Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Сирек заттар

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 37 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Малдардың тұқымын асылдандыру


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ 6
l.l Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарының маңыздылығы 6
1.2 Мал тұқымын жіктеу 10
1.3 Мал тұқымын жерсіндіру 11
1.4 Мал өсіру әдістері 20
II ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ 27
2.1 Малды азықтандыру жолдары 27
2.2 Малдың азығына табиғи адсорбент бентонит қосу 30
III. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ 32
3.1 Малды азықтандыру нормасы 32
3.2 Малдың азығына табиғи адсорбент бентонит қосу 33
ҚОРЫТЫНДЫ 35
Пайданылған әдебиеттер тізімі 37

КІРІСПЕ
Жалпы, халқымыздың өмір бақиғы тіршілік көзі болған мал шаруашылығы Қазақстандағы ауыл шаруашылығының негізгі салаларының бірі болып есептелінеді. Ауыл шаруашылығының бұл саласының бірден-бір ерекшелігі жыл бойы өнім өндіруге бағытталғандығы. Мал шаруашылығы халықтың жылдың төрт мезгілінде етпен, сүтпен және маймен, ал өндірісті – жүнмен, қаракөл елтірісімен, мал терісімен, т.б. қамтамасыз етеді. Сала екі бағытта өркендейді; оның біріншісі жылдам өркендеу – сүт пен етті ірі қара мал, шошқа және құс шаруашылығы, екіншісі жайбарақат қор кендеудегі - жайылым мал шаруашылығы – оған қой, түйе, жылқы және ешкі шаруашылықтары. Сондықтанда, мал шаруашылығын өркендету жолдарын таңдағанда мал өнімдерін өндірудің бағытын ең алдымен есепке алған жөн.

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
l.l Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарының маңыздылығы
Мал тұқымын асылдандыру адам тілегіне сай жақсарту, оның өнімділігін еселеп арттыру – ғылым мен озат тәжірибенің табыстарына сүйенеді. Малдың қай түрі болмасын бірқалыпта тұрмайды; ол азықтандыру, бағып-күту және асылдандыру жұмысын ұйымдастыру дәрежесіне байланысты қашанда өзгеріп отырады. Осыған сәйкес оның түрлі қасиеті мен өнімі де неше алуан құбылады.
Мал тұқымын жақсарту, оның шаруашылық маңызы бар қасиеттерін ілгері дамыту – адам қолында. Асылдандыру жұмысы дұрыс ұйымдастырылған шаруашылықтарда малдың өнімділігі ешқанда төмендемейді, қайта жыл сайын артуда болады.
Малды тиісті дәрежеде іріктеп сұрыптау үшін ол сыннан өтеді, әрбір бас мал есепке алынады, оның түрлі қасиеттері зерттеледі. Мал тұқымын асылдандыру жұмысы өте ауыр және ұзақ жұмыс, кейде оның нәтижесі бірден көзге түсе қоймайды.

1.2 Мал тұқымын жіктеу
Мал тұқымына сіңген адам еңбегінің сандық және сапалық сипатына қарай, оларды үш топқа бөледі;
1. Аборигендік немесе байырғы жергілікті тұқымдар,
2. Заводтық немесе мәдени тұқымдар
3. Өтпелі тұқымдар
1. Аборигендік тұқымдар негізінен табиғи сұрыптаудың әсекрінен қалыптасқан. Олардың өнімдік қасиеттерінің дамуына адам аз араласқан. Аборигендік тұқым малы жан-жақты өнгім бергенмен, олардың ешқайсысы жақсы жетілмеген. Жалпы алғанда оларға тән қасиеттер; ұқсастық, кеш жетілу, төзімділік, дене бітім мықтылығы, жергіліктрі жағдайға бейімділігі. Аборигенндік мал тұқымдарына қазақы жылқы, қазақы қой, қазақы сиыр тұқымдары жатады.

1.3 Мал тұқымын жерсіндіру
Жерсіндіру дегеніміз – мал тұқымдарын жаңа тіршілік ету жағдайына бейімдеу. Жерсіндіру ғылыми негізінде ұйымдастыруда білу қажеттілігі дүние жүзілік және отандық мал тұқымдары қорын ұтымды пайдалану мүмкіндігінен туындайды.
Жаңа мал тұқымын әкеліп нақты аймаққа жерсіндіру адамның белсенді түрде басқаруымен жүргізілуі тиіс.

1.4 Мал өсіру әдістері
Мал өсіру әдістері таңдап алған малдың тұқымдық және түрлік тегін ескере отырып жүргізген жұп таңдау жүйесінің нақты іске асыру жолдарын айтады.
Әр тұқымды оның өзіне тән өзгешелігіне сәйкес пайдалану дұрыс болады. Ол үшін мал өсірудің ғылым мен тәжірибе тапқан түрлі-түрлі жолдары бар. Оның қайсысын қолдану жоғарыда айтылған жағдайларға тығыз байланысты. Қазір ғылымның қол жеткізген деңгейінде барша елдер мойындаған мал өсіру әдістерінің үш түрі бар. Олар:

II ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
2.1 Малды азықтандыру жолдары
Малдың өсіп-жетілуі үшін және сапалы өнім алу оларды азықпен қажетті мөлшерде қамтамасыз ету басты міндет болып табылады. Малдың азығының құнарлығы, құндылығы, дәмділігі малдан алынатын өнімнің сапасына тығыз байланысты. Сондықтан мал шаруашылығын дамыту үшін берік жем-шөп қорын жасау, азықтандыру мәселелерін ғылыми негізде ұйымдастыру қажет.
Мал азығының химиялық құрамы мен қоректілігі. Организмге енген түрлі заттар мен қосындылар ас қорыту ағзаларында белгілі жағдайлар туғызылғанда ғана бойға сіңіп, тіршілік қажеттілігіне пайдаланылады.

2.2 Малдың азығына табиғи адсорбент бентонит қосу
Малдың тұқымын асылдандыру жұмысы ұзақ, ол бірнеше жылдар үзбей еңбектенудің арқасында жететін нәтиже. Сондықтанда малдың жағдайын жақсартатын басқадай жолдарын іздестірдік. Біз өз жұмысымызда малдың азығын жақсарту арқасында оның еттілігін арттыруды мақсат еттік. Соның ішінде табиғи адсорбент цеолит қосудың нәтижесін тексердік. Зерттеу жұмыстарына бір жарым жастағы, салмағы 120 кг бұқаларды алдық. Оларды бір жарым ай бойы бордақыладық. Зерттеу жұмыстары қыстың күні болғандықтан азық ретінде барлығына құрғақ шөппен, жем бердік. Жем булап берілді. Тәжірибелік жұмыстарға 5 бұқа алынды оның екеуінің азығына бентонит қосылды, яғни жеміне 1г/кг тірі салмағы есебінде.

III. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
3.1 Малды азықтандыру нормасы
Мал тұқымын асылдандыру адам тілегіне сай жақсарту, оның өнімділігін еселеп арттыру – ғылым мен озат тәжірибенің табыстарына сүйенеді. Малдың қай түрі болмасын бірқалыпта тұрмайды; ол азықтандыру, бағып-күту және асылдандыру жұмысын ұйымдастыру дәрежесіне байланысты қашанда өзгеріп отырады. Осыған сәйкес оның түрлі қасиеті мен өнімі де неше алуан құбылады.
Мал тұқымын жақсарту, оның шаруашылық маңызы бар қасиеттерін ілгері дамыту – адам қолында. Асылдандыру жұмысы дұрыс ұйымдастырылған шаруашылықтарда малдың өнімділігі ешқанда төмендемейді, қайта жыл сайын артуда болады.
Малды тиісті дәрежеде іріктеп сұрыптау үшін ол сыннан өтеді, әрбір бас мал есепке алынады, оның түрлі қасиеттері зерттеледі. Мал тұқымын асылдандыру жұмысы өте ауыр және ұзақ жұмыс, кейде оның нәтижесі бірден көзге түсе қоймайды. Бұл талмай еңбектің арқасында бірнеше жылдың нәтижесінің өнімі.

3.2 Малдың азығына табиғи адсорбент бентонит қосу
Табиғи қоспа бентонитті қосу малдардың асқорыту жұмысының жақсарып, олардың салмағының артуын көрсетті. Бұл зерттеулер нәтижесі 3 кестеде келтірілген.

3 Кесте
Азықтың құрамына табиғи адсорбент қосу нәтижесіндегі бұқалардың салмақтарының көрсеткіші

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі заманда бірден-бір экономикамыздың өркендеуі халқымыздың хал - ауқатының жоғары болуы. Бұл жағдай ауылшаруашылық жағдайын жақсартпай тұрып мүмкін емес. Яғни ауыл шаруашылығын жоғарғы деңгейге көтеру. Малдың тұқымын асылдандыру. Бұрынғы замандағы жаз жайлау, қыс қыстау дәуірін қайта жаңғырту. Малдың санын көбейту. Жас малдың жаңа жағдайға бейімделуі сақа малға қарағанда жеңіл өтеді, сондықтан асыл тұқымды малдарды түлектерін немесе жасанды ұрықтандыру жолымен көбейту әдістерін қолға алу.
Оңтүстік малының солтүстік аймақтың жағдайларына бейімделуі, солтүстік малының оңтүстік жағдайларына бейімделуіне қарағанда көп жеңіл өтеді, осы жағдайға да аса көңіл бөлу керек.