Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 8 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Тайжан Азынабайұлы (шамамен 1802-1839 жж.). Сейтен – Тайжан батырлар (Саққұлақ шешен әңгімесінен)

1838 жылы Баянауыл сыртқы округінде болған сайлауда Тайжан екі қазақ қазының бірі болып сайланады. Кенесары бастаған көтеріліс басталғанда ол көтерілісті жақтаушылардың бірі болып, белсенділік танытады. Ел арасында үгіт жүргізіп, көтерілісті қолдауға шақырады. Алайда патша үкіметінің саясатына қарсы жүргізген бұл ісі, әшкереленіп қалған Тайжан 1839 жылы ұсталынып, Ақмолада атылады. Бала-шағасы Сібірге жер аударылады.

Көшпелі мал шаруашылығының ерте заманда қалыптасқан дәстүрлері XІX ғасырдың басына дейін Баян жерінде өзінің негізгі заңдылықтарын, өзегін сақтады. Әрине , әр дәуірдің шаруашылық үлгілеріне қосатын өзінің үлесі болады. Дегенмен, табиғи орта, қалыптасқан шаруашылық дағдылары, ел түсінігі аса консервативті құбылыс болғандықтан, шаруашылықтың бір түрінен екінші түріне өту өте сирек кездеседі. Осы себептен көшпелі шаруашылыққа сипаттама беру үшін, біз XIX ғасырдың ортасында жазылған Мұса Шорманұлы қолжазбаларына сүйенсек те болады.

Сапақ жылқысы ылғи қылаң, көк мойын екен дейді, көлдің басына қарай жылқыларды жан-жақтан алып келіп төккенде, қылаң түс күнге шағылысып, көлдің жағасы маржан шашқандай жарқ- жұрт етіп кетеді. Отырғандар риза болысып, Сапақты мақтап, оның Қуандықтың құты екенін айтып, жылқыға сүйсініп көтеріліп кетті, түс қайта Азына байдың жылқышылары қос-қос қылып жылқыларын Көлдің басына айдады. Игі жақсылар әлі де көлдің жағасында, мәжілістің қызған кезі, табақ-табақ ет желінген, саба-саба қымыз ішілген. Ішкен мас, жеген тоқ, бәрі мәз болып отырғанда Азынабайдың жылқысы, ішінде Бапақтың да 12 мыңы бар, көлдің жағасын түгел жауып, тура құмырсқаның илеуіне айналады. Қаржастың жылқысы ылғы торы, қүрең келеді екен. Бағанадан бері өрекпіп отырған Қуандық баласының мысы басылып қалды дейді.

Қысқы жайылым мәселесі Мұса Шормановтың «Казахские народные обычаи» мақаласында да айтылады. Қазақ үшін ата- бабадан еншіге қалған жерден асқан байлық жоқ дейді Баянаула қазақтарының көсемі. «Қыстаудың иесі өз жерінің бір бөлігін малы аз болғандықтан, біреуге шарт бойынша, аз пайдаға бола беруі мүмкін, бірақ өте қымбат мұра, қасиетті қазынаны аса қынжылып, жүрегі езіліп береді. Егер ол жерді өзі жайлауға мүмкіндігі, күн көрісіне жететін малы болса, дүниенің барлық қазынасын, алтынын берсеңіз де атадан қалған жердің бір сүйем, бір қарыс жерін өзгеге бермес еді. Жерді тек кедейшіліктен, амалсыздықтан ғана өзгеге береді».