Қазақстан Республикасында жүргізілетін салық есебі
Мазмұны
Кіріспе 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН САЛЫҚ ЕСЕБІНІҢ МӘНІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ 5
1.1 Салық жүйесі, оның міндеттері мен құрылымы 5
1.2 Бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша үнемдеу 11
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ САЛЫҚТАР БОЙЫНША БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІ 14
2.1 Бюджетке төленуге тиіс салық түрлері 14
2.2 Салық кезеңі және салық декларациясы 26
3 АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУМЕН САЛЫҚ
ЖҮЙЕСІН ӘКІМШІЛІКТЕНДІРУ 36
3.1 Бюджетпен салық есебін жасауда Соно бағдарламасы мен салық төлеушінің кабинетінің мүмкіндіктері 36
3.2 1 С:Бухгалтерия бағдарламасы 41
Қорытынды 47
Пайдаланылған әдебиеттер 49
Қосымша 50
Кіріспе
Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуінің және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық – экономикалық құрылысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырады.
Салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату құқығы Қазақстан Республикасының заң органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқық тек қана Салық Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.
3100 «Салық бойынша міндеттемелер» кіші бөлімі ұйымның салық төлеу жөніндегі міндеттемелерін есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3110 – «Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы», мұнда төлеуге жататын корпорациялық табыс салығы есепке алынады;
3120 – «Жеке табыс салығы», мұнда жеке табыс салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3130 – «Қосылған құн салығы», мұнда қосылған құн салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар есепке алынады;
3140 – «Акциздер», мұнда акциздерді есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3150 – «Әлеуметтік салық», мұнда әлеуметтік салықты есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3160 – «Жер салығы», мұнда жер салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3170 – «Көлік құралдары салығы», мұнда көлік құралдарына салық есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3180 – «Мүлік салығы», мұнда мүлікке салық есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3190 – «Өзге салықтар», мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге салықтарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады.
Салық төлеуші, салық міндеттемесін орындау барысында, салық салынатын объектісін, салық базасын, салық мөлшерлемесін, салық кезеңін білуге міндетті болады. Бұл кезде: салық салынатын объектісі және салық салумен байланысты объектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егер де олар бар болса, онда салық төлеушінің міндеттемесі де пайда болады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН САЛЫҚ ЕСЕБІНІҢ МӘНІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
1.1 Салық жүйесі, оның міндеттері мен құрылымы
Салықтар дегеніміз мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып табылады.
Салықтар - шаруашылық жүргізуші субъектілердің жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға туындайтын қаржылық қатынастарды көзі экономикалық категория.
Салықтардың экономикалық мәні мынада:
- біріншіден, салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді;
- екіншіден, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
1.2 Бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша үнемдеу
Салық заңы кәсіпкерлік қызметтен түсетін шегерім залалдары келешекте салық кезеңдерінің салық салынатын табысы есебін өтеу үшін белгілі мерзімге есептелініп ауыстырылады.
Салық міндеттемелері (талаптар) есепті күнгі салық мөлшерлемесін қолдану арқылы салық органдарына төленетін сома бағалануы қажет.
Кейінге қалдырылған салық талаптары (міндеттемелер) талаптарды өткізіп, ал міндеттемелерді ісінің кезеңдерде қолданып алатын салық мөлшерлемесін пайдаланумен байалануы қажет. Талаптар да, міндеттемелер де дискотталмауы қажет.
Кейнге қалдырылған салық талаптары мен міндеттемелерінің баланстық құн уақыт айырмасына сәйкес өлшеммен жүргізілмесе де өзгеруі мүмкін. Бұл кейінге қалдырылған салық активтерін қалпына келтіру қайта бағалау салығының мөлшерлемесінің өзгеруімен немесе оның орнын толтыру үшін болжанатын әдісінің өзгеруінің нәтижесінде болуы мүмкін.
Төлеуге тиісті салық әдісінен міндеттеме әдісіне ауысу кезінде қызмет басынан бастап барлық уақыт айырмаларын қайта есептеу және мерзімі өткен салықтарды көрсету қажет.
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ САЛЫҚТАР БОЙЫНША БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІ
2.1 Бюджетке төленуге тиіс салық түрлері
Корпорациялық табыс салығының объектісі жылдық жиынтық табыс пен белгіленген шегерімдер арасындағы айырма ретінде есептелінген салық салынатын табыс болып табылады.
Корпорациялық табыс салығын төлеушілер Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен мемлекеттік мекемелерден басқа Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын бейрезидент заңды тұлғалар.
Банктің жылдық жиынтық табысы (ЖЖТ) Кодекстің 122-бабына сәйкес жүргізілетін түзетулер есебімен Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерден алынуға тиіс табыстардан тұрады.
ЖЖТ-қа келесі табыс түрлері кіреді:
2.2 Салық кезеңі және салық декларациясы
110.00 нысандағы корпорациялык табыс салығы бойынша Дек-ларация занды түлғаның кэсіпкерлік кызметін жүзеге асыру нәтижесінде алған табыстары жайында акпараттарды үсынуы үшін арналған. Декларацияда алынған табыстар, жүргізілген шегерімдер, шеккен шығындар және салык салу мақсатында берілген жеңіл-діктер бойынша есепке алулар көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының салык заңына сәйкес корпорация-лык табыс салығы бойынша декларацияны есепті салык кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді. Заңды түлғаның басқарушысы және Бас бухгалтерінің колы қойылады. 110.00 нысандағы аудиторды күрастыру бойьшша жүмысқа шақыру кезінде оның колы қойылып, салык төлеуші ретінде тіркеу нөмірі, аудитор куалігінің нөмірі көрсетіліп, мөр койылады.
Декларация салық органына сальщ төлеуші заңды тұлғаның салықтық тіркеу орны бойынша келу тәртібімен немесе хабар-ламасы бар, сонымен қатар электронды түрде ұсынылады.
Декларацияда көрініс тапқандар есепке алу құжаттамасында куәләндірілуі кажет.
3 АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУМЕН САЛЫҚ
ЖҮЙЕСІН ӘКІМШІЛІКТЕНДІРУ
3.1 Бюджетпен салық есебін жасауда Соно бағдарламасы мен салық төлеушінің кабинетінің мүмкіндіктері
«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемеңдікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылдаған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қантардың 1-інен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар еңгізілді.
3.2 1 С:Бухгалтерия бағдарламасы
«Қысқа мерзімді міндеттемелер» 3 бөлімінің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйым міндеттемелерін есепке алуға арналған.
«Қысқа мерзімді міндеттемелер» 3 бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
3000 – «Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер»;
3100 – «Салықтар бойынша міндеттемелер»;
3200 – «Басқа да міндетті және еркін төлемдер бойынша міндеттемелер»;
3300 – «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек»;
3400 – «Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері»;
3500 – «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер».
Сурет №1 Меню → Зарплата → Налоги → Расчет ИПН, ОПВ и удержаний (Жеке табыс салығы мен Міндетті зейнетақы төлемі).
Қорытынды
Қорыта келе, Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді білгілейтін, Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды құжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылған (бөлінген) қаражаттарды айтамыз.
Салық базасы деп құқықтық, физикалық базасын айтады және де салық салу объектісіне басқа да сипаттамасы бойынша салық салуға жатуы мүмкін. Салық базасының негізінде салық сомасы және баска да төлеулердің мөлшері анықталады. Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне есептелген салық деңгейі болып табылады. Салық мөлшерлемесі пайыздық немесе абсолюттік сомасы бойынша салық базасының өлшем бірлігіне қарап белгіленеді.
Салық кезеңі — бұл уақыт кезеңі, әрбір салық түріне және Салық кодексінің басқа да міндетгі төлемдеріне қолайлы етіп белгіленеді, сол кезең біткеннен кейін салық базасы анықталынып бюджетке төленуге жататын салық пен басқа да міндетті төлемдері есептелінеді. Қазақстан Республикасындағы салық заңы — мүліктің кірістелген және тауарды сату мақсатында жөнелтілген, қызметтің көрсетілген, жұмыстың атқарылған кезеңімен есептелген шығысы мен төленген табысының кезеңіне қарамастан, салықтық есептің әдісіне орап есептеу әдісі бойынша құрылады. Кәсіпорынның бюджетпен есеп айырысу операциялары 3200 «Басқа міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер» кіші бөлімі, салықты алып тастағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеуге тиісті міндетті және ерікті төлемдерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3210 – «Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер», мұнда әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3220 – «Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер», мұнда зейнетақы аударымдарын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3230 – «Басқа міндетті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер», мұнда басқа міндетті төлемдер, мысалы алымдар, мемлекеттік баждар, төлемдер бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
Экономикалық белсенділікті ынталандыру жөніндегі шаралар шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға, оның ішінде әкімшілік кедергілерді одан әрі азайтуға бағытталатын болады. Отандық кәсіпорындарды қолдау мақсатында оларға мемлекеттік органдардың, мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың сатып алуларына кең қол жетімділік берілетін болады.
Жылжымайтын мүлік нарығын тұрақтандыру үшін Үкімет 2009 жылы үлестік құрылысқа қатысушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысты жалғастырады және арнайы ипотекалық кредит беру бағдарламасын іске асыруға кіріседі.
2009 жылы Үкімет қызметіндегі негізгі басымдық – жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау болады. Үкімет жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өндіріс көлемінің азаюы нәтижесінде уақытша босаған қызметкерлерді ірі кәсіпорындармен ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандумдар шеңберінде жұмыспен қамту және босатылатын қызметкерлерді кәсіби даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.
Жұмыс орындарын құру, оның ішінде қоғамдық жұмыстар, инфрақұрылымдық және әлеуметтік объектілер салу, заңсыз еңбек көші-қонын бақылауды қатаңдату есебінен қосымша ауқымды шаралар кешені көзделеді.
Барлық әлеуметтік міндеттемелер, оның ішінде Мемлекет басшысының 2009 – 2011 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік төлемдерді, зейнетақыларды және бюджет саласының қызметкерлеріне жалақыны ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде толық көлемде әрі уақтылы қаржыландырылады.