Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 58 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Дүлділдер еткен, дүбірлі даланы тербеп (Ж. Жабаев)


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 6
1 ХАЛЫҚ – МЕНІҢ ШЫН АТЫМ 9
1.1 ..... БАЙҒАРА, ЖАМБЫЛ, ХАНДА МЕН ТУЫППЫН 9
1.2 ЖАМБЫЛ ЖӘНЕ ПАВЕЛ КУЗНЕЦОВ 14
1.3 «ЛЕНИНГРАДТЫҚ ӨРЕНІМ» ӨЛЕҢІ ҚАЛАЙ ТУҒАН? 20
2 ДҮЛДІЛДЕР ӨТКЕН, ДҮБІРЛІ ДАЛАНЫ ТЕРБЕП (Ж. ЖАБАЕВ) 27
2.1 ЕСТЕЛІКТЕР: ТАЙЫР ЖАРОКОВ. ДАРЫН ТАБИҒАТЫ 27
2.2 ЖАМБЫЛ ЖӘНЕ ПАВЕЛ КУЗНЕЦОВ. АЙТМҰХАМБЕТ ҚАСЫМОВ, ЖУРНАЛИСТ 48
2.3 ҒАСЫРЛАР ҮНДЕСТІГІ
(Ж. Жабаев және К.Ахметова шығармашылығы) 52
ҚОРЫТЫНДЫ 56
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 58

КІРІСПЕ
Ұлы адамдар , ұлы ақындар өз ұлтының арнасына сыймайды, тек интернационалдық арнаға ғана сыяды. Олардың өзі өлгенімен, даңқы өлмейді, қайта өрши береді. Біздің Жамбыл – дәл сондай ақын.
(Ғабиден Мұстафин)
Жамбылдың ақындық дүниесі үлкен бір қазына. Данышпан ақынның туғызған құдіретті жырлары тыңдаушысы мен оқушысын әрдәйім тамсандырған: әдебиет пен мәдениет әлемінде тың үн болып естілген, айта қаларлықтай жаңа оқиға болған-ды. Осы күні Жамбыл есімі әдебиетіміздің үлкен бір белесі, биігі болып тарихқа енді. Жамбыл еліміздің, кемелденген Қазақстанның баламасы ретінде шет жерлерде де танымал. Жыл өткен сайын сол мол қазынаны бір ақтарып, қайта бір оқып, қанағат тапқың келеді. Сондықтан да Жамбыл дүниесі әрдайым қайта басылып, қалың оқушы қауымға қайта ұсыныла бермек.

1 ХАЛЫҚ – МЕНІҢ ШЫН АТЫМ

1.1 ..... БАЙҒАРА, ЖАМБЫЛ, ХАНДА МЕН ТУЫППЫН
Болашақ акын 1846 жылы ақпан айында казіргі Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген. Ол жайында ақынның өзі «Менің өмірім» – деген өлеңінде:
Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей — көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым содан, –
дейді [1]. Әкесі Жапа кедей болғанмен, ат үстіне мығым, найзагер кісі екен. Ел ішінің дау-дамайына бітімгерлік сөзін айтқан кездері де болыпты. Шешесі Ұлдан мінезі байсалды, абысын - ажын арасында беделді, орайы келгенде өз жанынан қиыстырып өлең шығара беретін, әдемі дауысты әнші екен. Жамбылдың аталарынан әріректе өнерпаз, сері, палуандар, ділмар шешендер шыққан. Ал оның руы – Екейлер туралы айтылатын ел ішіндегі:

1.2 ЖАМБЫЛ ЖӘНЕ ПАВЕЛ КУЗНЕЦОВ
Шығыс Қазақстандағы Үлкен Нарын топырағында дүниеге келген журналист, жазушы жерлесіміз Павел Николаевич Кузнецовтың осы кенді Алтай топырағында туған өзі құралпы орыс жазушылары шоғырынан ерекшеленіп, қазақ оқырманның жүрегіне жақынырақ тұратындығы — ең алдымен Жамбыл жырларын алғашқылардың бірі болып орыс оқырманына жете танытуы. Қазақтың тілін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін бойына жақсы дарыта білген ол Орынбай, Тайжан, Алмабек, Қаратай сынды халық ақындарының өлеңдерін де тәржімалап, Тайыр Жароков, lлияс Жансүгіров , Қасым Аманжолов, Әбділда Тәжібаевтармен творчестволық тығыз ынтымақта болған. Сәбит, Мұхтар, Мәлік сияқты жазушы, ғалымдармен әсіресе соғыс жылдары жақынырақ достасып, үзбей хат жазысып тұрған. Шеттегі «Прииртышская правдадан» (қазір – «Рудный Алтай») бастап, республикалық, өлкелік газет-журналдарда, дивизиялық «За Родину» газетінде, одақтық «Правда» мен «Советский Союз» журналында еңбек етіп, үлкен журналистік жолдан өткен. П.Кузнецов «Жамбыл-Ыстыбайдың немересі» атты екі томдық тарихи-өмірбаяндық роман жазып, елуінші жылдары жариялады.

1.3 «ЛЕНИНГРАДТЫҚ ӨРЕНІМ» ӨЛЕҢІ ҚАЛАЙ ТУҒАН?
1941 жылы, Ұлы Отан соғысы басталған кезде жамбыл тоқсан алты жаста болатын. Міне, осы қаһарлы күндерде қартайып, белі бүгілген Жамбыл өзін орындалмай бара жатқан парызы бар жандай сезінді. Елге жау төнгенде үндемей қала алмайды. Жаудың белін мерт етуге шақырған көптеген жаңа өлеңдер шығарды. Бұл өлеңдері көбінесе Москва мен Ленинградты, Сталинград пен Кавказды қорғаушыларға арналған.

2 ДҮЛДІЛДЕР ӨТКЕН, ДҮБІРЛІ ДАЛАНЫ ТЕРБЕП (Ж. ЖАБАЕВ)
2.1 ЕСТЕЛІКТЕР: ТАЙЫР ЖАРОКОВ. ДАРЫН ТАБИҒАТЫ
1928 - жылдың тамыз айы. Жадыраған жаздың жайлы күні еді. Алматыға оқуға келе жатқан бетіміз. Ол кезде Түрксиб әлі салынбаған. Фрунзеден Алматыға жету үшін Луговойға соғып, шиқылдаған арбамен әбден зерігіп, шаршап келеміз. Әйтеуір Қордайдан асып, Қастекке құладық - ау? Қарақастекке төртінші қоналқада әрең жеттік. Әбден шаршап-шалдығыппыз. Дем алуға келістік. Сергіп көңілденіп қалдық. Жолдың екі жағындағы ағаштарға, егіндіктерге, тау бөктеріне сүйсіне қарап әңгіме шертеміз. Алыстан қарлы шыңдар көз тартады. Кенет ауыл жақтан шырқалған ән, күмбірлеген күй естілді. Жолдастарым да, мен де елендесіп, киіз үйге қарай тұра жөнелдік. Әнге бола ел жиылып қалған екен, киіз үйге біз де кіріп келдік. Торғын кілем үстінде домбыра ұстаған алты-жеті ақын қатар отыр. Бәрі де егде кісілер көрінеді. Олар кезектесіп домбыра тартып, ән салады.Сығылысып тұрған біздер ақындарға ынтыға қараймыз.

2.2 ЖАМБЫЛ ЖӘНЕ ПАВЕЛ КУЗНЕЦОВ. АЙТМҰХАМБЕТ ҚАСЫМОВ, ЖУРНАЛИСТ
Шығыс Қазақстандағы Үлкен Нарын топырағында дүниеге келген журналист, жазушы жерлесіміз Павел Николаевич Кузнецовтың осы кенді Алтай топырағында туған өзі құралпы орыс жазушылары шоғырынан ерекшеленіп, қазақ оқырманның жүрегіне жақынырақ тұратындығы — ең алдымен Жамбыл жырларын алғашқылардың бірі болып орыс оқырманына жете танытуы. Қазақтың тілін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін бойына жақсы дарыта білген ол Орынбай, Тайжан, Алмабек, Қаратай сынды халық ақындарының өлеңдерін де тәржімалап, Тайыр Жароков, lлияс Жансүгіров, Қасым Аманжолов, Әбділда Тәжібаевтармен творчестволық тығыз ынтымақта болған. Сәбит, Мұхтар, Мәлік сияқты жазушы, ғалымдармен әсіресе соғыс жылдары жақынырақ достасып, үзбей хат жазысып тұрған. Шеттегі «Прииртышская правдадан» (қазір –«Рудный Алтай») бастап, республикалық, өлкелік газет-журналдарда, дивизиялық «За Родину» газетінде, одақтық «Правда» мен «Советский Союз» журналында еңбек етіп, үлкен журналистік жолдан өткен. П.Кузнецов «Жамбыл – Ыстыбайдың немересі» атты екі томдық тарихи-өмірбаяндық роман жазып, елуінші жылдары жариялады.

2.3 ҒАСЫРЛАР ҮНДЕСТІГІ
(Ж. Жабаев және К.Ахметова шығармашылығы)
Ұлтымыздың рухани шежіресі, айтыс өнерінің ақиығы, ғұмыры ғасырлармен тілдескен жыраудың бірі Жамбыл Жабаев.
Қазақтың қаншама маржан сөздерін тізе берсе, Жамбыл атамыз жайында айтылар сөздің де, жетілер сырдың да шегіне жете алмайды ешкім! Өйткені Жамбыл – жыр-дәрия. Ол сарқылмайтын кеніш, оның дауылпаз асқақ жырлары дала мен таулар үстінде әлі де жаңғырып тұрғандай. Жыр нөсерін төгіп өткен, суырып салма ақындығымен, тапқырлығымен талай жұртты тәнті еткен Алатаудай асқар тұлғалы Жамбылдың халық жүрегіне берері мол.

ҚОРЫТЫНДЫ
Жамбыл шын мәнінде халық ішінен қайнап шыққан нағыз халық ақыны еді. Өзі де айтады ғой : «Жамбыл – деген жай атым, халық – менің шын атым», - деп. Осы – дәл айтылған сөз. Бір сәт ақыл-санаға салып, ой жіберіп қарайықшы. Жамбыл бойынан, оның өлең-жырларынан өзінің туған қазақ халқына тән кеңпейілдік пен дархандықтың, адалдық пен адамгершіліктің, қарапайымдылық пен қайсарлықтың, ашық-жарқын ақ көңілділіктің, ынтымақ пен бірліктің, бауырмалдық пен достықтың, серілік пен сергектіктің, ауызекі дес бермейтін шешендіктің, өлең-жырдағы ағыл-тегіл төге жырлайтын ақындықтың, алғырлық пен тапқырлықтың не бір сиқыр құдіретін табамыз.