Азаматтық құқық және құқықтық қатынас
ЖОСПАР
1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС 3
1.1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰКЫҚ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ 3
1.2 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ 6
1.3 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ 8
1.4 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ 9
1.5 АЗАМАТТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘМІЛЕЛЕРІ 11
1.6 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ 20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 21
1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС
1.1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰКЫҚ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
Қазақстан Республикасының бір тұтас құкық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын — азаматтық құқык. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде калыптасып келе жаткан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі десек те болатын шығар. Өйткені, бұл саламен ретгелінетін құқык қатынастарының шеңбері кең.
Азаматтык құкығымен реттелінетін қатынастардың түсінігін беру үшін құқык теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуіміз кажет. Яғни айтқанда, реттеу пәні мен реттеу тәсілдері. Осы жоғарыда көрсетілген екі категориянын, негізінде азаматтық құкығына сала ретінде тек анықтама ғана емес, оның басқа құкық салаларынан ерекшелігін де көрсетуге болады.
1.2 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
Азаматтық кұқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.
Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтык құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтык кодекс екінші Конституцияға теңестірілген.
1.3 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
Азаматтың құкықтың қағидаларына:
• тараптардың теңдігі;
• шарт еркіндігі және таңдау құкығы;
• еркіндік;
• меншікке қол сұкпаушылык;
1.4 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады:
• Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын калыптастыру үшін жеке меншікке байланысты катынастарды, оның ішінде мүліктік катынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі катынастарды реттеу негізінде енгізілген.
1.5 АЗАМАТТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘМІЛЕЛЕРІ
Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады.
Жоспарлы экономика кезінде барлық шаруашылық жүргізу орталықтандырылып атқарылған, жоспарланып, әкімшілік әдіспен жүргізілген. Сондықтан мәміленің аса қажеттілігі және маңызы болмаған. Ал нарық жағдайында мәмілелер субъектілердің арасындағы қарым –қатынастың негізі болып отыр.
Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімінде тікелей көрсетілген реттерде мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау, оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, нотариалдық куәландыруын талап ететін мәмілелер болуы мүмкін, бұлар нотариалдық куәландырғаннан кейін ғана жасалады деп саналады.
Мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаса, құнын ақшалай өтеуге міндетті.
Мәмілелердің жарамсыздығының негіздері:
Мемлекеттік тіркеу құрылып жатқан заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын заңға сәйкестігін тексеруді, оларға тіркеу нөмірін бере отырып, тіркеу куәлігін берілуін, заңды тұлғалар туралы мәліметтерді бірыңғай Мемлекеттік реестрге енгізуді қамтиды. Мемлекеттік тіркеуге, құрылу мақсатына, өз қызметінің түрі мен сипатына, қатысушыларының құрамына қарамастан Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық заңды тұлғалар жатады. Олардың филиалдары мен өкілдіктері, заңды тұлға құқығы берілмей-ақ есептік тіркеуге алынады.
1.6 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ
Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.
Мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке): заттар,ақша, оның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және басқа да мүлік жатады. Заттар өз кезегінде жылжымайтын және қозғалатын мүліктер болып бөлінеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Е.Баянов «Мемлекет және құқық негіздері» Алматы 2001ж
А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ.Айтхожин «Құқықтану» Алматы 2006 ж.
Нарбинова, М, М, Зиятова, Ж. К. Конститутциялық құқық [Мәтін]: әдістемелік нұсқаулар / Шығыс Қазақстан мемлекет- тік ун-ті.- Өскемен: ШҚМУ, 2003.- 50 б.