Саяси технология
Жоспар
1 Саяси технология түсінігі. Қоғамның қоғамдық-саяси өмірін түсінудегі саяси технологияның маңызы 3
2 Саяси технологияның түрлері 6
3 Сайлау жүйесі. Сайлау жүйесінің стратегиясы және тактикасы 11
4 Жаңа реформалар – ұлттық дамудың жаңа сатысына аяқ басу 17
Негізгі әдебиеттер 18
1 Саяси технология түсінігі. Қоғамның қоғамдық-саяси өмірін түсінудегі саяси технологияның маңызы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесіндегі саяси технологиялар» тақырыбына семинар болып өтті.
Семинар жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Сыртқы істер министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ Астана қаласындағы ЕҚЫҰ орталығының өкілі қатысты.
2 Саяси технологияның түрлері
Саяси шешімдер институты қырғыз оппозицияның сайлаудан кейінгі әрекеті бейбіт саяси акция өткізумен ғана шектеледі деген болжам айтып отыр. Қазақстандық институттың Қырғыз президентін сайлау қарсаңында келтірген жорамалы расталып шықты. Таяуда құрылған саяси зерттеулер орталығы бүгін тағы бір есебін жариялады. Дельфи әдісімен өткен зерттеу жобасы аймақтағы саяси режимдердің өміршеңдігі мен ертеңгі тағдырын анықтауға бағытталуға. Жаңа институттың алғашқы қадамдары мен сарапшылар шығарған нәтиже туралы – Алматыдағы меншікті тілшіміз Айбар Олжаевтың арнайы репортажы.
3 Сайлау жүйесі. Сайлау жүйесінің стратегиясы және тактикасы
Жаңа реформалар тек қана мемлекеттің басқару құрылымын ғана емес, бүкіл саяси жүйенің қызметіне толық өзгерістер әкелді. Яғни Парламенттің өкілеттігін ұлғайту арқылы бұған дейінгі президенттік басқару формасынан «президенттік-парламенттік» басқару жүйесіне көштік деуге толық негіз бар.
4 Жаңа реформалар – ұлттық дамудың жаңа сатысына аяқ басу
Күні кеше ғана, қабылданған конституциялық өзгерістер қандай толғаныста, қандай күрделі таңдауларда жасалған шешімдер екенін түсіну қажет. Бір нәрсені батыл мойындауымыз керек: еліміздің әртүрлі сындарлы сәттерінде қабылданған әрбір маңызды таңдау мен шешімнің салмағы мен ауыртпалығы біздің Елбасымызға, Ұлтымыздың жетекшісі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тиіп отырды. Кеше қабылданған жаңа саяси реформалар біздің Елбасымыздың, тағы да, шын мәнісінде ұлы реформатор екендігін көрсетті.