Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиет

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 22 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Сөзжасамдық тәсілдер


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Сөзжасамның тәсілдері 6
1.1 Сөзжасам тіл білімінің жеке саласы 6
1.2 Жалпы сөзжсам 7
1.3 Сөзжасам жүйесі 7
2 Сөзжасамның лексико-семантикалық тәсілі 10
2.1 Сөзжасамның аналитикалық тәсілі 10
2.2 Сөзжасамның синтетикалық тәсілі 15
2.3 Сөзжасам тәсілдерінің жалпы сипаттамасы 16
Қорытынды 18
Пайдаланған әдебиеттер 22

Кіріспе
Етістіктің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы да тілдің жалпы сөзжасам жүйесінің заңдылығына толық сай келеді. Негізгі сөз таптарының сөзжасам жүйесі бойынша алдымен әр сөз табының лексикалық қоры сөзжасамға негіз болады, содан кейін басқа сөз табының лексикалық единицалары сөзжасамға негіз болады. Осы принцип етістіктің синтетикалық тәсіліне қалай сақталса, етістіктің аналитикалық тәсілі арқылы жасалуында да солай сақталады. Етістік сөзжасамының аналитикалық тәсілі тілдің жалпы жүйесінің заңдылықтарына толық сәйкес екені даусыз. Сөзжасамның жүйелік сипаты етістіктің аналитикалық тәсілі бойынша жасалуынан да анық көрінеді.

1 Сөзжасамның тәсілдері
1.1 Сөзжасам тіл білімінің жеке саласы
Міне осы алдымыздағы жұмыстың мазмұны болып етістіктің сөзжасамы болып табылады. Кіріспеден ең әуелі жалпы етістік пен сөзжасамның не екенің көрсетіп, оларға нақты анықтама бермекшімін. Негізгі бөлімнен осы саланың синтетикалық және аналитикалық тәсілдер арқылы жасалу жолдарын көре аламыз. Қорытындысына келер болсақ, осы жерде жұмысты қорытындылай келе қандай, нендей мәселелер одан әрі қарастырылу керек екені қамтылғанын көреміз.
Етістік – деп, заттың қимылын, ісін, күй-жайын білдіретін сөз табын атайды. Етістік сөйлемде көбінесе баяндауыш болады. Не істеді? Не қылды? Не істелінді? Қайтты? Деген сұрақтарға жауап береді [8]. Мысалы: Олар Тоқаш Бокинді айуандықпен азаптап өлтірді.

1.2 Жалпы сөзжсам
Осындағы сабақты етістіктер тобына: от - а, қауз - а, ал салт етістікке тіс-е туынды түбірлерді жатқызуға болады. Мысалы: Арам шөбін өсірмейді, отайды.
Өздеріне негіз болып тұрған еліктеуіштердің болу процестерін білдіретін салт етістіктер де осы – а, - е аффиксті туынды түбірлерге жатады. Салдыр, сарқыр, арқыр, бұрқыр, мөлдір туынды түбір толып жатқан негізді және туынды түбірлер одан әрі: салдыр-а, сарқыр-а, арқыр-а, бұрқыр-а, мөлдір-е, күркір-е, тұнжыр-а туынды түбір, туынды түбір етістіктерді жасайды. Етістіктерге негіз болып тұрғандардың ішінде: бұрқ, сарқ, жылт, қалт, мөлт тәрізді ілкі дербес түбірлер. Мысалы: Жас әйелдердің осы өлеңі Әміржанға желік бергендей болды да, тұнжыраған қабағын сергітіп, күлімсіреді(Б. Майлин).

1.3 Сөзжасам жүйесі
Түн-е етістігін де осы топқа жатқызуға болады. Түнді өткеру ғана емес, сол түнде қонып шығу дегенді да білдіретін бұл етістік те, қайда, қай жерде, мекенді де мензейді. Бос-а, құрғ-а тәрізді де сол сапаға ауысу процесін білдіретін салт етістіктер бар. Бұлар да көп мағыналы сөздер тобына жатады.
Мысалыға: суын төксе, шелек босайды, ішіндегілер көшсе, үй босайды. Бұлар тура және бірінші мағынасы. Ал, қазғанда, топырақтың босауы, тығынның босауы, ауыспалы мән болса да, көңілдің босауы туынды түбір мағыналары және бар.Міне осы жазылған жұмыстың мазмұны болып етістіктің сөзжасамы болып табылады. Кіріспеден ең әуелі жалпы етістік пен сөзжасамның не екенің көрсеттім, оларға нақты анықтама бердім. Негізгі бөлімнен осы саланың синтетикалық және аналитикалық тәсілддер арқылы жасалу жолдарын көре аламыз. Қорытындысына келер болсақ, осы жерде жұмысты қорытындылай келе қандай, нендей мәселелер одан әрі қарастырылу керек екені қамтылған. Осы жұмыста етістік, сөзжасам, оның синтетикалық және аналитикалық тәсілддер арқылы жасалу жолдарын түгелдей зерттедім.

2 Сөзжасамның лексико-семантикалық тәсілі
2.1 Сөзжасамның аналитикалық тәсілі
Етістік синтетикалық тәсілмен ғана жасалып қоймайды, сонымен бірге аналитикалық тәсіл де етістіктің жасалуыеда кең қолданылады. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған етістіктер саны туынды түбір етістіктерден көп болмаса аз емес. Сондықтан аналитикалық тәсіл етістік сөзжасамының негізгі тәсілдерінің бірі және ол тәсіл – тілімізде көне кезеңдерден бері қарай үздіксіз қолданылып келе жатқан өте өнімді тәсіл.
Етістік сөзжасамының аналитикалық тәсілі деп сөздерді бір-біріне тіркестіру арқылы күрделі қимыл ұғымын немесе сөзге қимыл мағынасын беруді айтамыз [14] .

2.2 Сөзжасамның синтетикалық тәсілі
Түркі тілдерінде сөзжасамдық тұлғалар да сөздің оң жағынан қосылады. Ал тілдегі етістік жасаушы тірек компоненттер де ауыспалы компоненттің оң жағынан (соңынан) тіркеседі: алып кел, жазып ал, т.б.
Бұл тілдегі грамматикалық, лексикалық мағына тудырушы тұлғалардың сырттай ұқсастығы сияқты болып көрінгенімен, ол тілдің ішкі даму заңдылығына тірелетін тілдегі жалпы құбылысқа сияды.
Сөзжасамның синтетикалық және аналитикалық жүйелерінің бірсыпыра ұқсастықтары осы жалпылық құбылысқа жүгінеді.

2.3 Сөзжасам тәсілдерінің жалпы сипаттамасы
Күрделі қимыл ұғымы түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде өте көне замандардан қалыптасқан. Күрделі қимылды білдіретін етістіктер тілде ереден қолданылып келеді. Тіліміз күрделі етістікке өте бай, олар білдіретін күрделі қимыл ұғымы да өте мол. Күрделі қимыл ұғымы екі, кейде одан да көп, жеке қимылдардың кірігуінен қалыптасқан. Күрделі қимылды біртұтас қимыл ретінде қарау керек, оның мәнін бөлшектеуге келмейді. Ол – жалғыз етістікке ғана байланысты емес, басқа күрделі сөздерге де тән құбылыс.

Қорытынды
Етістік сөзжасамының синтетикалық тәсілінде басқа сөз табынан етістік жасау ерекше орын алады, етістік сөзжасамының өте бай көзі. Бірақ аналитикалық тәсіл арқылы басқа сөз табының сөздерінен етістік жасау онша дамымаған, оған сөзжасамдық элементтерге тіліміз бай емес. Дегенмен аз да болса, тілімізде мұндай сөзжасамдық элементтер де бар. Оған ет, қыл, бол, сал т.б. элементтер жатады. Мысалы: Сіз кімнің алдында тұрғаныңызды білесіз бе? – деп ақ жағалы еркек бір қолымен үстелді сарт еткізіп ұрды (Қ.Мәшһүр-Жүсіпов). Келтірілген мысалдағы сарт еткізіп деген құранды етістіктің жасалу жолын алайық. Мұндағы сарт деген – есім сөз, еткізіп деген – көмекші етістік; ол өздігінен лексикалық мағына бермейді.