Предмет: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Тип: Дипломдық жұмыс
Объем: 81 стр.
Год: 2013
Бастауыш сыныпта мақал-мәтелдерді оқытудың маңызы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 8
1.1 МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ МАҒЫНАСЫ МЕН МАЗМҰНЫ 8
1.2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ 23
1.3 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕТІН ТӘРБИЕ 33
2 БАСТАУЫШТА МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ ОҚЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН НӘТИЖЕСІ 54
2.1 ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ 54
2.2 МАҚАЛ-МӘТЕЛ ҮЛГІЛЕРІН БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ 56
2.3 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ МЕҢГЕРТУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 60
ҚОРЫТЫНДЫ 63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 65
ҚОСЫМША А 67
ҚОСЫМША Ә 75
ҚОСЫМША Б 81
КІРІСПЕ
Қазақ Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы-адамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасау», – деп ерекше атап көрсетілген. Осы Заңның 8-бабында «Білім беру мекемелеріндегі тәрбиелеу бағдарламалары этномәдениет элементтерімен байытылады», – делінген [1.13].
Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім тұжырымдамасында этникалық-мәдени білім берудің негізгі міндеттерінің бірі – жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу, өз мәдениеті арқылы өзге мәдениеттерге бағыт ұстаған адам ғана жан-жақты мәдениетті тұлға деп ұғынылады [2.7].
1 МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ МАҒЫНАСЫ МЕН МАЗМҰНЫ
Ауыз әдебиеті талай ғасыр жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертекшілері анау заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп бүгінгі біздің күнімізге жеткізген.
Ауызекі халық шығармашылығында мақал-мәтелдер елеулі орын алды. «Мақал-мәтел – халықтың сан ғасырлық көрген-білгенін, бастан кешкен оқиғаларынан қорытынды ақыл-ойының жиынтығы, анықтамасы табиғатта, өмірде үнемі қайталанып тұратын оқиғалармен, құбылыстармен байланысты туған тоқсан сөздің тобықтай түйіні.
1.2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Қазіргі кезеңде «Тіл мен мәдениет» мәселесіне қатысты тіл біліміндегі көптеген зерттеу жұмыстары тілдегі ұлттық сипаты, ұлттық танымды, ұлттық рухты тануға, танытуға негізделген. Дегенмен, мәдениеттің, дерегі ретінде тілдегі мақал-мәтелдер әлі де жеткіліксіз қарастырылуда. Мақал-мәтелдер шығармашылығының нәтижесінде ғана дүниеге келіп, ұлттық болмыстың барлық саласына қатысты ұлттық дүниетанымының тілдегі бір көрінісі болып келеді.
«Мақал-мәтелдер – халықтың ғасырлар бойы іс-тәжірибесінен, өмір тәжірибесінен қорытып, ереже, өмір заңы түрінде тұжырымдалған аталы сөз халықтың ой түйіні».
Ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан және өркендей беретін халық педагогикасының қасиетін қадірлеп, ұлттық тәрбиеге жан-жақты жағдай жасап, көңіл бөле бастағанымыз-болашақтың сәулетіне нұрын шашқан күн шуағы іспеті ұрпағына үйретіп, адалдыққа баулыған халқымыздың танымдық, тәрбиелік дәстүрлері, салт-санасы, әдептік хадистері мен тұжырымдары - мәңгі нәр алатын рухани асыл қазынамыз.
1.3 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕТІН ТӘРБИЕ
Қазақ халқының ауыз әдебиеті талай-талай дастандар мен жырларды, нақыл сөздер мен қызықты ертегілерді, терең мағыналы мәтелдер мен мақалдардың тамаша үлгілерін туғызды, олар – халқымыздың рухани өмірін бейнелейтін мәдени мол мұра. Онда қазақ халқының өмір, тыныс-тіршілігінің, халық даналығының көрінісі бейнеленген.
Халық әдебиеті дегеніміз де әрбір халықтың ғасырлар бойы қалыптастырған үлгі-өнегесі, таным-нанымын, өзіне тән ұлттық талғам-таразысы. Қазақ халқының да рухани мол мұрасы бар, ұлттық тәрбие көздері соларда жатыр. Халық педагогикасынан әлдебір ғылыми оқулық, еңбектер жазылмай тұрғанда-ақ халқымыз ұрпағын ата дәстүрмен тәрбиелеген [32.22].
2 БАСТАУЫШТА МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ ОҚЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН НӘТИЖЕСІ
2.1 ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ
Мақалдарға тән ерекшеліктердің бірі – оның құрылысында. Мақалдар, көбінесе, бір сөйлемнен құралады («Кеңесті ел – кемімес», «Тіл – қылыштан өткір», «Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады» т. б.) Осындай бір сөйлем арқылы-ақ мағынасы терең, мазмұнды әңгімелерді жеткізе алады.
Мақалдардың құрылысы дыбыс үндестігі, бір дыбысты не бір сөзді қайталаушылық, сөз ұйқасымы айрықша орын алады. Мақалды бұлай етіп құру, оның мазмұнын тереңдете түсумен қатар, айтылатын негізгі ойды көркемдеп жеткізуге себепкер болады, соған көңіл аударады. «Болған іске болаттай берік бол», «Үміт – үзілмес», «Ерлік – елдің сыны», «Болған кісі болдым демес, болдым десе, болғаны емес» дегендерден дыбыс қайталаушылықтың, дыбыс үндестігінің үлгілерін көреміз.
2.2 МАҚАЛ-МӘТЕЛ ҮЛГІЛЕРІН БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Қазіргі кездегі педагогикасының негізгі мақсаты – өзінің бай тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты өнер-білім меңгеруге, еңбек етуге, ауыл-аймақтың, өз Отанының ар-намысын қорғауға, адамгершілік қасиеттерге баулу болып табылады. Халық ауыз әдебиетінің барлық мақал-мәтелдерінде үлкен-кішінің бәріне нақыл айту, ой салу, тәлім-тәрбие беру көзделген.
Халқымыздың ұзақ жылдар бойы тырнақтап жиып, шаң жуытпай сақтап, атадан балаға мұра ретінде қалдырып келе жатқан асыл қазынасының бірі – мақал мен мәтел.
2.3 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ МЕҢГЕРТУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Ғылым дүниесінде «Мақал-мәтелдердің авторы жоқ» деген пікір қалыптасқан. Бұл әрі дұрыс, әрі бұрыс пікір. Бұрыс болатын себебі мақал-мәтелдердің қандай түрі болмасын, ғайыптан пайда болған, не ел-жұрт жиналып, ақылдасып, кеңесіп шығарылған дүние емес. Олар, әдетте, халық арасынан шыққан жеке дара ділмар-шешендердің, дарынды да дана тұлғалардың, ақын-жырау, көңілі көрікті, кеудесі ояу, көргені мен көңілге түйгені мол қазыналы қарттардың өз өмір-тіршілігінен алған тағылымынан туындаған ой түйіндері.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасы Білім министрлігі ұсынған «Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында» қазақ халқының жауынгерлік және ерлік тарихын ұрпаққа еріктің өшпес үлгісін қалдырған хас батырлардың өмір-өнегесімен таныстыру; өз жерін, елін қорғай алатын ұлтжанды, ұлттық намысы мол, жігерлі азаматтар тәрбиелеу, – деп ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ерекшеліктер, салт-дәстүрлерді бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға аса мән береді.