Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Халықаралық экономика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 9 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Халықаралық экономика


Жоспар
1 Халықаралық экономика 3
1.1 Халықаралық экономика нарықтық экономиканың жалпы теориясының құрамдас бөлігі 3
1.2 Халықаралық экономиканың қалыптасу тарихы 4
1.3 Халықаралық экономикадағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс 7
1.4 Халықаралық сауда 7
Әдебиеттер 9

1 Халықаралық экономика
1.1 Халықаралық экономика нарықтық экономиканың жалпы теориясының құрамдас бөлігі
Қазіргі әлемде тауарлардың барлық түрлерін өндіру, өндіріс факторларының барлық типтерін құру және жетілдіру сияқты бірде елдің қолынан келмейді. Халықаралық экономика барлық елдер мүддесінде осы мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін механизм болып табылады.
Халықаралық экономиканың белгілері болып табылады:
1) халықаралық сауда негізінде тауарлардың халықаралық айырбасының дамыған сферасы;
2) өндіріс факторларының халықаралық қозғалысының дамыған сферасы;

1.2 Халықаралық экономиканың қалыптасу тарихы
Қандай да пәнді зерттеуге кіріскенде, оның объектісі мен мәнін анықтау қажет. Халықаралық экономика да осы қағидаға бағынады. Бұл ғылымның объектісі – дүниежүзілік шаруашылық, ал пәні – мемлекет шекарасынан сырттағы экономикалық қатынастар болып табылады. Өйткені қазіргі тарихи жағдайларда, әлеуметтік өмірдің негізгі ұйымдық түрі – мемлекет болып табылады.

1.3 Халықаралық экономикадағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс
Халықаралық экономикадағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс тауарларға деген жалпыланған әлемдік бағаға тәуелді ұлттық және халықаралық масштабта барлық тауарлардың жиынтық өндірісінің көлемдерін сипаттайтын, абстракты шамалар ретінде кең қолданылады.
Жиынтық сұраныс (aggregate demand, AD) —елдің нақты сатып алушылық қабілетінің көрсеткіші. Жиынтық сұраныс ел ішінен және сырттан қойылуы мүмкін: ел ішінде – тұтынушылар және жергілікті инвесторлар жағынан, ал сырттан – шетелдіктер жағынан.

1.4 Халықаралық сауда
Әлем нарығы (world market) — халықаралық еңбек бөлінісіне және өндірістің басқада факторларына негізделген, елдер арасындағы тұрақты тауарлы-ақша қатынастарының сферасы.
Әлемдік нарық келесі негізгі белгілермен сипатталады:
Ол өз өнімін өткізу мақсатында ұлттық шектен шыққан, тауарлы өндіріс категориясы;
Ол сыртқы және ішкі сұраныс және ұсыныс әсеріндегі тауарлардың мемлекет аралық қозғалысында көрініс табады.