Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 62 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

М. Жүсіп Көпеев шығармаларының ерекшелігі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің рухани мұрасы 7
1.1 Мәшһүр Жүсіп шығармаларының қалыптасу арналары 7
1.2 Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы қоғамдық жағдайдың суреттелуі 10
1.3 Баспасөз бетінде жарық көрген шығармаларының тақырыптық-идеялық негізі, мән-маңызы 14
1.4 М. Жүсіп шығармаларының тақырып ауқымы, жанрлық сипаты 19
1.5 Ғашықтық дастанының тақырыбы, идеясы және діни қисса-дастандардың сюжеті мен мотиві 23
1.6 М.Ж. Көпеев шығармаларының шығыс-түркі әдебиетімен байланысы 27
1.7 Діни таным-түсінікке негізделген шығармаларының әдеби байланыстағы орны 31
2 Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларының бейнелілігі мен стилі 36
2.1 Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларының тілі 36
2.2 Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларындағы фразеологизмдер қолданысы 41
2.3 Фразеологизмдердің танымдық мәні 44
2.4 Фразеологияның стилистикалық сипаты 48
2.4.1 Соматикалық фразеологизмдер 50
2.4.2 Зооморфтық фразеологизмдер 51
2.4.3 Фразеологизмдердегі түр-түстік символ 52
2.4.4 Фразеологизмдердегі сандық символ 54
2.5 Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларындағы фразеологизмдердің бағалауыштық мәні 56
2.5.1 Метафоралардың қолданысы 56
2.5.2 Теңеулер қолданысы 57
2.5.3 Эпитеттер қолданысы 59
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 62

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қайсыбір қоғам не әдебиет қайраткерінің қызметі мен шығармашылығы оның өзіне дейінгілерге қарағанда қаншалықты жаңалық әкелгендігінде қарай бағалануға тиіс. Шынында, осы талап бар кезеңнің қайраткерлеріне қатысты.
Әсіресе, аумалы-төкпелі заманда өмір сүріп, не бір қиындықтарды бастан кешкен халық ұлдарының іс-әрекеті мен ой-пікірлерін осы тұрғыдан саралауымыз керек.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы қазақ халқының рухани-мәдени өмірінде өшпес із қалдырған ерекше бір кезең екені белгілі. Сондықтан да сол кезеңнің әрбір қалам иесінің, мейлі ол ұсақ не ірі болсын, шығармашылығын нақты әрі жан-жақты зерттеу бүгінгі таңда толғақты да маңызды.

1 Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің рухани мұрасы

1.1 Мәшһүр Жүсіп шығармаларының қалыптасу арналары
ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ақын-жазушылардың ішінде Абайдан кейінгі, Шәкәріммен үзеңгілес, иықтас тұрған ол – дау жоқ Мәшһүр-Жүсіп. Мәшһүр-Жүсіп те Шәкәрім сияқты Абайды рухани ұстазы ретінде қатты құрмет тұтқан, өзіне үлгі санаған. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев ерте кезден-ақ Абайдың ел ішінде таралған өлеңдерін жаттап, жинап жүрген. Олардың тұтынған рухани азығы да, өскен ортасы, заманы, дәуірі де бір.
Демек, үшеуі қазақ мәдениеті шеңберіндегі ислам мәдениеті мен шығыс мәдениетін және орыс (еуропа) мәдениетін тел еміп өсті. Шәкәрім мен Мәшһүр-Жүсіп бір мектептің адамдары. Шыққан шекпендері де бір. Сондықтан да олардың ескілік дүниелерін бір контексте, бір ұғымның төңірегінде байланысты қарастырған дұрыс болар еді. Бұл арада Дулат өлеңдерінің тілін де қоса айтқанды жөн санадық. Өйткені, олардың өмір сүрген ортасы, көбірек тұтынған этномәдени лексикасының негізгі өзек-аймағы да бір. Бұл арада Дулат өмір сүрген дәуірдегі әлеуметтік билік, ақын-жырау шығармаларындағы көтерген идея сәл де болса өзгеше болғандығы да еске алынды.

1.2 Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы қоғамдық жағдайдың суреттелуі
М.Жүсіп Көпеев «Сарыарқаның кімдікі екендігі» атты еңбегінде қазақтың жер-суынан айрылып, патшаның отаршылық талауына түскенін жазады. Алдымен қазақтың кең жер, ата-қонысы жайында, бұдан арғы 500–600 жылғы қазақ тарихынан әңгіме қозғайды. Сарыарқа – қазақтың Ноғайлы заманынан бері қарай мекендеп, туып-өсіп келе жатқан жері. Арқадағы жер аттарының аталу тарихын «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу» жырымен байланыстырады. Бұл жер – Қытайдың, Жоңғар қалмақтарының Орта Азия хандығының шабуылынан
сан рет қорғап алып қалған, осы жер үшін қазақ халқы, оның талай ерлері, талай батырлары қанын төгіп еді дейді: «Бұл қазақ иесіз жатқан жерге текке ие болған жоқ. «Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаздауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек замандарында жаннан көшіп, сусын орнына қызыл қан ішіп, «жаудай алысып, жаттай салысып, күні-түні атысып, қара қанға басылып», шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз жау қолында оққа ұшып, өліп, сөйтіп алған жері еді.

1.3 Баспасөз бетінде жарық көрген шығармаларының тақырыптық-идеялық негізі, мән-маңызы
Қазақтың алғашқы публицистерінің бірі ретінде ол капитализм талқысына түсіп, жұтаған, отаршылдықтың езгісінде қалып, тапталған халқының правосын көбірек айтады. 1890 жылы бір мақаласында Ақбеттау еліндегі Құсайын Поштаев дегеннің алпыс үй кедейді салықтан босатып, салықты малына қарай байларға салғанын өте орынды деп біледі. «Байды жамандасып, нашардан бірдеңе аламын деп жатқаным жоқ. Құсайын мырзаның нашарға қылған жақсылығын айтып отырмын», – дейді жазушы. Ол жұртты бай, кедей деп бөлмей, тұтас халықтық тұрғыдан қарайды. Гуманистік, адамгершілік негізде толғанып, халықты әділдікке, шындыққа жүгінуге шақырады.

1.4 М. Жүсіп шығармаларының тақырып ауқымы, жанрлық сипаты
М.Ж. Көпеев халқына саяси-әлеуметтік бостандықты талап еткен ХХ ғасырдың басындағы алғашқы қайраткерлер қатарына жатады. Ол өз шығармалары арқылы патша өкіметінің саясатына қарсы наразылық білдірушілердің бірі болды. Қылышынан қан тамған патша өкіметінің жендеттерінен қаймықпай, қазақ халқының қоғамдық және мәдени мүдделеріне сай қажеттіліктерді батыл баяндайды. Жазушының негізгі еңбектерінде сол кездегі қазақ елінің тұрмыс жайы, патша әкімдерінің қалың бұқараға көрсеткен
зорлық-зомбылығы, халықтың жер-суынан айрылып, ығыса көшуі, 17 октябрьдегі манифест, тағы басқалары сөз болады. Сонымен қатар, ол қазақ даласының өз еркімен орыс патшасының бодандығына өтуін орны толмас қате деп есептеді.

1.5 Ғашықтық дастанының тақырыбы, идеясы және діни қисса-дастандардың сюжеті мен мотиві
М.Ж. Көпеев өз тұсындағы ақындар секілді шығыс хикаяларымен сарындас шығармалар жазды. Сондай туындылардың бірі – «Гүлшат – Шеризат». Қиссаның тілі мен композициялық құрылысына қарағанда, шығыстық сюжетті қайталамай, өзінше жаңғыртып, қазақша нұсқасын жасаған. Шығармада Бағдат, Шынмашын аттары аталып, оқиға сол жақта болып жатқанмен, Мәшһүр түпнұсқаны өзінше өңдеп, моральдық, әділдік, ғашықтық жайын сөз етеді. Қиссада жаманшылық өкілдері жазасын тартып, әділдік баянды болғаны түсіндіріледі. Дүниеге сатылып зұлымдық істегендер, кісі қанын жүктеген мансапқорлар әшкереленеді. Қисса:

1.6 М.Ж. Көпеев шығармаларының шығыс-түркі әдебиетімен байланысы
Қазақ әдебиетінің ел тағдырына ұқсас аумалы-төкпелі кезеңдері, өзіндік даму тарихы мен болмыс-бітімі, қыр-сыры бар десек, соған байланысты айқындалатын бағыт-бағдары да болғаны рас. Және ол үрдістің пайда болып, қалыптасуында басқа ұлттар әдебиетімен қарым-қатынастың жетекші рөл атқарғанын байқаймыз. Әсіресе, мұны ХХ ғасыр басындағы әдеби-тарихи процестен аңғару қиын емес. Нақтырақ айтқанда, Ресей империясына қарасты
мұсылман, түркі тектес халықтардың тағдыры мен тарихы шытырман оқиғаларға толы қилы кезеңге тұспа-тұс келді.

1.7 Діни таным-түсінікке негізделген шығармаларының әдеби байланыстағы орны
Рас, Мәшһүр Жүсіп тәңірге табынып, құлшылық еткен, бес уақыт намазды қаза жібермеген тақуа, пірадар адам болған. Ол Бұқара, Самарқанд шаһарларында жүрген кезінде дін оқуын тәмамдап, оны толық меңгереді. Оның дүниетанымында діни наным-сенім айрықша орын алады. Сондықтан бірқатар ғалымдар М.Ж.Көпеевті ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық ой-сананың, діни-мистикалық ағымның өкілі деп танып келді. Ал, аталмыш ақынның шығармаларын идеялық-эстетикалық мазмұн-мағынасына қарай қарастырып, тереңірек үңілсек, бұл пікірдің оғаштығына айқын көз жеткізер едік.

2 Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларының бейнелілігі мен стилі

2.1 Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларының тілі
М.Ж. Көпеев өзі өмір сүрген күрделі дәуірдің шындығын өз туындыларында тап басып суреттей білді. Бұл сипат оның шығармаларында шындықпен көрініс тапты. Мәшһүр сол кездегі қазақ даласының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-тұрмыстық жайларын жіті сезінді. Сөйтіп ол төл туындылары арқылы өз кезіндегі қазақ өмірінің бет-бейнесін көрсете алды. Сондай-ақ, шайырдың өмір жайлы, тіршілік сырлары туралы пәлсапалық ой-толғаныстарға толы өлеңдерінің бір қасиеті – адам мен қоғам өміріне, тіршілік- тынысына және әр түрлі мәселелерге қатысты түсініктері болса керек. Мұның бәрі ақын поэзиясының мазмұнының ауқымдығын, идеясының тереңдігін дәлелдей түсері қақ.

2.2 Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларындағы фразеологизмдер қолданысы
І.Кеңесбаев: «Фразеологизмдердің құрылым жағынан қалыптасып, компоненттерінің тіркесу амалдарында бір заңдылық бар. Өмір талабынан туған фразеологизмдер талай дәуірдің елегінен өтіп, құрамы, жасалу тәсілі жағынан, мағынасы жағынан бір жүйеге түскен»,-дейді [33, 601б.].
Фразеологизмдер кешенді белгілерінің негізінде басқа тілдік бірліктерден ажыратылатын оралымдар болып табылады. Олар тұтасқан күйінде даяр тұрған оралым ретінде, фразеологизм құрамындағы компоненттер бұрыннан тіркесіп қойған қалпында қолданылады, олардың орын тәртібі тұрақты. Десек те, жалпы фразеологизмдердің шыққан тегі сөз тіркестері мен сөйлемдер екеніне ешкім шек келтірмейді. Фразеологизмдердің мағынасы туынды, астарлы, даму барысында семантикалық өзгерістерге түсіп қалыптасқан, олар экспрессивтік қызмет атқарады.

2.3 Фразеологизмдердің танымдық мәні
Когнитивтік лингвистика – адам дүниетанымы туралы ғылым. Адамның когнитивті дүниесі оның ойлау әрекетінен көрінеді десек, сол әрекетті танытатын негізгі белгі – оның тілі болып табылады. Көркем шығармадағы тілдік жүйенің құрылымын, ұлттық тілдің табиғатын танудың жолы – тілдік таңбаларды, оны құрайтын элементтерді, олардың мазмұндық жағы мен тұлғалық жағын тілдің өз заңдылықтары негізінде қарау болса, екінші жолы – ақиқат өмір, ойлау, танымдық тұрғыда бір-бірімен байланыста қарау болмақ.

2.4 Фразеологияның стилистикалық сипаты
Фразеологизмдердің негізгі және орныққан, жүйеге енген қасиеттері – бейнелілік болуы немесе стилистикалық коннотация құрауы прагмастилистикалық мақсатқа сай үйлестірілуінде. Фразеологиялық тіркестер автордың ойын мәнерлі түрде жеткізу үшін жұмсалатын әсерлі, бейнелі сөздер жиынтығы. Фразеологизмдердің нормадан ауытқуының бәрі бірдей сәтсіз, теріс әрекет бола бермейді. Керісінше нормадан белгілі бір қарым-қатынастық мақсатта ауытқудың оқырманға тигізер ықпалы зор. Осы тұста Н.Уәлиев: «Белгілі бір мақсатты көздеп, нормадан ауытқуды прагматикалық ауытқу деп атаймыз»,-дейді [35, 108б].

2.4.1 Соматикалық фразеологизмдер
Ә.Болғанбаев: «Анатомиялық атаулар негізгі сөздік қорға жататындықтан, көп мағыналы, туынды жаңа сөз жасауға соншама бейімділігімен ғана сипатталмайды, сонымен бірге тұрақты тіркестер жасаудағы белсенді қызметімен де айрықша көзге түседі»,-деп, соматизмдердің фразеология жасаудағы маңызын айтады. [37, 107б].

2.4.2 Зооморфтық фразеологизмдер
Қазақ тілінде малға байланысты көрініс тапқан фразеологизмдер өте көп. Сондықтан ұлттық өмірдің айнасы болып табылатын фразеологизмдердің әлемнің тілдік бейнесін жасаудағы орны ерекше болса, оны танымдық тұрғыдан талдау – қазақ өркениетіндегі ұлттық мәдениеттің табиғатын ашуда үлкен мүмкіндік береді.

2.4.3 Фразеологизмдердегі түр-түстік символ
Адамзат мәдениеті жүйесінде түр-түс қоғамдық санада қалыптасқан тұрақты ассоциациялардың нәтижесінде нақты бір заттық мазмұнмен сәйкестендірілгенде символ бола алады.
Түр-түс ұғымы субъектінің/этностың ментальды қасиеттерін, ұлттық сипатын саралауға, индивидуальды болмысын танытуға септігін тигізеді. Оны концептуалды талдап, жүйелеу әлемнің тілдік бейнесінің санадағы құрылған моделін тануға мүмкіндік береді.

2.4.4 Фразеологизмдердегі сандық символ
Фразеологизмдердің жасалуына ұйытқы болатын сөздердің бір тобы – сан есімдер. Фразеологизмдер құрамындағы сан есімдердің қолданысына І.Кеңесбаев: «Бұл сөздердің белгілі бір тізбек, тіркестерге түп қазық болу себебі халықтың ежелгі дәуірдегі ұғым-түсінігімен, салт-санасымен ұштасып жатыр. Фразеологизмдер ішінде бұл сөздер нақтылы сан мағынасында қолданылуы шарт емес»,-дейді [33, 612 б.].

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ халық әдебиетінің жиналу тарихын сөз еткенде, өз әріптестеріне Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Ә.Диваев, т.б. қарағанда, соларға үндес ететін ортақ сипаттарымен қатар Мәшһүр Жүсіптің өзіндік ерекшеліктері мол екеніне алдымен көңіл бөлу керектігін айтқымыз келеді. Шығыс, батыс мәдениетін, қазақ тілін жетік меңгерумен бірге араб, парсы, орыс, көне түркі тілін жете игеруі және ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласын көп аралауы нәтижесінде Мәшһүр Жүсіптің қазақ халық әдебиетін өз замандастарына қарағанда, анағұрлым мол жинап, ол туралы кеңірек зерттеу жүргізу мүмкіндігі болды. Мәшһүр Жүсіп жазып қалдырған көп материалдарды шолып қарай отырып, оның жинаушылық еңбектерін саралауға бастайтын мынадай ерекшеліктерін жинақтап айтуға болады.