Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Реферат

Объем: 8 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Мектеп және бала бақша ауласын көгалдандыру

Мектеп ауласын көгалдандыруы бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі. Кәзіргі кезде мектеп ауласына егілген ағаштар мен бұтақтар оқушыларға қызмет жасау тиіс. Аулаға отырғызылған бір ағаштың күніне 4 кг шаң ұстап, көшедегі шуға толсқауыл болатынын ескерсек, ағаштардың қоршаған ортаға маңыздылығы зор. Сонымен қатар, ағаштардың егу тәртібі мен олардың бір - бірінен арақашықтығы да көгалдандыру заңдылығы сәйкес келу керек. Мектеп ауласына егілетін гүлдер. Көбінесе жаз айында егілетін гүлдер. Көбінесе жаз айларында гүлдейтін бір - екі түрі және раушан гүлі егіледі. Гүл көркемдікпен қатар жоғары эстетикалық тәрбие береді.

Мектеп ауласына төрт мезгіл бойы түсін жоғалтпай оқ ұшылардың көңіл - күйін көтеретін, ауаны тазалайтын, шаң ұстауға қызмет жасайтын қылқан жапырақты ағаштар егілуі тиіс және олардың егілу заңдылықтары сақталған жөн.

Мектеп ауласы мен балабақша ауласын көгалдандыруын айырмашылығы бар. Мектеп оқушы күздің алғашқы күнінен бастап тоғыз ай оқитындықтан, мектеп ауласында өсірілетін ерте көктем мен күзде гүлдейтін гүлдері ғана қамтылады. Ал балабақшада бүлдіршіндер 12 ай бойы тәрбиеленеді. Сондықтан балабақша ауласы жылдың төрт мезгілінде де өсімдіктермен молынан көмкеріліп тұруды қажет етеді. Балабақша ауласын дизайнын да үлкен талғаммен жасау керек. Жас ерекшеліктеріне топтарға бөлінетін бүлдіршіндер аулада әртүрлі ойындар ойнап, айналамен танысады. Әр топ өз жерін мекендейді, олардың араларын көп жағдайда тақтайшадан жасалған қоршаулармен бөліп қояды.

Балабақшада егілетін гүлдердің де өзіндік ерекшеліктері бар. Балабақша ауласында гүлдерден жасалынған гүлзарлар жасыл қоршаумен бөлінген алаңқайларға қарағанда кішігірім болуы шарт. Гүлзарларда бір сұрыптағы гүлдің бірнеше түсі емес, керісінше, гулердің түрлері көп болғаны абзал. Себебі, бүлдіршін сол балабақша өмірінен бастап гүлдердің түрлерін, олардың негізгі қасиеттерін, қазақ, латын, орыс тілдеріндегі аттарымен танысуы тиіс. Сонымен қатар, онда егілетін гүлдер ерте көктемнен бастап, алғашқы қар жауғанға дейін кезегімен гүлдейтіндей тәртіпке егілуі керек.