Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 27 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

М. Жұмабаев – ұлт ақыны


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Мағжан шығармашылығының ерекшелігі 4
1.1 Мағжан жырлары – ұлттық құндылығы мол дүниелер 4
1.2 Мағжан – эпикалық құлашы кең ақын 8
2 Мағжан -ұлттық ақын 13
2.1 Мағжанның балаларға арналған еңбектері 13
2.2 Мағжан жаңашыл – ақын 14
2.3 Мағжан Жұмабаев өлеңдеріндегі махаббат концептісінің сипаты 21
Қорытынды 26
Әдебиеттер 27

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Тақырыптың көкейтестілігі Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына бүгінгі заман талабына сай өз бағасын беріп, оның шығармашылығының ешкімге ұқсамайтын қайталанбас дүние екендігіне көз жеткізу. Сөйтіп, ақынның әдебиетке қосқан үлесін нақты айқындау. Осы тұрғыда ой сараптай келіп, оның өлеңдері мен поэмалары және шебер аудармашы ретіндегі еңбегіне жаңа ой жүйесінен қорытынды жасап, оның қазақ әдебиетіне қосқан қомақты үлесін бағалау. Ақын өмір сүрген ХХ ғасырда Мағжан Жұмабаев өзіндік тілі мен стилі жағынан ерекшеленген ақын. Мағжан өз тегін де, жерін де мақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын адақтауға ұмтылған, өлең сөздің асыл маржанын төгілткен, сұлу жырымен оқырманын егілткен, өне бойы қапаста, қайғы мен қасіретте өмір кешіп, ақырында мүлт кеткен, өзі айтатындай, соры арылмаған халқының зарлы перзенті. Ақын шығармашылығының тақырыбы да кең ауқымды. Сондықтан, ақынның өмірі мен шығармашылығының өзіндік ерекшеліктерін зерттеу тақырыптың өзектілігі болмақ.

1 Мағжан шығармашылығының ерекшелігі
1.1 Мағжан жырлары – ұлттық құндылығы мол дүниелер
Мағжан Жұмабаев 1893 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы «Молодежный» совхозында әлуетті жанұяда туды. Қазір бұл совхоз Мағжан атында.
М.Жұмабаев өз заманының ең білімдар адамдарының бірі болған. 1903 жылға дейін ол әуелі ауыл молдасынан, содан кейін мұғалімнен сабақ оқиды. Бұдан кейінгі жылдары Уфадағы медресе Ғалияда дәріс алады, орыстың маңдай алды оқу орындарында білімін молықтырады. 1913-1917 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясын, 1923-1926 жылдары Мәскеудің Әдеби-көркем институтын бітіреді.

1.2 Мағжан – эпикалық құлашы кең ақын
М. Жұмабаев – шебер лирик ақын ғана емес, сонымен бірге ол эпикалық құлашы да кең ақын еді. Өз заманының толғағын алдыңғы тарихын еске ала отырып толғады. Сол үшін талай теперіш көрді. Кезінде Абылай, Кенесарыны жырлағаны үшін сыналды. Монархияны көксейді деушілер болды. Бұл сынның да дұрыс-бұрыстығына көз жеткізуге тиістіміз. Артта қалған қазақ елін алға сүйреу үшін зор күш-қуат керек болса, оны алдымен халықтын өз күш қорынан, потенциалынан іздеу керек еді. Сондай күш-жігер алатын қайнардың бірі тарих екені мәлім. Сол себепті ол ата-бабаларымыздың ел қорғаудағы ерлігін, күресін көп өлеңдеріне арқау етті.
«Оқжетпестің қиясында» поэмасы жазылғанда хан Кене ұлт-азаттығы қозғалысы басшыларының бірі есептелетін. «Қазақты құтқарам деп қалың өрттен. // Бір кезде Кенекемді ойлар билеп, // Бір өзі Бурабайды кезіп кеткен» дейтіні ақынның сондықтан болатын.

2 Мағжан -ұлттық ақын
2.1 Мағжанның балаларға арналған еңбектері
Шығармашылығының үшінші кезеңінде М.Жұмабаев балалар әдебиетін жасауға ерекше көңіл бөлген. Жоғарыда талданған ертектер өз алдына. М.Жұмабаев балаларға арнап көп еңбегін сарп еткен, сындарлы, жүйелі жұмыс істеп, алуан-алуан кітап шығарған. Атап айтқанда, Мағжан қаламынан «Бастауыш мектепте ана тілі» (Ташкент, 1923), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні» (Москва, 1925), «Педагогика. Бала тәрбиелеу жолдары» (Орынбор, 1923), «Сауатты бол» (Москва, 1926) кітаптары туған.
Балаларға арнаған өлеңдері өз алдына бір төбе. «Шолпан» жинағында ақынның «Балалық шағы», «Қарағым», «Мен сорлы» (Шәкірт зары) атты өлеңдері жарияланды. Бұлар Ы.Алтынсариннің «Кел балалар, оқылық» атты өлеңімен орайлас.

2.2 Мағжан жаңашыл – ақын
Өлмейтұғын өлең жазғандар халық жүрегінде мәңгі сақталмақ. Бұл заңдылық Мағжанға да қатысты. Мағжан поэзиясы жарты ғасырдан аса ел көзінен таса жерде ұсталды. Тіпті Қазақстаннан да әрі ұзатылып жіберілді. Олай дейтініміз, ақынның үш жинағының үшеуі де кезінде Алматы кітапханаларынан табылмай Мәскеу, Ленинград кітапханаларынан ғана табылған.

2.3 Мағжан Жұмабаев өлеңдеріндегі махаббат концептісінің сипаты
Әр дәуір, әр кезең өз ақынын туғызады десек, Мағжан шығармалары өз заманының тұтас бір шежіресі секілді көз алдыңа жан- жақты жүрек тебіренісімен, өз ерекшелігімен, көркем де сыншыл оты сөнбеген жасалған ерекше бір ғажайып соны дүниені жайып салды.
«Ақындық жағына келгенде, Мағжан, әрине қазақтың күшті ақындарынан саналады. Қазақтың тілін байыту ретінде әдебиетіне түрлер енгізу ретінде Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан қазақта ақын жоқ», - деген Сәбит Мұқановтың тұжырымдамасы ақынның суреткерлік даралығын сипаттап, тілдік тұлғасын да анықтайды.

Қорытынды
Бір кездері нахақтан күйген есім ақталып қайта орласа, оған тек қуану қажет. Кешелері дүлей қара күш ақыл-парасатты ауыздықтап, шідерлегенін, ата-баба жолын ұмыттырып, тексіздікке сүйрегенін білеміз. Бүгіндері өткендегі орасан қателерді жөндеп, рихани байлықты, талант сөздерін халықтың өз иелігіне қайтаруға мүмкіндік туып отырғаны қуанарлық жай. Өйткені, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың, А.Байтұрсыновтың, Ш.Құдайбердиевтің, М.Дулатовтың бай мұрасының ұлттық мәдениетімізге қайта оралуына ризашылық білдірмей, бейтарап күйде қарау мүмкін емес. Бұл ретте дүниеге жаңа ұрпақ, жаңа тұрпаттағы буынның келгенін, олардың өзіндік көзқарасы барын мойындауымыз керек. Ол ұрпақ өткен заман қияметіне селқос қарай алмайды, кінәмызды бетке басып, ақиқатты қайта тірілтуге ұмтылады. Рақымсыз биліктің, бюрократияның кеселін сылып тастауға даяр.