Кәмелетке толмағандардың істері бойынша қылмыстық іс жүргізудің ерекшеліктері
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І-тарау. Кәмелетке толмағандар істері бойынша қылмыстық іс жүргізудің жалпы сипаттамасы 7
1.1 Жасөспірімдер қылмыстылығы, онымен күрес шаралары 8
1.2 Кәмелетке толмағандардың психологиялық жас ерекшеліктері және олардың қылмыстық іс жүргізу үшін маңызы 11
1.3 Кәмелетке толмағандардың істері бойынша анықталуға тиісті мән-жайлар 16
1.4 Кәмелетке толмағандар құқықтарын қамтамасыз етуші кепілдіктер 23
II-тарау. Кәмелетке толмағандардың істерін сотқа дейінгі жүргізу ерекшеліктері 30
2.1 Қылмыстық іс қозғау 30
2.2 Алдын ала тергеу 34
III-тарау. Кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот талқылауы 52
3.1 Сот талқылауы тәртібінің ерекшеліктері 52
3.2 Соттың үкім шығару кезінде шешетін мәселелері 64
ҚОРЫТЫНДЫ 70
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 73
КІРІСПЕ
Қазіргі уақыттағы кәмелетке толмағандардың ісі бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу маңызды мәселеге айналып отыр. Мұның бірқатар себептері бар, оларға жасөспірімдердің жеке бас сипаттарының күрделенуі сияқты әлеуметтік құбылыспен байланысты болып отырған аталған жас категориясына жататын тұлғалардың қылмысы туралы істер бойынша барлық міндеттерді дұрыс орындау үшін құқық қорғаушы органдар тарапынан көбірек күш салу қажеттілігін де жатқызу қажет.
Қоғамда әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің ірі көлемді және жылдам процестері жүріп жатқан қазіргі уақытта әсіресе, дүниетанымы әлі толық қалыптаспаған, құндылықтар жүйесі тұрақсыз жастар үшін қиын болып отыр. Жасөспірімнің адамгершілік пен құқық туралы түсінігі оның жас ерекшелігіне байланысты вербалдық деңгейде - ол жете түсінуге, оның мінез-құлқының автоматты реттегішіне айналуға жеткен жоқ. Қазіргі уақытта жасөспірімдерге, жастарға деген көзқарас әсіресе құқық бұзушылықтың алдын алу, оны туғызатын себептер мен шарттарды жою тұрғысында өте күшейтілуі тиіс. Өйткені, қылмыс дегеніміз - әлеуметтік дерт, ал жасөспірімдердің қылмыстылығы - өте үлкен дерт, жасөспірімдер қылмыс жасап отырған кезде мұндай құбылысқа төзуге болмайды.
І-тарау. Кәмелетке толмағандар істері бойынша қылмыстық іс жүргізудің жалпы сипаттамасы
Адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы Халықаралық ережелерде кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша іс жүргізу нақты орын алады.
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1985 жылғы 29 қарашада кәмелетке толмағандарға қатысты әділ соттылықты жүзеге асыруды қамтитын Пекин ережелер деген атпен белгілі шағын стандартты ережелерді қабылдады. Бұл ережелер әртүрлі құқықтық жүйелер шеңберінде қолданыла алатындай және сонымен бірге, жасөспірім құқық бұзушылармен кез-келген ұйғарымда және кез-келген жүйеде қатынас жасауда бірқатар ең төменгі стандарттарды белгілей алатындай етіп жасалған. Ережелер барлық жағдайларда бейтарап, әділ және өзгертусіз қолданылуы тиіс.
Осы ережелер кәмелетке толмағандар істерін жүргізу тәртібі белгіленген қолданыстағы қылмыстық істерді жүргізу кодексі нормаларында да көрініс тапты.
1.1 Жасөспірімдер қылмыстылығы, онымен күрес шаралары
Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, сот жүйесін реформалау жағдайында қылмыстың өсуіне байланысты оның әркелкі түрлерімен күресті күшейту қажет және жасөспірімдер қылмыстылығымен күрес қылмыспен күрестің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазақстанда қазіргі уақытта бұл мәселеге ерекше назар аударылып отыр, жасөспірімдер қылмыстылығына талдау жүргізіледі, олардың құқыққа қарсы мінез-құлықтарының себептері анықталады, олардың алдын алу шаралары жасалады.
1.3 Кәмелетке толмағандардың істері бойынша анықталуға тиісті мән-жайлар
Кәмелетке толмағандар істер бойынша қылмыстық іс жүргізу процестің арнайы субъекті - жасөспірім айыпкер екендігіне сәйкес белгілі бір ерекшеліктерге ие бола отырып, сонымен бірге қылмыстық сот ісін жүргізудің жалпы міндеттерін орындауы тиіс.
Олар - қылмыстарды тез және толық ашу, кінәліні анықтау, әрбір қылмыс жасаушы әділ жазаға тартылуы және бірде-бір кінәсіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы және сотталмауы үшін заңды дұрыс қолдануды қамтамасыз ету.
1.4 Кәмелетке толмағандар құқықтарын қамтамасыз етуші кепілдіктер
Кәмелетке толмағандар істерін жүргізу қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларымен реттелетіндігі белгілі. Жасөспірімге жеке тұлғаның дербестігіне қол сұғылмауы, сот ісін жүргізу тілі, айыпкердің қорғауға құқығын қамтамасыз ету туралы нормалар толық көлемінде тиесілі.
Сонымен бірге, кәмелетке толмаған құқық бұзушының психологиялық, жас ерекшеліктерін назарға ала отырып, заң шығарушы осы категориядағы істерді тергеу мен сотта қараудың ерекше түрлерін қарастырған. Олар кәмелетке толмағандардың мүддесін қорғаудың қосымша кепілдіктері ретінде қызмет атқарады.
II-тарау. Кәмелетке толмағандардың істерін сотқа дейінгі жүргізу ерекшеліктері
Алдыңғы тарауда кәмелетке толмағандардың психикалық дамуының негізгі белгілері мен мінез-құлықтарының жас шамасына байланысты ерекшеліктері, қылмыстық іс жүргізудегі кәмелетке толмағандар істерін жүргізудің жалпы орыны, дәлелдеу затының ерекшеліктері, кәмелетке толмағандар істері бойынша іс жүргізу кепілдіктерінің жүйесі баяндалды.
Осылармен қатар процестің әрбір сатысына жасөспірім туралы істің барлық мән-жайын неғұрлым тез, жан-жақты және толық анықтауға, тәрбиелік әсер ету міндетін тиімділікпен орындауға көмектесуге бағытталған нақты өзіндік ерекшеліктер де тән.
2.1 Қылмыстық іс қозғау
Кәмелетке толмағандар қылмыстарын тергеудің сапасы мен тиімділігі көбіне қылмыстық істі дәл уақытында қозғауға тәуелді. Бұл шарттың маңызы мынадай қажеттіліктерге байланысты:
а) жасы үлкен арандатушының ықпалымен немесе буған дейінгі істеген әрекеті ашылмауына байланысты бірнеше қылмысты қатар істейтін жасөспірімдердің қылмысты әрекетіне тез жауап беру және оның жолын кесу;
ә) азаматтардың және кәмелетке толмаған құқық бұзушылар мен басқа да жасөспірімдердің бойында істелген қылмыс үшін жазасыз қалу туралы ой пайда болуының алдын алу;
б) жасы үлкен арандатушылар мен ұйымдастырушылардың істелген қылмыс пен оған қатысқандығының ізін жасыру үшін жасөспірімді «икемге келтіруіне» жол бермеу;
III-тарау. Кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот талқылауы
3.1 Сот талқылауы тәртібінің ерекшеліктері
Сот талқылауы - құрылымы бойынша күрделі ғана емес, сонымен бірге өзінің құқықтық салдарлары бойынша өте жауапты қылмыстық процесс сатысы, процессуалдық әдебиеттегі сот талқылауы - ерекше юрисдикцияға ие процестің басты сатысы деген пікірдің қорғалуы негізсіз емес. Бүл баға соттың тәуелсіздігі және олардың тек заңға ғана бағынатын туралы ҚР Конституциясының 77 бабынан келіп шығады. Қабылданатын шешімдердің дұрыстығы, негізділігі және заңдылығы үшін жауапкершілік сотқа жүктеледі, сондықтан оған процестің басты сатысы рөлінің берілуі заңды.
3.2 Соттың үкім шығару кезінде шешетін мәселелері
Үкім - нақты әрекеттерге заңды қолдану актісі ретінде мемлекеттің кінәлы тұлғаның іс-әрекеттеріне қатынасын білдіреді, соттың қылмыстардың алдын алу факторларына қызмет етеді.
Жасөспірімге жаза тағайындай отырып, сот оған үлкен психологиялық, профилактикалық, тәрбиелік ықпал көрсетеді.
Кәмелетке толмағандар істері бойынша үкім шығару үш сатыны қамтиды:
ҚОРЫТЫНДЫ
Кәмелетке толмағандар өздерінің жас шамасына, зияттық деңгейіне байланысты физикалық, рухани және әлеуметтік даму салаларында, сондай-ақ құқықтық қорғау саласында ерекше қамқорлық пен көмекке зәру екендігін назарға ала отырып, мемлекет олардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін жүзеге асырудың тәртібін бекітті. Осылайша объективті себептерге орай, өскелең ұрпақтың құқықтық санасын көтеруге, тәрбиесін, білімін жетілдіруге құқықтық ықпал етуді ұйымдастыру қажеттілігі туындайды.