Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Сирек заттар

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 34 стр.

Год: 2008

Полный просмотр работы

Адамзатқа тән құндылықтарды насихаттаудағы тележурналистиканың рөлі


Жоспар

Кіріспе 3
І тарау. Тележурналистиканың интегративтік функциясы және руханият әлеміндегі проблемалар 6
IІ тарау. «Қазақстан» және «Хабар» теле-арналарындағы адамзатқа тән құндылықтарды насихаттайтын бағдарламалардың шығармашылық сипаты 20
Қорытынды 32
Сілтемелер тізбегі 34

Кіріспе

Қазір жер беті халықтарының телевизиялық өнімдерсіз өмір сүре алмайтындығы баршаға аян. Бүкіл әлемдегі телеарналардың қай-қайсысын алсаңыз да адамзат үшін аянбай қызмет ететін, мақсаты мен мүддесі айқын ғаламат идеологиялық күшке айналып барады. Сондықтан көгілдір экранның құпиясы көрерменін лезде елітіп, баурап алуға дайын тұрады десек, оны телевизиялық көрсетілімдердің әр қырынан саралап беру қиынға соқпайды. Бірақ біздің айтпағымыз, сол рухани өнімдердің сипаты қазіргі адам тәрбиелеу ісіне керісінше тойтарыс беріп отыр десе де болғандай. Батыстың шым-шытырық, айқай-шу мен анайылыққа негізделген, одан қалса адам нанғысыз айуандық сипатқа тән көрсетілімдері жайында бүгінгі БАҚ аз қозғап, бәсең айтып жүрген жоқ. Сол себепті «Адамзатқа тән құндылықтарды насихаттаудағы тележурналистиканың рөлі» атты тақырыпты бітіру жұмысымызға арқау етуіміз осыдан кейін өздігінен түсінікті болса керек-ті.

І тарау. Тележурналистиканың интегративтік функциясы және руханият әлеміндегі проблемалар

Тележурналистика бұқаралық ақпарат құралдарының бір саласы, соның ішінде орасан зор мүмкіндіктерді иеленетін жүйе. ХХІ ғасыр адамзат игілігіне ұсынған ұлы жаңалығы адам баласының көзқарасына, ой – санасына тікелей әсер ететін идеологиялық құрал. Рухани нәр мен эстетикалық әсер беретін өнердің өзгеше бір түрі. Қазіргі таңдағы уақыт аясынан «ақпарат ғасыры» деген ұғымды иеленіп отырған кезеңде тележурналистиканың ақпарат кеңістігінен алатын орны айрықша.
Тележурналистің көпшілікпен сырласуы, өзімен - өзі кеңесетін шақтары қашанда қоғам, ел мүддесімен, адамзаттың көкейкесті арманымен ұштасып жатады. «Тележүргізуші жүрек түбінде өзін толғантқан сырын өзгеге айтады. Телехабарда автор тақырыбын тереңнен толғап, содан әлі өзгелер көрмеген шынайы көріністі табу жолында ізденіске түседі. Әңгімелеуші өз ойын, айтайын дегенін әңгімелеу кезінде сарықпай тынбауы тиіс. Хабар барысында жүргізушінің тақырып өзегінен шықпай, әңгіме көпшілікке мейлінше ұғынықты, ықшам айтылуы тиіс. Қосалқы сөз, артық тіркес болмауы, әңгімелеушінің айтамын дегенін жеріне жеткізіп, шағын көлемде шебер суреттелуі – парыз. Кадрдан тыс мәтін не жүргізушінің сөйлеуі көпке ұғынықты сөйлемдерге құрылғаны жөн. Бұл көрерменнің көрініс пен мәтінді есінде ұстап қалуына, әрі хабар туралы өзіндік пікір қалыптастыруына. Жүргізушінің аудиториямен жанды байланысында оның тілге жетіктігі мен майда биязы қоңыр үнді көрермендерді теледидар алдына көптеп тартады. Әрі хабарды жүргізу кезіндегі қонақтардың талғам таразысының қандай екендігінен жүргізушінің хабардарлығы да студияда жылы байланысқа негіз қалап отырады.»[1]
Көрермендерге экранда оқиғаны хабарлау кезінде фактілер мен теориялық тұжырымдар, салыстырулар мен дәлелдердің, көрнекі суреттердің мол болуы аудитория мен студия арасын жақындастыра түседі. Өйткені фактіні іріктеу, оны сөзбен суреттеу кезінде автордың тақырыпқа шын жетіктігі айқындалып, ашыла түседі. Көрермендер жылдар өткен сайын рухани жағынан өсіп – жетіліп, байыпты бола бастады.

IІ тарау. «Қазақстан» және «Хабар» теле-арналарындағы адамзатқа тән құндылықтарды насихаттайтын бағдарламалардың шығармашылық сипаты

Уақыт үрдісіне сай бұқаралық ақпарат құралдары деген атқа ие болған баспасөз, заман жаңалықтарына сәйкес радиомен және теледидармен, одан кейін осы заманғы байланыс және коммуникация құралдарынмен толықты.
Ғылыми - техникалық прогрестің қарқынды дамуы заманында адамзат баласының уақыт тынысын теледидар арқылы бақылауы үйреншікті құбылысқа айналды. Бүгінгі таңдағы Қазақстан сияқты тоталитарлық езгіден құтылған елдер үшін телевидениенің маңыздылығы өркениеттің күшіне анағұрлым бұрын ілескен мемлекеттерге қарағанда әлдеқайда артық. Сол себептен де қазіргі таңдағы телевизия қоғамның дамуы немесе кері кетуіне, қоғамдық ойдың қалыптасуына зор ықпал етуші күш. Бұл тұрғыдан алғанда біздің елімізде теледидар тек ақпарат алу көзі ғана емес, сол ақпараттармен бірге ұлт мінезін, ұлттық идеологияны қалыптастыратын, мемлекеттігімізді баянды етудің аса маңызды құралы екені даусыз. Ал Кеңестер одағы күйреп, халқымыздың ғасырлар бойғы арманы - Тәуелсіздігімізге ие болып, өз тізгініміз өз қолымызға тиген сәттегі қоғамымыздың өміріндегі телевидениенің рөлі одан сайын арта түсті. Содан да келіп көп ұлтты мемлекетіміздің бірлігін сақтайтын біртұтас Ұлттық идеологияны жасауды ұлттық арналардың басты ұстанымы етіп алынды. Ал осы зор мақсатты іс жүзіне асыру жолында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «Хабар» арнасының орасан ауқымды еңбек атқармаққа белін бекем будандығын байқатуды бастады.
«Қазақстан» ұлттық телеарнасы мен «Хабар» агенттігі Қазақстанның өз алдына мемлекет екендігін, оның мемлекеттік тілі бар екендігін есімізге салып, жүрегімізді жылытып, көңілімізге жұбаныш ұялататынын бірден-бір арна болды. Тыңдарман қауым қай күні, қай мезгілден, қандай хабар жүретінін күтіп, басталған сәтте қадірлі қонағы келгендей әсерде болады.

Қорытынды

Жаһандану жаңғырығы бүкіл әлемді шарпып тұрған дәл қазіргі шақта біздің ұлттық өркендеуімізге де аса үлкен қауіптің төніп тұрғаны айтпаса да түсінікті. Сондықтан бүгінгі буын мен келер ұрпақ рухани сауатсыздықтың соңына түсіп кетпес үшін отандық телевизияның мойнына артылатын салмақ та орасан және оның да сұрауы болуға тиісті. Кез-келген жауды жеңіп, бетін тойтаруға болар, ал бірақ күшейіп алған БАҚ-қа тойтарыс беру қиынның қиыны. Рас, бұл ретте тәрбиелік мәнге ие көркем туындылар мен бағдарламаларға отандық телевизиямыздың дәл қазір әбден зәрулік танытып тұрғандығын баса айтқымыз келеді. Бұл – ондай дүниелердің бізде мүлдем жоқ дегендігі емес. Мәселе, телеарналар тарапынан ұрпақты тәрбиелей алатындай ұлттық нақышқа сай тың туындыларды дүниеге әкелуге деген құлшыныстың аздығында.