Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика және психология

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 54 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін зерттеу


МАЗМҰНЫ
Кіріспе 5
1 Жас жұбайлардың бір-бірімен қарым-қатынастардың қиыншылықтарың зерттеу 8
1.1 Жас жұбайлардың бір-бірімен қарым-қатынастардың бейімделу қиындығы 8
1.2 Жас жұбайлардың неке-отбасылық қатынастарын коррекциялау 26
2 Жас жұбайлардың бір-бірімен қарым-қатынастардың қиыншылықтарың зерттеу және интерпретация жасау 40
2.1 3ерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен таңдаманың
сипаттамасы 40
3 Некеде талаптану мен рольдік кұту сұрақнамасы. Әдістеменің авторы А.Н. Волкова 46
2.2 Зерттеу нәтижелерінің сапалық талдауы 47
Қорытынды 49
Қолданған әдебиеттер тізімі 51
Қосымшалар 54

Кіріспе
Отбасы - халықтың өсіп-өркендеуінде, өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесінде, ата-бабаларымыздың мұра еткен саяси-әлеуметтік тәрбие мен мәдени кұңдылықтарды жеткізуде маңызды роль атқаратын қоғамның құрамдас бір бөлігі. Отбасы арқылы адамдардың ұрпақтары ауысып, онда адам дүниеге келеді, ол арқылы тұқым жалғасады. Отбасыны құру екі адамның өміріне де үлкен өзгерістер әкеледі. Мұндай қайта құрудың тек позитивті өзгерістермен жүрмейтіні анық. Неке-отбасылық қатынас қазіргі таңдағы аса маңызды қоғамдық-саяси мәселелердің бірі болып отыр. Отбасы өмірі рухани және материалдық үрдістермен сипатталады. Неке-отбасылық қатынастардың өрбуі барысында әртүрлі мәселелер туады және әркімнің осы кедергілерден отбасының еш зардапсыз өтуін керек ететіні сөзсіз.

1 Жас жұбайлардың бір-бірімен қарым-қатынастардың қиыншылықтарың зерттеу
1.1 Жас жұбайлардың бір-бірімен қарым-қатынастардың бейімделу қиындығы
Отбасы - қоғамның ұяшығы, жеке тұрмыстың ұйымдасуының некелік одақ пен туыстық байланыстарға негізделген ең маңызды түрі. Отбасы жеке тұлғаның және бүкіл қоғамның өмірінде орасан зор орын алады. Отбасының маңызды сипаттамаларына оның қызметтері, құрылымы мен динамикасы жатады [1, с.15].
Отбасының қызметтері. Отбасының белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты өмір әрекеті жанұяның қызметі деп аталады. Отбасы қажеттіліктердің қанша түрін тұрақты, қайталанбалы формада қанағаттандырса, оның сонша қызметтері бар. Отбасының қызметтерді атқаруы тек оның мүшелері үшін ғана емес, тұтас қоғам үшін маңызды.

1.2 Жас жұбайлардың неке-отбасылық қатынастарын коррекциялау
Отбасылық қарым-қатынастарды түзету. Отбасы психокоррекциялық әсердің объектісі. Отбасы эволюциясының процессін зерттегенде және өткізілетін профилактикалық жұмыстарына қызығушылық көптеген авторлар бойынша қазіргі заманда кездесетін мәселелерге тіреледі дейді. Олар: айырылысу деңгейінің жоғарылауы, олардың ішінде асырауға алынған балалары бар және жалғыз отбасылық адамдар көп кездеседі.
Қазіргі кезде психологтардың, қоғамның, педагогикалық ұжымдардың күші отбасының ажырасуына жол бермеу, отбасы арасындағы тұлғааралық қарым-қатынасты түзетуге бағытталған.

2 Жас жұбайлардың бір-бірімен қарым-қатынастардың қиыншылықтарың зерттеу және интерпретация жасау
2.1 3ерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен таңдаманың
сипаттамасы
Зерттеу мақсаты:
Жас жұбайлардың бір - біріне қарым-қатынастардың қиындықтары және оны коррекциялаудың психологиялық факторларын арнайы әдістер көмегімен зерттеу.
Зерттеудің болжамы: Адамдардың жас ерекшелігіне байланысты отбасын құруы және жас жұбайлардың бір біріне қарым-қатынастың қиындығы әртүрлі.
Зерттеу әдістері:

2.2 Зерттеу нәтижелерінің сапалық талдауы
1. Ерлі-зайыптылар қарым-қатынасына арналған сауалнама
Эксперименттік топ пен бақылау тобы некені сәтті деп есептейді. Жұбайыңыздың болмысы сізді қанағаттандыра ма деген сұраққа екі топ көрсеткіштері тең.
Жас ерекшелігін ер адамдар отбасына әсер етеді ме? Бақылау тобы 70 % эксперименттік топ 55 % жауап берген.
Отбасында өзін еркін сезіну ер адамдарда 70 %, әйелдерде 90 % ер адамдарға қарағанда басым. Қиындықтарды шешуде жұбайыныңдың шешіміне көңіл қоясыз ба 85% ер адамдар 100% әйел адамдар отбасындағы мәселелерді шешуде әйел адамдарға қарағанда ер адамдарда жоғары. Жұбайыңыздың арасындағы қарым - қатынас қанағаттандырады ма деген сұраққа екі топ ортақ жауап берді.

Қорытынды
Отбасы - жеке тұлғаның және бүкіл қоғамның өмірінде арасан зор орын алады. Оның маңызды сипаттамалары болып оның қызметтері, құрылымы және динамикасы табылады. Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байланыста бола отырып, қоғамның үлгісі ретіндегі отбасының өмірлік іс-әрекетін құрайды. Отбасының тұтас жүйе ретінде дамуы бірнеше кезеңдерден өтеді. Қазіргі ғылымда отбасының өмірлік циклдерін жіктеуде бірнеше жүйе бар. Дегенмен кез келген отбасы ол циклдер жүйесінің ешқайсысына нақты сай келмейді. Бұл оның қоғамдық институт ретіндегі ерекшелігін көрсетеді.