Оқушылардың зерттеу іс әрекетін ұйымдастыру
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ 8
1.1 ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТЫҢ ӘДІСНАМАСЫ 8
1.2 ҒЫЛЫМИ - ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ 12
1.3 ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТЫНЫҢ БІР ТҮРІ 13
1.4 ҒЫЛЫМИ – ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСТАУЫ 15
1.5 ЗЕРРТЕУДІҢ ӘДІС – ТӘСІЛДЕРІ, ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫН ЖАСАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 16
1.6 МЕКТЕПТЕ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУ КЕЗЕҢДЕР 17
1.6.1 ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫ РӘСІМДЕУ 17
1.7 ОҚУШЫЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР ЖАРЫСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ 20
1.7.1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР ЖАРЫСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІ 20
1.8 ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҒЫЛЫМҒА БЕЙІМДЕУ 23
1.9 ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ӘДЕБИЕТТЕРДІ ЗЕРДЕЛЕУ 26
2 ОҚУШЫЛАРДЫ ҒЫЛЫМИ – ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНА БАУЛУ 28
2.1 ДАРЫНДЫЛЫҚ ҰҒЫМЫНЫҢ МӘН-МАҒЫНАСЫ, АЛҒЫ ШАРТТАРЫ 28
2.2 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ӘДІСТЕМЕСІ 32
2.3 ОҚУШЫЛАРДЫ ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚ БАҒЫТТАЙТЫН ЖҰМЫСТАРҒА
ТӨСЕЛДІРУДІҢ ӘДІСТЕРІ 47
ҚОРЫТЫНДЫ 62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 65
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің және демократиялық, нарықтық экономикасы бар құқықтық қоғамды құрудың күрделі үрдісін басынан кешіруде. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында елдің 2030 жылға дейінгі стратегиялық басымдылықтары анықталған. Онда айтылғандай, алдағы ғасырға экономикалық және әлеуметтік өрлеудегі басты фактор «адамдардың өздері, олардың еріктері, күш-қуаты, табандылығы және білімдері» болып табылады.
Қойылған міндеттерді шешу үшін республиканың интеллектуалды және тәрбиелеудің психологиялық - педагогикалық сұрақтарын қарастырумен Қазақстанда ұзақ уақыт бойы өте аз айналысты, тіпте айналыспады десекте болады. Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың әрі қарайғы дамуы үшін жағдайлар жасауы керек екендігі анық. Себебі баланың қабілеттері мен таланттарын толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет болып табылады. Жаңа технологияларды практикаға енгізу және игертудегі сапалы қадамның сандарынан қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие, өндірістік және әлеуметтік өмірге, жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік өсті.
1 ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ
1.1 ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТЫҢ ӘДІСНАМАСЫ
Қазіргі заманғы ғылым – еңбек іс- әрекетін адамның ойлауы мен психикалық және дене күштерінің ынталануын талап ететін бір түрі болып табылады. Ғылым іс – әрекеттің ең бір қиын да, күрделі, көп ақпараттық білімді, білік дағдыны талап ететін бір саласы болып есептеледі.
Қазіргі зерттеуші – ғалымның алдында кез келген ғылыми мәселені шешетін дұрыс бапты анықтау міндеті тұр. Мұндай бапты беталды іздеу көп уақыт пен күшті талап етеді, бұның өзі де көбінесе дұрыс шешімге әкелмейді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта дұрыс сұрақты қоя білу, оған жауапты анықтау қажеттілігімен ғана шектелмей, ғылыми еңбектің жемісін пайдалану нәтижелерін көре білу керек. Ғылыми жұмыстың нәтижелілігі көп жағдайда таңдалған әдіснамаға байланысты.
Ғылыми әдіснаманың үш деңгейі бар:
1.2 ҒЫЛЫМИ - ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Теория ғылымы өз кезегінде аналитика және өнертапқыш түріне бөлінеді. Аналитикалық ғылым белгілі түсініктер мен заңдарды математикалық өңдеудің есептеу әрекетінен құралады, мұның мақсаты аталған заңдармен құбылыстардың сандық сипаттамасын беру. Бұл зерттеулердің мақсаты, зерттеу объектісін жүзеге асырудың түрлі жағдайында бет алысын болжамдап математикалық байланыстылығын табу.
дене күштерін және рухани қайратын зерттеу. Ғылым аясында еңбек ету әрқашанда құрметті және мәртебелі болып саналған.
1.3 ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТЫНЫҢ БІР ТҮРІ
Бақылау — зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми Бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс әрі дәл жазып алуды талап етеді. Сондықтан Бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және сауаттылығына байланысты. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, Бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу-тәрбие барысында жалпы мәселелерді (сабақ үстіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалардың ұжымдық іс-әрекеті, т.б.) зерттеу үшін жаппай Бақылау әдісі пайдаланылады. Жеке оқушының іс-әрекеті мен мінез-құлқын зерттеу үшін ішінара Бақылау әдісі қолданылады. Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулалар, кестелер, фотосуреттер, сұлбалар, әсіресе, техника құралдарды (киноға түсіру, магнитофонға жазу, т.б.) кеңінен пайдаланады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке, хаттамаға жазылады.
1.4 ҒЫЛЫМИ – ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСТАУЫ
Ғылыми – зерттеу жұмысы өзекті проблемалардан бастау алатындығы баршамызға мәлім. Адамдар сонау алғашқы қауымдық құрылыстың өзінде табиғаттың, жаратылыстың тылсым дүниелеріне үңілген. Әр түрлі саланы зерттейтін ғылымдардың барлығы да адам баласының «білсем», «танысам» деген ынталарынан туындаған. Жұмбақ дүниелер проблеманы туғызған, ал проблемалар бір ғылым саласының тууына, дамуына ықпал еткен.
1.5 ЗЕРРТЕУДІҢ ӘДІС – ТӘСІЛДЕРІ, ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫН ЖАСАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Зерттеу жұмысы – шығармашылық үрдіс. Оның барысында өзгертулер, толықтырулардың болып тұруы заңды құбылыс. Зерттеу жұмысына, ең алдымен жоспар жасап алу керек. Жұмыс жоспары «Не істеу керек, қандай жолдары бар, қандай әдістер дұрыс ? » деген сұрақтарды қамтиды.
1.8 ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҒЫЛЫМҒА БЕЙІМДЕУ
Бүгінгі білім беру үрдісінің жалпы орта білім беру мазмұны әрбір оқушының жеке ерекшеліктері ескерілген білім беру нәтижелері түріндегі құзыреттіліктер жиынтығын игеруге бағдарланған. Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Өзіндік көзқарасты қалыптастыруда дарынды оқушыларды ғылымға бейімдеу.
1.9 ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ӘДЕБИЕТТЕРДІ ЗЕРДЕЛЕУ
Жұмыстың бұл кезеңінің мақсаты оқушылардың бойында тақырып бойынша әдебиеттерді таңдай білуді, библиографиялық тізімді сауатты құра білуді қалыптастыру. Осы жұмысты орындаған кезде келесі тақырыптар ескерілу керек:
2 ОҚУШЫЛАРДЫ ҒЫЛЫМИ – ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНА БАУЛУ
2.1 ДАРЫНДЫЛЫҚ ҰҒЫМЫНЫҢ МӘН-МАҒЫНАСЫ, АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
Бүгінгі таңда дарынды бала сөзі жиі қолданылып жүр. Дарындылық—адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Қазіргі таңда барлық оқушы дарынды оқушы. Бұл қасиетті байқап, оның бар екеніне көзжеткізіп, бойындағы дарынын одан әрі өрбітуге, ұштауға, арман асуларын жұлдыздай жарқырап, тау бұлағындай мөлдіреп, халқының, ата-анасының мақтанышы болуға мүмкіндік жасау мұғалімге артылатын жүк.
2.2 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы және адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Осы мәселе негізінде дарындылықты анықтап алу негізге алынуы шарт.
Қазақстан Республикасында қазіргі білім беру жүйесіне тек педагогикалық және философиялық идеиялар ғана емес, әлеуметтік және саяси идеялар мен жаңарулар елеулі ықпал етуде. Соның бірі дарындылықты әлеуметтік мәселе ретінде қарастыра келіп, рухани адамгершілікті, көпмәдениетті тұлға тәрбиелеу мәселелерінің өзектілігінің арта түсуі болып отыр. Адам бойындағы асыл құндылықтарды шәкірт бойына сіңіру, қоғамда өз орынын таба білетін дара тұлға тәрбиелеудегі мұғалімнің атқарар қызметі орасан зор.
2.3 ОҚУШЫЛАРДЫ ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚ БАҒЫТТАЙТЫН ЖҰМЫСТАРҒА ТӨСЕЛДІРУДІҢ ӘДІСТЕРІ
Көркем шығарманың тақырыбы мен идеялық мазмұнын, көркем сюжетін, таныстыра отырып, әрмен қарай оқиға желісін, жеке кейіпкерлердің мінездемесін шәкірттеріміздің өзі алып кеткенін қалаймыз, қаһарман туралы өзіндік ой-пікірі болғанын мақұлдаймыз, мүмкіндігімізше белсенді іс-әрекетердің жүруіне бағыт беріп, байқаймыз.Егер біз шартты түрде өзімізді кеме үстіндегі бір команда етіп алсақ, ұстаз- капитан, шәкірттер –оның командасындағы жұмыскерлер.Шын мәнісінде капитанның ұсынған бағдар-бағытын команда мүшелері өз беттерінше мұқият жұмылып орындамаса кеме апатқа ұшырар еді.Кейде әдебиет сабағының өзі де осыған ұқсайды, ұстаз келешекте істер жұмыстың идеясын, бастамасын өзі айтып,бағдар-бағыт сілтейді,ары қарай оқушылар бірдей жұмылып, әдеби талдау , ой қорытындысын өздері жүргізіп кетпесе, сабағыңыз ойдағыдай шықпай, жоспарыңыз бұзылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жас ұрпақты еңбек сүйгіш , мәдениетті , білімді және сауатты адам етіп шығару жолында оқушыларды жинақтылыққа , мұқияттылыққа, эстетикалық сезімталдыққа баули білу үшін мұғалім зерттеу жұмысқа үйрету жолында дұрыс талап қоя білуі қажет.
Қоғамдық сананың айрықша саласы – көркем өнер десек, мұның жалпы адамзат мәдениетінен алар орны өзгеше, адамдардың парасат дүниесінде атқарар қызметі зор. Микеланджело жасаған мүсін, Шекспир туғызған трагедия, Глинка шығарған музыка, Абай жазған лирика, Чуриков салған сурет мезгілін аттап өтіп, уақыт сынына мүдірместен ,көрген, тыңдаған, оқыған адамдар жанын сусындатумен келеді және келешекте де сусындата бермек. Көркемөнердің көп салаларының ішіндегі ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі –көркем әдебиет.” Әдебиет –ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы” ,- деп белгілі әдебиет зерттеушісі З.Қабдолов өте орынды айтқан.