Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан тарихы

Тип: Реферат

Объем: 13 стр.

Полный просмотр работы

Әбілқайыр хан (1693 - 1748)

Кіші жүз ханы. Шыңғысханның он бесінші ұрпағы. 1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты батыр Бөгенбай тағайындалды. XVIII ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліскке ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді.

Мұражайдың тарихи деректерінде, түрлі құжаттарда өкініш бар, арман бар, қапыда кеткен мұң-шер бар. Қалың халыққа кім тұтқа болып көсегесін көгерткен. Өйткені, сақ болатын көрші бар. Жат болатын көршіні қайтесің. Тақ, бақ болатын көршінің қимылын түсінесің бе? Кімнің ішіне кім кіріп шыққан. Болашақты көрегендікпен қалай болжай алады. Заманы қалмақтардың, ойраттардың үсті-үстіне соғысы қажытқан ауыр кезең. Тірегі, жасырын қоздырушысы Ресей, бірінікі Қытай екенін, батырлар да, билер де, хан нөкерлері де түсінеді. Қыжыл, кек, қанға қан, Аллаһ берген жанды Аллаһ аладыны ұмытып, кісіні кісі өлтіру ауыр күнәні кім түсініпті. Көзқамандарға байтақ жер керек, байлық керек, көздің құрты тегіндікпен өлмейді. Әбілқайыр амалсыз татулық саясатынан ауытқысы келмеді.

Әне, ақ бұлт арасынан атқа қонған ерлер елін қорғауға қасық қаны қалғанша арпалыспақ, ақ бұлт, жаугершілікке төзбеу, ыза, кектің белгісі ме? Жалғыз-жарымның кегі емес, тұтас ұлт кегі, өзек өртеген намысы, өрт жалында шыңғырып, жауыздықтан ажал құшқан қорғансыздардың мұң-шері тірі азаматын атқа қондырып, жер басып жүрсем қанға қанға, кегімді қайтарам, деп ант бергізді. Мына биік тұғырдағы Әбілқайырға жылдар өтер, ғасырлар алмасар тас мүсін боп халқымның алдында тұрармын деуді қаперіне де алмады. Мақсаты шыбын жанын шүберекке түйіп халқын, жерін қорғау ғана еді тас мүсін тірілердің ойлап тапқаны, ұрпаққа ерлікті өнегелеудің саясаты онымен Аллаһтың құзырына өткен аруақтың шаруасы жоқ.