ҚР-ның Ұлттық банкінің құқықтық жағдайы
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қалыптасу тарихы 6
2 Ұлттық Банкінің құқықтық жағдайы 10
2.1 Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы 10
2.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің негізгі міндеттері, функциялары және өкілеттіліктері 17
2.3 Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары 22
3 Қазақстан Ұлттық Банкінің бақылау және қадағалау функциялары 28
3.1 Ұлттық Банктің ақша айналымы саласындағы құзыреті 30
4 Банктердің операциялық қызметін құқықтық реттеу негіздері 34
4.1 Банктердің банктік кредиттеу операцияларын құқықытық реттеу 34
4.2 Банктердің есеп айырысу операцияларын құқықтық реттеу 44
4.3 Банктердің депозиттік операцияларын құқықтық реттеу 48
5 Шетелдік тәжірибедегі Орталық банктерді ұйымдастыру және басқару ерекшеліктері 54
Қорытынды 57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 62
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президентінің 2009 жылғы 6 наурыздағы халқына Жолдауында «Қазақстан әлемдік экономикаының өскелең турбуленттігіне жедел үн қатқан және алдын алу шараларын іске асыруға кіріскен әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі болды. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды» - деп атап көрсетті [1].
Сондықтан да бүгінгi таңда Қазақстан Республикасындағы көптеген экономикалық - қаржылық құқықтық құбылыстардың ішінен айрықша қарқынмен дамып жатқан банк жүйесі екендігін айтқанымыз жөн.
1 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қалыптасу тарихы
1990 жылы 7 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының «Қазақ КСР-індегі банктер және банк қызметі туралы» Заңымен КСРО Мемлекеттік банкі Қазақ республикалық мекемесінің базасында Қазақ КСР Мемлекеттік банкін құрған болатын.
2 Ұлттық Банкінің құқықтық жағдайы
2.1 Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы
Қазақстан Ұлттық Банкі тіке бағыныстағы схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылым болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің құрамына департаменттерден тұратын орталық аппарат пен басқа бөлімшелер, филиалдар, өкілдіктер және ұйымдар кіреді.
Қазақстан Ұлттық Банкі ұйымдары заңды тұлға болып табылады, республикалық мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіпте тіркелуге жатады. Қазақстан Ұлттық Банктің ұйымдары болып табылатындар:
2.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің негізгі міндеттері, функциялары және өкілеттіктері
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (Қазақстан Ұлттық Банкі) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейін білдіреді.
Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы занды тұлға болып табылады. Оның дербес балансы болады және өзінің филиалдарымен, өкілдіктерімен және ұйымдарымен бірге тікелей бағыну схемасымен біртұтас орталықтандырылған құрылымды кұрайды.
2.3 Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары
Ақша- төлем құралы, айналым құралы, құн өлшемі және тағыда басқа ретінде болса, ол қаржы бөлу және бақылау функциясын атқарады.
Ақша мен қаржы категориялары бірі қасиеттен екіншісіне ауыса отырып, өзара қызметтеседі.
Бөлу және бақылау функцияларында қаржының рөлі айқындалады, және оның мемлекеттік, қоғамдық өмірдегі бағыты да айқындалады.
Қаржыны бөлу кезінде қоғамдық өнімді және ұлттық түсімді бөлу жүреді, сол сияқты қоғамның әртүрлі тұтынуын қамтамасыз ету үшін қаржылық қор құралады және қолданылады. (мысалы, экономиканы дамыту үшін, экологиялық қауіпсіздік үшін, әлеуметтік-мәдени даму үшін, елді қорғау үшін тағыда басқа).
3 Қазақстан Ұлттық Банкінің бақылау және қадағалау функциялары
Қазақстанның Ұлттық Банкі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының банктік заңнамаларына сәйкес жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың қызметін реттеу мен бақылау жасауға қатысады.
Қазақстанның Ұлттық Банкі банктердің жұмыс істеу жүйелері мен ерікті банктік бәсекелердің принциптерін енгізуге арналған жалпы шарттарды жасауға жәрдемдеседі.
Қазақстан Ұлттық банкінің реттеуші функциялары Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, банктік несие берушілердің, салымшылар мен клиенттердің мүддесін қорғауға бағытталады.
3.1 Ұлттық Банктің ақша айналымы саласындағы құзыреті
Ақша мемлекет пайда болмастан кеп бұрын қолданысқа енді және ол тауардың әр түрлі болатындығын білдірді. Бұл айырбас қатынастарының дамуының нәтижесі еді. Сөйтіп, ақша өзінің тауар ретіндегі сарасын біртіндеп жоғалтып, оның құнының баламасына көшті. Мемлекет өзінің қаржы қызметі саласында өзіне дейінгі қолданылған ақшаны пайдаланды. Қазақстан Республикасы өзінің төл тенгесін шығарғанға дейін кеңестік (кейін ресейлік) сомдарды қолдайды. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы 1993 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен енгізілді [16].
4 Ұлттық Банктің Банктердің операциялық қызметін құқықтық реттеу негіздері
4.1 Банктердің банктік кредиттеу операцияларын құқықытық реттеу
Нарықтық экономиканың дамуы жағдайында шаруашылық қатынас-байланыстар аясында тиісті банктік заңнамалык және заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілер, кредиттік (заемдық) шарттар негізінде банктік кредиттеуге байланысты туындайтын қатынастар өзіндік қажеттілігімен әрі экономикалык-қаржылық сипатымен ерекшеленіп, банктік кредиттік құқықтық қатынастар ретінде айрықша көрініс табуда.
Қандай болмасын банктің негізгі классикалық операциялық қызметінің түріне банктік кредиттеу жатады. Банктік кредиттеу банктер тарапынан жатпай-тұрмай әрі асқан белсенділік танытып іске асырылатын активті банктік операция болып табылады.
Банктік кредиттеу мынадай белгілерімен ерекшеленеді[20]:
4.2 Банктердің есеп айырысу операцияларын құқықтық реттеу
Банктік есеп айырысуды құқықтық реттеу: жалпы мән-жайларын сөз етсек, банктердің есеп айырысу операциялары, әдетте, банк клиентінің немесе оның контрагентінің тапсырмасы бойынша оның банктік шотындағы ақша қаражатының белгілі сомасын шоттан шығарып түрлі мақсаттарға орай (алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызмет үшін) осы соманы басқа банктік шотқа есептеу жөніндегі тиісті заңнамада белгіленген мерзім мен тәртіп негізінде банк іске асыратын делдалдық функция ретінде көрініс табады.
4.3 Банктердің депозиттік операцияларын құқықтық реттеу
Банктердің депозиттік операциялары: түрлері, принциптері, құқықтық негіздері.
Қандай болмасын банктің кредиттік ресурстарын негізінен алғанда банк клиенттерінен тартылып жұмылдырылған депозиттер (заңды және жеке тұлғалардың банкке сақтауға салған уақытша бос ақша қаражаттары) кұрайды.
Қазақстан Республикасының заң шығарушысы депозит деп депозитордың қайтарымдылық шарттылығымен оның алғашқы талап етуі бойынша немесе белгіленген мерзім өткеннен кейін толық мөлшерде бірден не болмаса бөліп-бөліп банктік депозит шартында келісілген үстемесімен не ондай үстемесіз (процентсіз) қайтарылуға тиіс банкке беретін ақша қаражатын есептеген.
5 Шетелдік тәжірибедегі Орталық банктерді ұйымдастыру және басқару ерекшеліктері
АҚШ-тың федералдық резервтік жүйесі өзінің мәні жағынан басқа елдердің орталық эмиссиялық банктеріне балама болып келеді, бірақ оның ұйымдастырылуында осы елдің федералдық саяси жүйесінің негізі жатыр.
ФРЖ өзінің құрылымы мен басқару қағидалары бойынша басқа елдердің орталық банктерінен өзгешеленеді.
Қорытынды
Дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қалыптасу тарихы, өкілеттілігі, ақша саясатының негізгі бағыттары, жалпы алғанда оның құқықтық жағдайы толығымен қарастырылды.
Дипломдық жұмысты ақтай келе, Ұлттық банк дегеніміз не? оның қандай құзыреті бар? және қандай операцияларды жүзеге асырады деген сұрақтарға жауап беруді жөн көрдік.