Сезіктіні ұстаудың процессуалдық тәртібі мен негіздері
Жоспар
Кіріспе 3
1 Сезіктіні ұстаудың мәні және маңызы 7
1.1 Қылмыстық процестегі «сезік» деген ұғымның мәні 7
1.2 Сезіктіні ұстау - мәжбүрлеу шарасы ретінде 11
1.3 Сезіктіні ұстау - тергеу әрекеті ретінде 26
2 Сезіктіні ұстаудың негіздері мен процессуалдық тәртібі 33
2.1 Сезіктіні ұстаудың негіздері 33
2.2 Сезіктіні ұстаудың мотивтері 41
2.3 Сезіктіні ұстаудың процессуалдық тәртібі 50
Қорытынды 55
Қолданылған әдебиеттер 57
Кіріспе
Қазақстан Республикасының нарық экономикасына өтуімен біздің қоғам күрделі мәселелерге тап болды. Соңғы кездердің әлеуметтік-саяси, экономикалық өзгерістері заңдардың түп негізінен өзгертуін қажет етті. Қазақстан Республикасында жүріп жатқан процестер демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің бекітілуі жөніндегі конституциялық ережелердің қамтамасыз етілуіне бағытталған. Ал, мұндай мемлекеттің негізгі құндылықтары болып адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары табылатындығы белгілі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» атты халыққа жолдауында: «Бізге заңдарымыздың жарты кештігіне және тұрлаусыздығына көңіл бөлу қажет. Үйдің ірге тасын қалау жеткіліксіз - оның қабаттары, қабырғалары мен шатыры болуы қажет» - деп көрсетеді.
Басымды міндеттердің ішінде мемлекет Президентімен келесілерді белгілеп көрсетеді:
1 Сезіктіні ұстаудың мәні және маңызы
1.1 Қылмыстық процестегі «сезік» деген ұғымның мәні
Өзімізге мәлім, зерттеу негізінде бірқатар авторлар «сезік» түсінігін қолданады. Осыған сәйкес ғалым - процессуалистер сезіктің мәнін ашуға тырысқан еді. Л.В. Франк бұл мәселені ең алғаш «Кеңес қылмыс процесіндегі сезіктіні ұстау және қамау» деген қызықты әрі тиімді еңбегінде атап, сезікке анықтама береді. Л.В. Франктың пікірінше, «сезік - ол тергеушінің шынайы фактілерге, тәрбиелік - ғылыми ережелермен ой - тұжырымдарға, сондай-ақ қандай да бір деңгейдегі болжаммен осы тұлғаны қылмыс жасады деп әшкерелеуге болатын тексерілмеген деректерге негізделген істің белгілі жағдайы мен белгілі бір тұлғаның арасындағы өзара қатынас, байланыс және сәйкестігі туралы ойы (суждение)».
1.2 Сезіктіні ұстау - мәжбүрлеу шарасы ретінде
Сезіктіні ұстау - дәстүрлі түрде қылмыс жасағаны үшін сезік келтірілген тұлғаға қысқа уақытқа қамауда ұстауды білдіретін қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шарасы ретінде сипатталады.
Заң әдебиеттерінде сезіктіні ұстаудың мәніне қатысты өзге де көзқарастар кездеседі, яғни бүл бас бостандығынан айыру түріндегі қысқа мерзімді процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде де, дәлелдемелерді жинауға бағытталған тергеу әрекеті ретінде де қарастырылады.
Сезіктіні ұстау превентивті сипаттағы процессуалдық шараларға жатады. Осы шаралардың қатарына сезіктіні ұстаудың қылмыстық іс жүргізу шарасына басқа әкімшілік ұстау, қылмыстық іс бойынша мәжбүрлеу шарасы ретінде қамауда ұстау, үкімді орындау процесіндегі ұстау шаралары жатады.
1.3 Сезіктіні ұстау - тергеу әрекеті ретінде
Тергеу әрекеті ретінде сезіктіні ұстау туралы көзқарас, әдетте қылмыстық іс жүргізу заңының қылмыс ізін анықтау және бекіту бойынша кейінге қалдырылатын тергеу әрекеттерінің қатарына жатқызылатындығынан туындайды. Алайда қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген осы әрекеттердің процедураларының анализі олардың елеулі айырмашылықтарын көрсетеді.
Оқиға болған жерді қарау, тінту, алу, куәландыру және жауап алу өзінің заңдық құрамы бойынша дәлелдемелерді жинау үшін бағытталған, ал сезіктіні ұстау қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шарасы ретінде ғана реттелген.
2.2 Сезіктіні ұстаудың мотивтері
ҚР ҚІЖК-нің 139-шы бабының 4-ші баптың мәтінінен ұстау туралы негізді шешім қабылдау үшін заңмен белгіленген жағдайлардың болуы жеткіліксіз, оған қоса мотив қажет екендігі көрініс табады. Сезіктіні ұстау кезінде мотивтің болуын талап ете отырып, заң бұл жағдайда да оның ұғымын түсіндірмейді.
Ал, соның арасында ұстау мотивінің нақты ғылыми негізделген анықтамасының болмауы ғылыми еңбектерде де, сондай-ақ заңда көрініс таппауымен қатар анықтау және алдын ала тергеу органдарының қызметкерлері оны әр түрлі түсінеді және міндетті деп есептемеуі оның мазмұнын дұрыс түсінбеуге алып соқтырады. Сондай-ақ бізбен сұралған тәжірибе қызметкерлерінің 47 пайызы ғана ұстауды жүргізу үшін мотив болу керек деген факт те қауіптендіреді. Хаттамада ұстау мотивтерін көрсету туралы заң талаптары көп жағдайда орындалмайды. Осы мәселе бойынша зерттеу деректері келесідей:
2.3 Сезіктіні ұстаудың процессуалдық тәртібі
Бұл шара кейінге қалдырмайтын тергеу әрекеттеріне жатады, яғни ұстау - шектеу сипаты бойынша қамауға алу түріндегі бұлтартпау жарасы, қылмыс жасады деп сезіктенген тұлғаға қатысты қолданылатын қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шарасы болып табылады. Оның мәні - қылмыс жасады деп сезіктенген тұлғаны оның жеке тұлғасын анықтау мақсатында, жасалған қылмысқа қатыстылығын анықтау мақсатында және оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселесі шешу мақсатында қысқа мерзімді бас бостандығынан айырудан тұрады.
Қорытынды
Сот-тергеу тәжірибесі негізіндегі алдын ала тергеудегі сезіктігің процессуалдық жағдайының теоретикалық және тәжірибелік анализі осы бітіру жұмысының тақырыбы бойынша келесідей тұжырымдар мен теоретикалық ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді: