Қазақ халқының күй өнері
Жоспар
Кіріспе 3
1. Қазақ халқының күй өнері 5
1.1. Күй-көңілдің кілті 5
1.2 Өмірін күймен өрнектеп 8
2. Әр жүректі тербейді әсем сазы 12
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер 31
Кіріспе
Майысып қос ішегіңе күй өткенде,
Ой туар жүрек түгіл, сүйектен де.
Домбырам қайран менің, қайран менің,
Ризамын сені маған сый еткенге.
Ж.Нәжімеденов
Қазақтың сайын даласы қай кезде де өнерге кенде болмаған. Ұлан ғайыр аймақтың, әр өңірдің өзіндік ерекшелігі, белес-бедері, үні, әуезі, бояуы, екпіні бар. Әрине, өнер ауқымы кең, әрі сан- салалы екендігі де белгілі. Оның ішінде күй отаны атанған Атырау өлкесінің жөні бір басқа. Өйткені, күйші дәстүрі, кәсіби күй өнері дейсіз бе, осы іздегеніңіз табылады. Бұл жалаң сөз емес, жасалған зерттеу, іздеу, жинақтау-соның бір дәлелі. Өнер жалқы болған ба, ән, жыр, терме, күйшілік-бәрі бір-бірімен астасып жатқаны тағы бар.
Зерттеп, зерделей білсек, алтын қазына алдан шығады.
1. Қазақ халқының күй өнері
1.1. Күй-көңілдің кілті
Қазақ музыкасының тарихы ғылым ретінде қалыптасуы 1920 жылдардан басталады. Бұған осы уақытқа дейін қазақ музыкасы жөнінде этнографтар мен саяхатшылар жазып қалдырған еңбектер үлкен септігін тигізіп бағыт берді. Бұлар В.Карлсон, Н.Савигев, В.Затаевич сынды тағы басқа көптеген өнер жанашырлары. Ал, қазақ өнерінің кәсіби бағытқа бет бұрып, тыңнан жол салуында, көрегендік биігінен көрінуінде әр уақыт академик А.Жұбанов тұлғасы тұрады. Көненің көзі, шежірені тереңнен қозғайтын абыздар бар кезде олармен тілдесіп, дидарласып үлгерген- А.Жұбанов.
1.2 Өмірін күймен өрнектеп
Атағы бар, даңқы бар өңірге аян,
Ойлануда бүгінде небір ноян.
Өзгертуге болады өзіңді де ,
Өзгертуге келмейді өмірбаян.
( Ж.Әбдірашов )
Бүгін де елінің мақтанышына айналған Қазақстанның халық әртісі, профессор, Қазақстанның күй өнерінің жұлдызына айналған Әзидолла Есқалиев 1934 жылы Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Дыңқызыл ауылында дүниеге келген .
Бір қарағанда, айтулы өнерпаздың күй атасы- Құрманғазы жаралған аймақта тууы да тегін емес сияқты. Алайда, Әзидолланың кіндік қаны тамған топырағынан да еш айналып немесе аттап өте алмайтын ең ғазиз киелі орын- Атырау өңірі. Өйткені сұңғыла күйшінің өмірі осы атырапта өтті.
2. Әр жүректі тербейді әсем сазы
Өнер махаббат, махаббат өмір!
Осы екі қасиетті барша өмірінде бойтұмардай қастерлей білді. Күймен жазылған халқымыздың тарихын насихаттаудағы ұлан ғайыр еңбегі еш кеткен жоқ. Бұл үлкен өнер жолында талмай, талаптанған өлшеусіз еңбегінің, әрі туған ел алдындағы перзенттік борышын атмен өткергендігі ол туралы, оның шығармашылығы жайлы мерзімді баспасөз беттерінде көптеген мақалалар, сыр-сұхбаттар жарияланған болатын.Күйші сазгер туралы, оның өнердегі өшпес сөздері жайлы жүрек жарды пікірлерін білдірген-ді. Солардың біразын айта кетуді жөн санадым. Бұл әңгімені Қазақстанның мәдениет қайраткері, сыңғырлаған қоңырау дауысты әнші Нариман Үлкенбаевтың Алматы «Білім» баспасынан 2007 жылы шыққан «Жанымның жақсы көрген адамдары» кітабында жазған.
Консерваторияда оқып жүрген кезінде Әзидолла өнер ордасының үлгі-өнегесін бойына сіңіріп, білімін жетілдіріп, орындаушылық шеберлігін шыңдай түсумен бірге, күйшілік өнерінің қыры мен сыры жалықпай білуге құмартқан қабілетті студенттердің сапында болды. Әсіресе, оқумен қатар совет композиторлары мен батыс классиктерінің шығармаларын шебер орындайтын Құрманғазы атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің құрамында болып жұмыс істеу, мұндағы өнер саңлақтарының пікірлерін тыңдау жас жігіттің жігерін тасытып, машықтығын арыттырды.
Әзидолла 1958ж консерваторияны ойдағыдай бітіргеннен кейін осында оқытушы болып жұмысқа орналасты. Нағыз еңбек енді басталғанын сезген ол бір кездегі өзі сияқты өнер қуған жастарға білгенін үйретіп, эстетикалық тәрбие беруден жалықпады, Үздіксіз еңбек ету бұл салада да өз жемісін берді. Құрманғазы атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің солисі, өнер институтының оқытушысы Бақыт Қарабалина, Шымкенттегі педагокикалық институттың музыка кафедрасының меңгерушісі Өтеген Ғұбайдулин сияқты алаш шәкірттерін тәрбиелеп ұядан ұшырды.
Қорытынды
Қазақ халқы өнерінің маңызды саласының бірі- ғасырлар қойнауынан жеткен күйлеріміз, небір қилы заманның шежіресі болып, тар жол, тайғақ кешуде де дамыды, өрісін тапты.
Асыл мұрамыздың көздің қарашығындай сақталып, жүректен жүрекке, құлақтан құлаққа жеткізілуінің нәтижесінде бізге белгілі күй құдіреттері Махамбет, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Абыл, Есір, Мәмен, Динаның мұралары иесіз емес.
Санамен саралап, ой електен өткізгенде күй отаны- Атырауда дүние есігін күймен ашқан ұрпақтың бар екендігі қуантады. Осы өнер өлкесінен түлеп ұшқан ақберен күйші Әзидолла туралы әр кез мақтанышпен айта аламын.
Өнерді пір тұтқан бабалардан, бағзы заманнан жеткен халық сыйын кейінгі ұрпаққа аманат ретінде насихаттап, үйретіп жүрген өнер ортасының бекзаттығы, ынтымағы, адалдығы ұлт өнерінің өркендеуі үшін де ауадай қажет емес пе?
Күнгей мен көлеңкеңнің қадірін біліп, тастүйіп бекініп, қазақы қара домбыраның басына күн түспеуін тілеп, мың өліп, мың тірілген қазағымның өзіндей, көзіндей қасиетті мүлікті қалың ел, қайран жердің жоқшысындай, бейбітшілік елшісіндей сезер еді. Осынау бүтін бір ұрпақ басына түскен қиындықты ерте біліп, көзі ашылған сайын, санасындағы ел үшін тағылар шырақта жарқырап, алаулай жанып, суреткерлік пайым-түсінігі де тереңдеп, өзін бейне Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбеттей Дина сынды қас өнерпаздардың тікелей жалғасып, сол күй арыстарының артында қалған мұрагері ретінде таныстырып қоюмен шектелмесе керек. Бабалар өнерін бүгінгі, кейінгі ұрпаққа сауатты музыка тілімен жеткізу парыз. Дәстүрлі орындаушылар болмаса да күйді бірінен-бірі құйма құлақтың , зейінділікпен үйреніп біздің ұрпаққа аманат ретінде табыстады. Әлемдік музыкалық біліммен сусындап, сиқыр саз тілін қағазға түсірер қасиет тапқан соң соны кенеуі кеткен халық мұрасын бүтіндеу үшін пайдаланып, асылды жасықтан жамап-жасқап қайта жаңғыртып , жұрт кәдесіне жарату, соған ұйтқы болу пейіл. Күй бабасы -
- Құрманғазының шәкірті Дина кейінгі өзінің көзін көріп өнерін мұра ретінде қабылдаған толқынға ұлттық күй өнерінің тамаша дәстүрін тарту етті. Құрманғазы бабамыз «Домбыраны қолыңа алғанда, оны тартпас бұрын ең алдымен құлақ күйін келтіріп, әбден баптап ал. Міне, осындай дайындықтан кейін ғана домбыра тартуға кіріс!» деп өсиет айтқан.
Бұл өнер қағидасы – Әзидолла үшін де алтын заңға айналғалы қашан.
Қазақ ән-күйінің шын жанашыры, өзі де кезінде «ұлтшыл» деп қуғын көрген абзал аға, ғалым А.Жұбанов бастаған көреген азаматтар іргесін қалаған Құрманғазы атындағы ұлттық мемлекеттік консерватория ұжымы, жер- жерден филормониялар, музыканың оқу орындары ұлттық ән-күй өнерінің шаңырағы ортаға түспеу үшін барын салды. Халқымыздың тәрбие, дәстүрдің алтын діңгегі, өнер мектебі ретінде хал-қадірінше жұмыс жасады. Аға ұрпақтың өз замандастарының өнер қазынасына деген қамқорлығы, әділдігі қала берді, келешек үшін қызмет жасаған кемеңгерлігі арқасында ғана кірді, кірпияз халық ән-жыры, күй- думаны, қазақы дастарханның жиылмайтынындай, базарлы шағын сақтап қалды. Туған еліне етене танымал, қазақтың өзіндей дархан, өзіндей жайсаң талай әртістер, аздаған еңбек ақы алып жүріп, ел кезді, жер аралады. Қарапайым еңбекшілер арасында жиі болып, ел дәулеті үшін маңдай терлерін сығып, еңбек атқарып жатқан шопандар мен дихандар, жұмысшылар ортасында өнер көрсетті. Халық тоқтығы үшін бейнет шеккен ата кәсіп иелерінің ризашылығын, алғысын алды.
...Күй сазы. Құлаққа күмбірлеп күй келеді. Қазақ күйі. Сылқым сазды, мың мақамды, нақышты, өрнекті күй. Қоңыр күйді бебеулеткен, бозінгендей боздатып, жас құлынша қоңырау үнмен кісінеткен, мың сан жүректерде бірде ақ нөсер жаңбыр, айдыны шалқар көл тудырған, асқар таудың мұзарт шыңдарына, сусынына құмның құпия шағылдарына тәнті еткен кім деп таңқалар ма екенсіз? Ол-өзіңіздің, өзіміздің қазақ күйінің Әзидолласы екені бүгінде дүйім елге мәшhүр емес пе? Қарапайым домбырашы дүние жүзіне мойындатқан, асыл өнер арқылы жер жаhанға қазақ елін танытқан – Әзидолла күйші .
Өнерді сүйіп қадірлегені, халқын сүйгені, халқының күй ғұмыр бір туар азаматтарына жанашырлығы, қолданғаны елімізге аян келтірмей тарихқа енген өткен мен бүгінгі күнді болашаққа жалғағаны.
Қаhарлы хан қорғасын құйып үнін өшірген, дегенмен, небір қиямет-қайымды көрсе де домбыра сөйлеп келеді. Сөйлей береді, сөйлеп барады. Өйткені оның тамсанып, табылар құйма-құлақ тыңдарманы, тәу етіп пір тұтар нар тұлғалар бар.
Киелі күй қасиетті табиғатын таққа көтереді.
Міне, жерлес күйшіміз Ә.Есқалиев туралы азды - көпті ойларым осындай. Мен ғылыми жоба жұмысты жазу барысында алынған деректердің анық-қанығына жету мақсатында біраз баспасөз, жинақ материалдарын қарап, салыстырдым .
Сонымен Ә.Есқалиев Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, профессор күйші ретінде халық зердесінде есімі қалды.