азаматтың құқықтық жағын өзгертетін заңның ақиқаты, сондықтан тиісті құкықтық және сонымен қатар заң түрінде реттеуді талап етеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жазаның жүйелері деп қылмыстық заңмен бекітілген, салыстырмалы ауырлығы ескеріле отыра, белгілі тәртіппен орналастырылған жаза түрлерінің соттар үшін міндетті және толық тізімі айтылады.
Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топқа бөлінеді. Бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жеке – дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз.
Екінші топқа қосымша жазалар жатады. Қосымша жазалар деп негізгі жазаларға қосылып тағайындалатын, жазаның мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші роль атқаратын жазаларды айтамыз.
Үшінші топқа негізгі де, қосымша да жаз ретінде қолданылатын жазалар жатады.
Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінің жеке – дара жауапкершілік принципін негізгі басшылыққа алады. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері: