Әлеуметтану ғылым ретінде
Жоспар
1 Әлеуметтану ғылым ретінде 3
1.1 Әлеуметтанудың пәні мен объектісі 3
1.2 Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары 4
1.3 Қоғамның ұйымшылдық деңгейі 5
1.4 Әлеуметтік ғылымның деңгейлері 5
1.5 Әлеуметтану функциялары 7
1.6 Америка және ағылшын оқулықтарындағы әлеуметтану пәні 9
Әдебиеттер 10
1 Әлеуметтану ғылым ретінде
Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді.
1.1 Әлеуметтанудың пәні мен объектісі
Әр ғылым басқа ғылымдардан өзінің зерттеу пәнімен ажыратылады. Барлық ғылымдар түрлі құбылыстар мен үрдістердің объективті шындығын зерттейді. Бірақ әр ғылымның зерттеу нысанына, біріншіден, объективті шындықтың белгілі жағы мен саласы, екіншіден, тек берілген ғылымға ғана тән арнайы даму зандылықтары мен заңдары, үшіншіден, осы заңдар мен заңдылықтардың әрекет механизімдері мен айқындалуының ерекше формалары жатады. Сондықтан, ғылымның объектісі мен пәні ажыратылады: объектісіне зерттеу үрдісінің бағыты, ал пәніне зерттеу объектісін құрайтын, байланыстар мен қатынастар жатады. Әлеуметтанудың объектісіне қазіргі қоғам жатқызылады. Тек жай қоғам емес, таным үрдісі бағытталған әлеуметтік шындық саласы: әлеуметтік институттар, әлеуметтік қатынастар мен үрдістер, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қоғам , әлеуметтік роль , әлеуметтік бақылау және т.б. жатады.
1.2 Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары
Әлеуметтік қатынастарды зерттеу негізіне байланысқа түскен объективті қалыптасқан әлеуметтік байланыстар мен фактілер құрылымын зерттеу жатады. Қоғамда шексіз көп әртүрлі әлеуметтік жүйелер бар. Осындай байланыстардың елеулі бөлігі уақытша және кезекті сипатқа ие болады. Әлеуметтанудың ғылым ретінде ерекшелігінің мәні, әлеуметтік қатынастар және байланыстар әлеуметтік заңдар мен зандылықтар деңгейінде зерттеледі.
1.3 Қоғамның ұйымшылдық деңгейі
Қоғам – бұл деңгей бойынша ұйымдастырылған жүйе. Олардың өзара қатынас спецификасын ашатын және деңгейлерін тіркейтін, әлеуметтану пәнінің маңызды аспектілерінің бірі болып саналады. Әлеуметтануда қоғамның құрылысын социеталды деңгей деп атайды.
1.4 Әлеуметтік ғылымның деңгейлері
Әлеуметтік ғылым дегеніміз не және оның деңгейі қандай? деген сұрақтың жауабы әлеуметтану пәнін түсіну мен оны зерттеу ерекшелігінен айқындалады. Егер әлеуметтануды – әлеуметтік қауымдар, олардың арасындағы әлеуметтік қатынастар, әрекеті мен бұқаралық тәртібі жөнінде ғылым деп саналса, онда әлеуметтік білім әлеуметтік қауымдастықтар мен олардың қалыптасу мен даму механизмнің білімі ретінде белгіленеді. Осы мәселелерді шешу көбінесе жалпы ғылыми және айрықша әлеуметтік әдістер арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтану ғылымының 3 деңгейі ажыратылады:
1.5 Әлеуметтану функциялары
Әлеуметтану жеке білім саласы ретінде келесі негізгі қызметтерді орындайды:
1) теоретико-танымдық функциясы, әлеуметтік дамудың заңдылықтарымен, әртүрлі әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің өзгеру тенденцияларымен, зерттеулермен байланысты. Бұл қағида қазіргі уақыттың көкейтесті мәселелеріне ғылыми жауап беріп, жетілдіруге жол ұсынады;
2) әдістемелік, әлеуметтанудың концептуальды аппаратын құрастыруға, жаңа заңдылықтарды мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді;
3) басқару функциясы, әлеуметтанумен ұсынылған шешімдер мен нұсқаулар қоғам, аумақ, кәсіпорын, ұйым аумағында шешім қабылдауға негіз болуына байланысты;
1.6 Америка және ағылшын оқулықтарындағы әлеуметтану пәні
Әр елдің әлеуметтанушыларымен сирек бір жерден шығатын пікір айтылады. Соңғы жылдары АҚШ пен Англияда басылып шығарылған әлеуметтану оқулықтарындағы өзгешеліктерді мысалға келтірейік.
Әдебиеттер
1 Аитов Н.А. Социология труда. – Алматы, 1997.- С. 192.
2 Вебер М. Избранные произведения. – М., 1990. – С. 25.
3 Волков Ю.Г., Нечипуренко В.Н., Попов А.В., Самыгин С.И. Социология: курс лекций: учебное пособие. – Ростов-на-Дону. – 1999. – С. 97.