Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы
Мазмұны
Кіріспе 6
1 Шағын бизнес қалыптасуының, дамуының теориялық негіздері мен ерекшеліктері 11
1.1 Шағын кәсіпкерліктің жалпы экономиканың дамуындағы үлесі маңызы мен оның ерекшеліктері 11
1.2 Мемлекеттік органдардың шағын бизнесті дамыту мен қолдау саласындағы құзіреті 18
1.3 ҚР-ғы шағын бизнестің ұйымдастыру-құқықтық нысандары мен оның деңгейін талдау 24
2 ШКС мемлекеттік қолдау шаралары. ҚР-да шағын бизнесті дамыту мәселелері 40
2.1 Қазақстанда шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен негізгі мәселелері 40
2.2 Шағын кәсіпорындарды салықтандыру 51
2.3 ҚР-ғы шағын бизнес субьектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары 57
3 Шағын бизнес даму перспективалары 67
3.1 Мемлекеттегі шағын кәсіпкерліктің даму жолдары 67
3.2 Шағын бизнестің жету шарттары 79
Қорытынды 85
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 88
Кіріспе
Өз тәуелсіздігімізді алғанымызға біршама уақыт өтіп, Қазақстан экономикада әлемдік принциптерін енгізіп, онда маңызды орынға ие болды. Оған дәлел ретінде экономикамыздың даму қарқынын қарастыруымызға болады. Еліміздің осы дамуына алыптай үлкен үлес қосқан, шағын бизнестің орны ерекше.
Қазақстан Республикасында нарықтық экономика даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп кейбіреуін жеңе білуде, кейбіреуінің салдары әлі білінуде. Нарықтық экономиканың амал - тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен, кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің қатарына қосу міндетті мақсаты тұр. Бұл дегеніміз - тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік - экономикалық жағдайды жақсарту, әлем таныған өркениеті ел болу. Ел экономикасын дамытуға отандық өндірістің қай меншікте болмасын өндіріс орындарын (кәсіпорындар, фирмалар, мекемелер кіші, орта және ірі бизнесті) нарықтық экономика жағдайында көрсету ел экономикасына, мемлекеттік бюджетке тиімді болып табылады. Қандай болмасын кәсіпорын, шаруашылық субьектілері нарықтық жағдайда қызмет етпес бұрын сол нарыққа көшу - өзінше мақсат емес яғни, экономикалық тиімділігін көрсету және адамдардың өмір деңгейін, әл-ауқатын жақсарту.
1 Шағын бизнес қалыптасуының, дамуының теориялық негіздері мен ерекшеліктері
1.1 Шағын кәсіпкерліктің жалпы экономиканың дамуындағы үлесі маңызы мен оның ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестігі жайлы» және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін: жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді; толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі; жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің жауапкершілігі жүктеледі; коммандитті, аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және біреудің салынған салымымен); қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнына алынады; өндіріс және тұтыну кооперативтері; консорциумдар; - акционерлік қоғамдар.
1.2 Мемлекеттік органдардың шағын бизнесті дамыту мен қолдау саласындағы құзіреті
«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ құруға негіз болған Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты. Президент Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» қаулы шығарды. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қызметін 1997 жылы 18 тамызда бастады. Қордың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік субьектілерін қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржы құралдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру. Бүгінде «Даму» Қоры 100 пайыз акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тиесілі ұлттық даму институты болып отыр.[4]
1.3 ҚР-ғы шағын бизнестің ұйымдастыру-құқықтық нысандары мен оның деңгейін талдау
Республикамызда нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы маңызды міндеттердің бірі - шағын кәсіпкерлікті дамыту. Республикада шағын бизнестің дамуы мен қызмет жасауына қажетті ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шараларды қалыптастырудың алғашқы қадамдары жасалуда. Оған келесі жағдайлар бекітіледі:
Шағын кәсіпорындар кез келген халық шаруашылығының саласында, кез келген меншік формасы негізінде құрыла алады. Өнеркәсіп пен құрылыста жұмыскерлер саны 200-ге дейін. Ғылым мен ғылыми қызмет көрсету саласында: жұмыскерлер саны 100 адамға дейін. Бөлшек сауда: жұмыс істейтіндер саны 15 адамға дейін.
2 ШКС мемлекеттік қолдау шаралары. ҚР-да шағын бизнесті дамыту мәселелері
2.1 Қазақстанда шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен негізгі мәселелері
Жеке кәсіпкерлікті қолдау саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты жоғары қосымша құны бар жаңа жоғары технологиялық өндірістерді құруға ұмтылған шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы орта классты қалыптастыруға бағытталған.
Қойылған мақсатты орындау үшін Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудың бір кезеңі ретінде кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту көзделген.
Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылым құрамында жеке кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай туғызатын бір топ мекеме бар.
Қазақстандағы осындай мекемелер қатарына:
2.2 Шағын кәсіпорындарды салықтандыру
26 сәуір 2010 жылы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев күрделі қаржылық жағдайды ескере отырып, Үкіметке шағын бизнес кәсіпорындарының салықтық жүктемелерін қайта құрылымдаудың нұсқаларын пысықтауды тапсырды. Елбасы бұл тапсырманы бүгін Ақордада өткен ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің 1-ші жалпы тырысында берді. «Бұны созбай, мұқият қарау қажет. Кәсіпорындар біздің еліміздің азаматтарын жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отырғанын ескеріп, мынадай қиын кезеңде мемлекет оларды тағдыр тәлкегіне тастамауы тиіс», деді отырыста Н. Назарбаев.
2.3 ҚР-ғы шағын бизнес субьектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары
Шағын бизнестің дамуының бірден бір көзі банктік несие болып табылады. Экономиканың нақты секторын және де сауда фирмаларын коммерциялық банктердің несиелеуі - ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін пайдалы, әрі тиімді.
3 Шағын бизнес даму перспективалары
3.1 Мемлекеттегі шағын кәсіпкерліктің даму жолдары
2010 жылдың 4 науырызында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жаңа Жолдауын талқылауға және Елбасының тапсырмаларын орындау жөніндегі шараларды әзірлеуге арналған кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Шара барысында баяндама жасаған Индустрия және сауда министрі ҚР Президентінің ағымдағы жолдауы ел алдына 2020 жылға дейін дамуының нақты тапсырмаларын қойғандығын, бұл орайда министрлікке де ауқымды жұмыстар жүктелгендігін атап өтті. «Сондықтан біз үшін маңызды заңдардың бірі «Индустриялық саясат туралы» заң қабылданбақ. Бұл заң жобасы әзірлену үстінде. Ол индустриалдық-инновациялық сектордағы бизнес бастамаларды қолдау жүйесін бекіте түседі», деді.
3.2 Шағын бизнестің жету шарттары
Толығымен алғанда қазіргі уақытта:
• шағын кәсіпкерліктің субъектілерін тіркеу тәртібі жеңілдетілді - типтік жарғылар енгізілді, тіркеу жинағының мөлшері 4 есеге төмендеді;
• шағын кәсіпкерліктің субъектілері үшін өнімді сертификациялау процедурасы жеңілдетілді;
• жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша жеңілдіктер және жерге құқығы енгізілді, бақылайтын және қадағалайтын мемлекеттік органдардың және олар жүргізетін ақылы қызметтер саны қысқартылды;
• өндірістік қызметпен айналысатын шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне алаңдар мен жерлерді, сол сияқты аяқталмаған құрылыс нысандарын беру бойынша тендерлер жүргізілуде;
• шағын кәсіпкерліктің субъектілері үшін бухгалтерлік есептің жеңілдетілген жүйесі енгізілді.
Қорытынды
ҚР шағын бизнес кәсіпкерлік дамуын ғылыми және практикалық зерттеу нәтижесінде дипломдық жұмыстың қорытындылары мен ұсыныстары тұжырымдалды:
Кәсіпкерліктің теориялық негіздерін зерттеу негізінде кәсіпкерлік, кәсіпкер және кәсіпкерлік табыстың тектілік түсініктері дәлелденді. Берілген терминдер бірдей дәрежеде кәсіпкерліктің барлық формаларына қатысты. Сонымен қатар, оның әр формасына өзіндік ерекшеліктер тән. Ғалым-экономистердің еңбектерін жалпылау және Қазақстанда шағын бизнестің даму ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіпкерліктің осы формасының ұғымдық аппараты айқындалды.
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың әлемдік тәжірибесін талдау Қазақстанның ұлттық экономикасындағы адам қызметінің осы сферасының ролін және орнын анықтауға мүмкіндік берді. Республиканың шағын кәсіпкерлігі не халықты өнімнен және қызметтермен қамсыздандыруда.
Бірінші тарауда көрсетілгендей шағын бизнестің нарықтық экономикада маңызы зор. Шағын бизнестің нақты ролі келісілерде айқындалады: