Коммерциялық банктердің активті және пассивті операциялары
Жоспар
Кіріспе 3
1 Негізгі бөлім 4
1.1 Коммерциялық банктің активті және пассивті операцияларын жүргізу 4
1.1.1 Коммерциялық банктің активті операциялары 7
1.1.2 Коммерциялық банктің пассивті операциялары 9
1.1.3 Коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларының экономикалық маңызы және мәні 10
1.2 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты 13
1.3 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар 13
1.4 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар 14
1.4.1 Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар 15
1.4.2 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар 16
1.4.3 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар 17
1.4.5 Математикалық жабдықтау 19
1.5 Концептуалды сызба 20
2 Мәселенің қойылымы 23
2.1 Кіріс ақпараттары 24
2.2 Шығыс ақпараттары 24
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер 27
Кіріспе
Жалпы рыноктық қатынастарда шаруашылықтың тиімді ұйымдастырылуы мен қызмет етуі олардың қаржылық жағдайына, несиелер алу жолдарына байланысты болады. Сонымен қатар рыноктық экономикада экономиканы реттеуде және тұрақты дамуын қамтамасыз етуінде жүргізілетін тікелей және жанама экономикалық саясаттар сол елдің банк жүйесі қызметтері мен оның атқарып отырған саясаттары арқылы іске асады. Елдің ақша-несие саясатының бағыттарын, элементтерін және экономиканы тиімді дамыту, инфляция деңгейін төмендету және оның тұрақты деңгейін сақтауды іске асыратын Ұлттық банктің өзі бұл қызметтерді экономикадағы екінші деңгейлі коммерциялық банктермен бірлесе отырып атқарады.
Коммерциялық банктер сонымен қатар экономиканың шаруашылық салалары, халық пен Үкіметтің экономикалық шаралары, Ұлттық банк саясаттары арасында қаржы делдалы қызметін атқарады. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарын экономикалық шаруашылықта сол ақшаға сұраныс туып отырған салаларды несиелеуді, әр түрлі делдалдық операцияларды жүзеге асыруға, елдің қаржы саласының толық қанды дамуына, отандық инвестицияның өсуіне, халықтың экономикалық қызметті еркін жүргізуіне, жалпы бір сөзбен айтқанда нарықтық экономика жүйесінің бір негізгі тармағы болып табылады.
1 Негізгі бөлім
1.1 Коммерциялық банктің активті және пассивті операцияларын жүргізу
Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінен басқасының бәрі екінші дәрежелі банктер болып есептеледі. Олардың қызметтерінің заңды негізі Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан №2443, заңдық күші бар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк кызметтері туралы» жарлығы. Қазақстан Республикасында бұл банктер ашық және жабық акционерлік қоғам болып қалыптасты.
Аталмыш заңға сәйкес, Қазақстандағы екінші дәрежелі банктер Занды тұлға болып табылады. Олардың бәрі меншіктігіне қарамастан коммерциялық жұмыспен шұғылданады. Сөйтіп, олардың басты мақсаты — пайда табу.
Екінші дәрежелі банктерге заңды түрде, басқа Занды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларды өз атынан, өз қаражатына, қайтарымдылық мерзімділік және төлемділік жағдайларда орналастыру және де клиенттердің тапсыруы мен есеп айырысу, таға басқа да операцияларды жүргізуге құқық берілген.
1.1.1 Коммерциялық банктің активті операциялары
Банктің активті операциялары. Банктің активтік операциялары оның операцияларының маңызды белігін құрайды.
Банктің активі операциясы бұл банктердің кіpіc табуы мен өтімділікті көтеру мақсатында ресурстарды орналастыру операциясы.
Банктің активті операциялары негізгі кіpіc көзін құрайтын операция болып табылады.
Бұл оперцияға нақты ақша және кассалық қызмет операциясы, есеп қарыз операциясын, бағалы қағаздармен жүргізетін операциялар, активті депозитгер мен банкаралық несиелік және депозитік операцияларды жатқызуға болады.
Кассалық операциялар нақты ақша негізінде жүзеге асырылады. Бұл кезде банк банктік шоттары бар клиенттерден нақты ақша қабылдайды және нақты ақша түрінде әр түрлі аударулар жасайды, төлемдер жүргізіледі (Жалақы, жол сапар шығындары, материалдық көмек, несие немесе қарыз басқа да қызметтік шығындарға берілетін қарыздар).
1.1.2 Коммерциялық банктің пассивті операциялары
Пассивтік операциялар. Бұл операциялардың басты мақсаты, банктің ресурстарын қалыптастыру және оны ұлғайту. Сондықтан, бұл операциялардың банктің өзінің, несиелік мекеме ретінде жұмыс жасауы үшін төтенше маңызы бар. Пассивтік операциялардың қатарына мыналар жатады:
1.1.3 Коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларының экономикалық маңызы және мәні
Коммерциялық банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса , ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды. Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметінің қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
1.2 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты
Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты бағалы қағаздарды сатуды талдаудың ақпараттық жүйесін құру, акциямен жүргізілетін операциялар жүйесін автоматтандыру. Бұл жүйені автоматтандыруда бізге бірнеше талаптарды орындау қажет.
Бұл талаптар мыналар:
1.3 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
Ақпараттық ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы зердесінде кіріс құжаттары жатады.
1.4 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар
Ақпараттың қолдануысыз басқару процесі мүмкін болмағандықтан, ақпараттық жүйеде ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте маңызды.
Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.
1.4.1 Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар
Автоматтандырылған ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол ақпараттық жүйені тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.
Ақпараттық жүйені тұрғызу – ақпарат кезеңдерін зерттеуді, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдейді, жүйе элементтерінің әрекеттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де жұмысы көп кезең.
1.4.2 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Техникалық жабдықтау – бұл ақпараттық жүйе жұмыс істеуді қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы. Басқарудағы ақпараттық кезең жеке операциялардың, олардың жиынтығының орындалуы арқылы жүзеге асады.
Барлық операцияларды үш сатыға топтауға болады:
1.4.3 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Программалық жабдықтау деп – техникалық жабдықтау жүйесі жұмыс істеуде жабдықтайтын ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын программалардың бірігуін ұғуға болады. Ол математикалық жабдықтау негізінде құрастырылып және оның нақты жұмыс істейтін пішіні болады. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнаулы программалық жабдықтау.
2 Мәселенің қойылымы
Жобаны тұрғызуда тиімді әдістер мен жабдықтарды қолдану, АЖ-ны құрастырудың технологиясын дұрыс тұрғызу – құрастыру жұмысының шығыны мен мерзімін азайтып, сапалы жүйелерді тұрғызуға мүмкіндік береді.
АЖ-ны жобалау әдісі дегеніміз сәйкес жобалау жабдықтарын қолдану арқылы АЖ-ны тұрғызу тәсілі. Мұндағы жобалау жабдықтарына - типтік жобалау шешімдері, қолданбалы программалар пакеті, АЖ-ның типтік жобалары, жобалаудың құралдық жабдықтары, яғни МББЖ, амалдық жүйелер жабдығы, программа генераторы жатады.
Жобалаудың барлық әдістері, жобалау жұмыстарын автоматтандыру дәрежелеріне сәйкес: түп нұсқалы жобалау, типтік жобалау, автоматтандырылған жобалау болып топтарға бөлінеді. Түп нұсқалы жобалау АЖ-ны тұрғызудың бастапқы тарихи деңгейінде қолданылады. Бұл әдістің кемшілігі ол үлкен еңбек сіңіруді, әрі жобалау мерзімінің ұзақтығын қажет етуі және АЖ-ны жұмыс істету тұрақсыздығы, жүйенің жаңа жағдайға нашар бейімделуі болып табылады.[8]
Типтік жобалау әдісі – АЖ-ны жобалауда оған аз шамалы өзгерістер ендіріп пайдалана беруге болатындай, тұрғызылатын жүйенің көптеген құрамды бөліктерге бөлшектенуін және олардың әрқайсысына дайын жобалау шешімін құрастыруды шамалайды.
2.1 Кіріс ақпараттары
Кіріс ақпараты – бұл пернетақтадан түскен сигналдар, мәліметтер, құжаттар түрінде түскен ақпарат және ақпараттық жүйелердің функцияларын орындау үшін қажет.
Кіріс құжаттары және олардың негізінде алынған файлдар өз кезегінде шапшаң және шартты – тұрақты болып бөлінеді, бұл жерде материалдық, еңбектік, технологиялық және басқа да нормалар мен нормативтер және барлық керекті мәліметтер көрсетілген.
2.2 Шығыс ақпараттары
Шығыс ақпараты – бұл басқару объектісіне, қызметшіге немесе басқа басқару жүйелеріне берілетін құжаттар, мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін және ақпараттық жүйелер функцияларын орындау нәтижесінде алынған ақпарат.
Қорытынды
Қорыта келгенде, операциялар бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға ерекшелігін сипаттайды.
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының активті және пассивті банктік операциялары келесідей түрлерге бөлінетіндігіне көзіміз жетті. Сондай-ақ бұл операциялар елімізде күннен-күнге даму үрдісінде екенінде айта кету қажет. Оларға: несиелік операциялар; инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар бойынша; қаржылық операциялар (лизинг, факторинг, форфейтинг); кассалық операциялар және делдалдық - комиссиондық операциялар жатады.