Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 35 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру мазмұны


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
I БӨЛІМ. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ БЕРУ МАЗМҰНЫ 6
1.1 Экологиялық білім мен тәрбие берудің принциптері мен міндеттері 6
1.2 Экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұнын анықтаушы факторлар 9
1.3 Қоршаған табиғи ортаны зерттеу мен қорғауда қажетті іскерліктер мен дағдылар 15
1.4 Мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие беру 18
1.7 Өзбекстан Республикасындағы экологиялық білім мен тәрбие беру 26
1.8 Қазақстан Республикасындағы экологиялық білім және тәрбие беру 27
ҚОРЫТЫНДЫ 33
ҚОЛДАНҒААН ӘДЕБИЕТТЕР 35

КІРІСПЕ
XXI ғасырға адамзат экологиялық қауіппен еніп отыр, яғни планетаның өмір сүруінің езіне қауіп тиеніп отыр. Сондықтан жастарда экологиялық мәдениетті қалыптастыру өте маңызды, осы жастардың алдына болашақ әлемнің экологиялық қауіпсіздігінің негізін қалау мәселесі қойылып отыр.
Қазір экологиялық білім мен тәрбие беру приоритетті маңызға ие болып отыр. Қазақстан Республикасында үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие берудің біртүтас ұлттық жүйесі жасалуда.

I БӨЛІМ. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ БЕРУ МАЗМҰНЫ
1.1 Экологиялық білім мен тәрбие берудің принциптері мен міндеттері
Қазіргі кезеңдегі қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасындағы қайшылықтар мектеп пен педагогиканың алдына бірқатар жаңа міндеттерді қойып отыр.

1.2 Экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұнын анықтаушы факторлар
Экологиялық білім берудің мазмұны оқушының қоршаған ортамен өзара әсердің құрылымын қарастыруды талап етеді.
Бұл құрылымды сараптау «оқушы - табиғи орта» жүйесінің қызметінің төмендегі нұсқаларын біліп көрсетуге мүмкіндік береді:
1. Оқушы табиғи ортамен тікелей қарым-қатынаста болады. Экологиялық білімнің мазмұнын қалыптастыру тұрғысынан алғанда аталған бірлікті мына сызбанұсқа түрінде көрсетуге болады (сызбанұсқа).

1.3 Қоршаған табиғи ортаны зерттеу мен қорғауда қажетті іскерліктер мен дағдылар
Мектеп оқушыларды табиғатты қалай зерттеу мен қорғауға, оның жағдайын бағалауға, экологиялық білімдерді ездерінің жолдастарының және ересектердің арасында насихаттауға үйретуі тиіс.

1.7 Өзбекстан Республикасындағы экологиялық білім мен тәрбие беру
Қазіргі заманғы педагогикада табиғат қорғау қөзқарасын қалыптастыру күрделі және маңызды міндет болып табылады.
Жоғарыда қойылған міндетті шешу мақсатында Өзбекстан Республикасының халыққа білім беру министрлігі жалпы білім беретін мектеп - лицейлерде, гимназияларда 1993 жылдан бастап жаңа пән «Экология және табиғатты қорғау» енгізілді. Бұл пәнді басқа орта мектептердің барлығына енгізу жоспарланып отыр. Пәннің негізгі мақсатының бірі экологиялық ойлау, табиғатқа жанашырлықпен қарау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды қалыптастыру болып табылады.

1.8 Қазақстан Республикасындағы экологиялық білім және тәрбие беру
Қазақстан Республикасында табиғатқа деген сүйіспеншілік, оның тазалығы, әсемдігі мен байлығын сақтау үшін күрестің ертеден келе жатқан тарихи бастамасы бар. Ол табиғат қорғаудың халықтық дәстүрлерімен басталып, заң жүзінде «Қазақ ССС-індегі қоршаған ортаны қорғау туралы» заңымен (18 маусым, 1991 жыл) бекітілген.
Сенімді табиғат қорғаушыларды дайындау ең алдымен педагогика ғылымы мен халыққа білім беру жүйесінің міндеті болып табылады /11/.

ҚОРЫТЫНДЫ
Экологиялық мәселелердің өзектілігі, болашақ және қазіргі ұрпақтардың өмір сүруіне қажетті қолайлы жағдайларды қамтамасысыз ету мақсатында оларды шешуге деген объективті қажеттілік мектептің алдына оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің жаңа міндеттерін қойып отыр.
Оқушыларда табиғатқа деген жауапкершілік қатынасының процесі оның көпжақты бағалылығы - эстетикалық, танымдық. экономикалық, практикалық меңгеруі негізінде жүзеге асырылады.