Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 72 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Коммерциялық банктің қаржылық қызметін бағалау


Мазмұны
Кіріспе 5
1 Банктердің пайда болуы мен Қазақстандағы банк ісінің дамуы 8
1.1 Банктің мәні және даму тарихы,банк жүйесі 8
1.2 Банктердің нарықтық экономикадағы ролі 17
1.3 Банк қызметін ұйымдастырудың негіздері. Банк типтері 20
1.4 Қазақстандағы банктік реформа 23
2 Коммерциялық банктің бірі - Цеснабанк 28
2.1 «Цеснабанк» АҚ - ның құрылуы 28
2.2 «Цеснабанк» АҚ -ның операция түрлері,саясаты және қызметі 33
2.3 Цеснабанк қызметінің қаржылық көрсеткішітері мен тәуеклдерді басқару 39
2.4 Цеснабанктің қаржылық қызметін бағалау 43
3 Коммерциялық банк қызметін реттеу және қадағалау 46
3.1 Коммерциялық банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру 46
3.2 Коммерциялық банкті қадағалау әдістері 49
3.3 Банк менеджментінің сапасын бағалау, ішкі несие саясатының ережелері 56
3.4 Коммерциялық банктер -банк жүйесі мен олардың қызметінің негізгі буыны 59
Қорытынды 64
Қосымшалар 70

Кіріспе
Банк ісі нарықтық экономиканың ең маңызды әрі динамикалық құрылымы болып табылады.
Банктер ақшалай есеп айырысуды жүргізіп, экономиканы несиелеп, капиталдың қайта бөлінуінде делдал ретінде өндірістің жалпы тиімділігін арттыруды әрі елдің қорлануына өз ықпалын тигізеді.
Бүгінгі таңда, яғни осы заманғы жағдайда банк жүйесінің құрылымы күрделене түсті. Қаржы мекемелерінің жаңа түрлері, жаңа несие құралдары және клиентке қызмет көрсетудің жаңа әдістері пайда болып үлгерді. Пайда алуға, коммерциялық жетістікке бағдарланған, әр түрлі меншік формаларына негізделген серпінді әрі икемді несие жүйесіне өту қолға алынды.

1 Банктердің пайда болуы мен Қазақстандағы банк ісінің дамуы
1.1 Банктің мәні және даму тарихы,банк жүйесі
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай -ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) ХІV - ХV ғ.ғ пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар - ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
ХVІ - ХVІІ ғ.ғ. Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте, Нюрнбергте саудагер - клиенттер арасында қолма - қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылды. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компания ларға ссудаға берді.[2]

1.2 Банктердің нарықтық экономикадағы ролі
Банк жүйесі - нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырағысыз құрылымы. Банктер мен ақша - тауар қатынасы тарихи тұрғыда қатар (параллель) дамып, бір - бірімен тығыз байланыста болды. Банктер басқарудың барлық деңгейіндегі халық шаруашылығымен күн сайын тікелей байланысты. Банктер арқылы ұдайы өндіріс процесіне қатысушылардың экономикалық мүдделері қанағаттандырылып отырды. Бұл арада банктер қаржы делдалдары ретінде халықтың жинақ ақшасын , шаруашылық органдардың капиталын және басқа да шаруашылық процесінен босаған еркін ақшалай қаражатты тартып, оларды қарыз алушыларға уақытша пайдалануы үшін берді, бұл қаражатпен ақшалай есеп айырысуды жүргізді, экономикаға басқа да көптеген қызмет түрлерін көрсетті. Банктерге шоғырландырылған қаражат өндірістің тиімділігін арттыруға және қоғамдық өнімдердің айналысқа
түсуіне тікелей ықпалын тигізді. Қаржылық делдалдар осылайша капиталдың салааралық, аймақаралық бөлу тетігімен қамтамасыз ете отырып, аса маңызды халық шаруашылығының қызметін орындайды. [37]

1.3 Банк қызметін ұйымдастырудың негіздері. Банк типтері
Банктің жарғылық қоры қандай көздерден қалыптасқанына қарай банк туралы заңдарда олар мемлекетті, жеке акционерлік, аралас, шетелдік болып
жіктеледі. Банктердің акционерлік формада ұйымдастырудың ерекшелігі мен артықшылығы неде? «Шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік қоғамдар туралы» заңға сәйкес, біріншіден, акционерлік қоғам - бұл заңды тұлға. Онда құрылтайшының (акционерлік қоғамның қатысушылары құрылтайшылар деп аталады) меншік құқығы Ұлттық банктің лицензиясы негізінде шығарылған акциялармен айғақталады. Акционерлердің үлесі банктің табысы сатып алынған акциялардың санына тікелей тәуелді болады. Акционердің жауапкершілігі сатып алынған акцияның сомасымен ғана шектеледі. Банк таратылған жағдайда немесе банкротқа ұшырағанда барлық талапхаттар жекелеген акционерлерге емес, банкке ұсынылады., яғни банктен талап етіледі. Акционерлердің банкті басқару бойынша жауапкершілігі басқарманы сайлаумен және жылдық жиналыста банк саясатының мәселелері бойынша дауыс берумен шектеледі. [30]

1.4 Қазақстандағы банктік реформа
Банк жүйесінің реформасын жүргізудің қажеттілігі. Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынасқа өту кезеңінде несиені басқарудың жүйесі мен шарушылық қызметке банктік қызмет көрсетудің тетігіне көшудің, кәсіпорындар мен банктердің қызметін басқаруда экономикалық әдістердікеңінен пайдалануға ауысудың мүлдем жаңа тәсілдері қажет болды; банктердің арасындағы және банктер мен клиенттердің арасындағы өзара қарым қатынасты қайта құру керек, яғни, банк жүйесін жаңа құбылыстар мен процестерді ескере отырып реформалау қажет.[20]

2 Коммерциялық банктің бірі - Цеснабанк
2.1 «Цеснабанк» АҚ - ның құрылуы
«Цеснабанк» АҚ 1992 жылы құрылды. «Цеснабанк» АҚ 18 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның қаржы нарығында біледі. Республикамыздың коммерциялық банктерінің ішінде жаңа астанамыз - Астана қаласындағы бас офисімен жалғыз коммерциялық банк. Осы жылдар еліміз үшін қоғамда, экономикада, банктік жүйеде даму кезеңі болды. Біздің банк нарықтың өзгеру серпініне қарап, даму мен қалыптасудың барлық кезеңдерінен өтіп, әр клиенттің қажеттілігін кең ауқымда банк өнімдерімен қанағаттандыру барысында қаржы - несиелік мекемелер арасында үлкен беделге ие болды. Инновациялық, клиенттерге кешенді түрде қызмет көрсету, ең жоғарғы жетістіктерге жету үшін банк басқарма жұмыстарының жүйелерін тұрақты жетілдіру негізінде болатын тәуекелдік және табыстық балансының операциялары - міне, біздің ойдағыдай өркендеуіміз. Алға қойған міндеттерді шешу негізінде және өсіп келе жатқан бәсекелестікті байқап өз ұстанымдарын нығайтты және айтарлықтай жақсартты.[8]

2.2 «Цеснабанк» АҚ -ның операция түрлері,саясаты және қызметі
Қазақстан республикасы Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің лицензиясына сәйкес Банк операциялардың мынадай түрлерін ұлттық және шетел валютасында жүзеге асырады:[6]

3 Коммерциялық банк қызметін реттеу және қадағалау
3.1 Коммерциялық банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру

Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызды қабылдаған «Қазақстан республикасының Ұлттық Банкі» және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады.[13]
Коммерциялық банктер - банктік жүйенің екінші деңгейін немесе екінші деңгейдегі банктерді білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғаларға кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады. Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни отандық банктік жүйенің небәрі 18 жылдық тарихы бар. Коммерциялық банктердің соңғы он бір жылдағы сандық құрамы 9 кестеде берілген.
9 кесте
Қазақстан Республикасындағы банктік сектордың құрылымы

3.2 Коммерциялық банкті қадағалау әдістері
Экономикаға мемлекеттің араласу көлемінің қысқаруы және қаржылай ырықтандырылудың орын алуы, еліміздегі банк жүйесінің тұрақтылығы мен өміршенділігіне ықпал етері сөзсіз. Бірақ бұл жерде банк мекемелерінің қаржы делдалдары ретінде халықтың уақытша бос ақша қаражаттарын тартып, оларды тұтынушылар арасында орналастыратынын ескерсек, банктердің тұрақтылығы туралы мәселені мемлекеттің назарынан тыс қалдыру дұрыс емес. Сондықтан дамыған елдер тәжірибесінде кеңінен қолданылып отырған банк жүйесінің қызметін мемлекет тарапынан қадағалау және реттеу қажеттілігі туындайды.[15]

3.3 Банк менеджментінің сапасын бағалау, ішкі несие саясатының ережелері
Сапалы да тиімді банктік менеджмент тек қана теріс ішкі және сыртқы факторларға қарсы тұрып қоймай, өз кезегінде оларды бейтараптандыру мақсатын жүзеге асыра алады. Сондықтан осындай менеджменттің банкте дұрыс ұйымдастырылуы оның тұрақтылығын нығайта түсіп, қызметінің тиімділігін арттырады.
Осыған байланысты банктегі менеджмент қызметін бағалау мәселесі немесе қазіргі қолданып жүрген банк қызметін бағалау көрсеткіштердің сәйкестігіне қатысты мәселесі туындайды. Ең басты банктік менеджменттің кейбір рейтингтік жүйелерде, соның ішінде САМЕL рейтингтік жүйесінде АҚШ - та банктердің жағдайын бағалауда пайдаланылатыны белгілі.[5]
Банк менеджменті бағаланатын көрсеткіштерді мынадай санаттарға бөлуге болады:

3.4 Коммерциялық банктер -банк жүйесі мен олардың қызметінің негізгі буыны
Коммерциялық банктер мөртебесі, мақсаты және бағыттары бойынша теңде
емес, дегенмен барлық банктердің балансының және оның құрылымының болуы; негізгі қызметтер мен операциялардың сипаты, өзінің қызметінен кірістер алу сияқты орталық негіздері бар.
Коммерциялық банктер сондай-ақ несие беру жүйесінің негізгі буыны ретінде сипатталады. Бұл банктердің негізгі несие берудің мол мүмкіндіктерін ашатындығын білдіреді.

Қорытынды
2006 жылғы 1 наурыздағы Қ.Р. Президентінің халыққа жолдауында Қазақстанның алдағы уақыттарда әлемдегі 50 бәсекелес елдің қатарына кіру туралы міндеті Қазақстанның банк жүйесінің дамуының сапалы да жаңа кезіңін ашқалы отыр. Ол дегеніміз өтпелі кезең жағдайындағы модернизациялауды аяқтап, ендігі жерді бәсекелістік қабілеті бар банк жүйесін жасауға ұмтылуды білдіреді .
Банк қызметіне жасалған терең талдаудардың арқасында банктің бәсекелестік қабілеттілігі мен қызметінің тиімділігіне ықпал ететін факторлар ретінде мыналарды бөліп қарастыруға болады: