Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 61 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Жүсіп Баласағұн шығармашылығының Абай поэзиясының негізгі идеясымен ұштасуы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 XI-ғасырдағы Жүсіп Баласағұнның Құтадғу Білік дастанының XIX-XXғ басындағы қазақ ғұламасы Абай поэзиясының негізгі идеяларымен ұштасуы 8
1.1 Абайдың халықты ағарту, білім тарату жайындағы ой-пікірлері 8
1.2 Қос ғұламаның шығармашылығының байланысы,нақтылы ой-пікірлер сабақтастығы 11
1.3 Жүсіп Баласағұнның педагогикалық теориясы-ешқашан құндылығын жоймайтын,аса бағалы еңбек 21
1.4 Абай және Баласағұнның суфизмге қатысы 27
1.5 Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі құқықтық мемлекетті басқаруды заңмен реттеу мәсе 32
2 Түркі тілдес халықтардың бүкіл әлемдік мәні бар бірден - бір көне әдеби ескерткіші-«Құдатғу білік» 36
2.1 Жүсіп Баласағұн – XI ғасырдың аты әлемге әйгілі ақыны, философы, қоғам қайраткері 36
2.2 «Құтты білік» ескерткішінің тарихы танымның қалыптасуының көркемдік-идеялық әсері 38
2.3 Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанының мәні мен мағынасы 42
2.4 Ж. Баласұғынның және ХІХ-ХХ ғ., басындағы қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармаларындағы тарихи кезеңнің шындық бейнесі 45
2.5 Жүсіп Баласағұнның XIX-XX ғасырдың әдебиет өкілдерінің шығармаларымен үндесуі 51
ҚОРЫТЫНДЫ 56
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 61

КІРІСПЕ
«Құдатғу білік» дастаны Қазақстан әдебиеттану ғылымында бұған дейін арнаулы жеке зерттеу тақырыбы ретінде қаралған жоқ еді. Маңызы, тілі, әдебиет тарихындағы орны туралы жекелеген пікірлер кездескенімен, қазақ әдебиетінің тарихымен тығыз байланыста, эстетикалық мән-маңызы, поэтикасы, дәстүр-тағлымы жан-жақты сөз болып, зерттелмеген-ді. Сондықтан да, «Құдатғу білік» дастаны, оның идеялық-көркемдік өзекті мәселелері, қазіргі қазақ әдебиетіндегі шығармашылық үрдісі біз үшін тың тақырып, соны соқпақ. Әдебиет тарихының бізге әлі беймәлім белесіне жаңа бір барлау іспетті.

1 XI-ғасырдағы Жүсіп Баласағұнның Құтадғу Білік дастанының XIX-XXғ басындағы қазақ ғұламасы Абай поэзиясының негізгі идеяларымен ұштасуы
1.1 Абайдың халықты ағарту, білім тарату жайындағы ой-пікірлері
Абай бүлдіршіндерді өмірден шын ғылым ырысымен алуға шақырды. Абай үшін өнер, оқу тек тіршілік үшін ырыс қана болып қоймайды, ол сонымен бірге адамдардың жалпы адамгершілігін, құлқын, тұрмысын гүлдендіруші құрал деп түсінеді.Ол өз халқының мәдениеті мен әлеуметтік ой - пікірінің асқар шыңы болса, ол қалдырған мұра біздің егеменді еліміздің болашағы бүлдіршіндерді тәрбиелеуде сарқылмас қазына, рухани байлық болып табылады. Абай - келешекке зор үмітпен қарады. Халқының сол келешек жарқын өмірге жетіп бостандық - теңдікке ие болуына, айқын жол сілтеді. [11.6.]
Ескілікке, кертартпалыққа қарсы тұрған Абай халықты еңбекке, өнер -білімге ұмтылуға шақырады. Тіпті оның өткір сынға құрылған шығармаларының өзінде халық өмірінің көкейкесті мәселелері жауап беруге тырысу айқын сезіледі, оның шығармаларындағы наразылық ағартушы - ақынның арман - мұраттарымен ұштасып жатады.

1.2 Қос ғұламаның шығармашылығының байланысы,нақтылы ой-пікірлер сабақтастығы
Ойды өлең тілінде өрнектеудегі нақтылық пен толқаудағы айқындықтан да таным, білім табиғатының бірегейлігі көрінеді. Күлтелемей, көп көбелең сөзбен орағытпай ойдың көзін оятып ұсынады. Соқырға таяқ ұстатқандай дәйекті сөз. Өлең сөздің өрнек сөз емес, көрнекті сөз екенін сол бағзы күннің өзінде ұқтырғандай. Классикалық түркі поэзияның дәл дәстүрі, өз мінез – қыры дегеніміз де осы. Қос ойшылдың жеті - сегіз ғасыр әрідегі Орхон, Енисей жырларында осы леп, кесек, сөйлеп - кесіп айту, өте - мөте тән. Түркі поэзиясының поэтикасын алғаш рет зерттеушілердің бірі И. В. Стеблева: «Создание разными авторами и в разное время орхоно – енисейские поэтические тексты обладают тем иие менее общими чертами, позволяющими утверждать о существовании единой литературной традиции распространенный на общирной территории и длившейся несколько столетий» - деп жазады. [15.7.]
Біз жоғарыда көне руна жазуларындағы түркі жырлары мен «Құдатғу білік», қазақ поэзиясы арасындағы параллельге дәстүр желілеріне шама-шарқынымызша барлау жасағанбыз. Әл-Фараби, Абай, Ыбырай, Сұлтанмахмұт, және XIX-XX ғасырдың ағартушы - демократ суреткерлерінің сол арнаны кеңейтіп, байытқан. Абай өз заманының болмысына пара-пар ойшыл. «Своего рода особый символ, духовный эквивалент казахского общества просило столетия. И судьбой, и творчеством, и вхглядом на мир». Баласағұн мен Абай арасындағы үндестік өлеңдегі үйлесу, өлеңдегі «тақырыптық», «поэтикалық» қандастыққа қамалмаған, рухани үндестік. Ай мен күннің, жер мен судың, күн мен түннің жарастығындай табиғи тұтас құбылыс. Тұтас бір философиялық - эстетикалық көзқарас.

1.3 Жүсіп Баласағұнның педагогикалық теориясы-ешқашан құндылығын жоймайтын,аса бағалы еңбек
Ж.Баласұғынның педагогикалық теориясын терең оқып-үйрене отырып, оның педагогика ғылымының шыңында тұруға лайықты ғұлама екендігіне көз жеткіздік. Ғұламаның адамзат қоғамы алдындағы маңызды үлесі - тұлғаны тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесі бойынша барлық құндылықтарды игере отырып, ізгілендіру идеясына негізделген педагогикалық ілімді жасауы.

1.4 Абай және Баласағұнның суфизмге қатысы
Ислам діні дүниеге келіп, Мұхамед пайғамбар маңындағы сахабалар арасында тақуалық жолды ұстанғандары да болған. Ислам дініндегі 80-ге жуық ағымдардың бірегей күрделісі - суфизм ағымы. Осы суфизм ағымы орта ғасырдағы түркі халықтарының ой санасында, қоғамдық ой танымында қай дәрежеде орын алады, оның көрінісін неден көреміз деген сұрақтың көлденең қойылуы да заңды. Әрине, мұны біздер орта ғасырлық кезеңдегі жазба ескерткіштерден сопылық ой танымды білдіретін көне шығармалардан іздеп таба аламыз. Ислам дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдаған Қараханидтер билігінің соңғы жылдарында, яғни XI-XII ғасырлардағы сопылық поэзияда, әсіресе сопылық трактаттарда суфизмнің философиялық теориялық деңгейін биіктеткені тарихтан мағлұм. Түрік халықтарының, оның ішінде Тұранның қара шаңырағына мұрагер болған қазақ халқының қоғамдық ой – санасында сопылық дүниетанымның көрінісін поэзия тілімен өрнектелген Жүсіп Баласұғынның «Құтты білік» дастаны ерекше орын алады. [23.82]. Өйткені дастандағы төрт кейіпкер жәуанмәртілік ілімінің негізін, яғни төрт тіреуін сипаттаумен бірге төрт кейіпкер Оғдүрміш қанағат ұғымының баламасы ретінде берілетіні бар. Оғдүрміш тек қана мораль философиясындағы басты буындары бірі ретінде қанағат ұғымында жырланса да, сол замандағы түркі халықтарының ой танымындағы сопылық танымның белгілерін толық таныта алатын айрықша рухани құбылысқа жатпақ.

1.5 Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі құқықтық мемлекетті басқаруды заңмен реттеу мәсе
Түркі халқының дана ойшылдары мемлекетті басқарудың және билікті дұрыс ұйымдастырудың ең ұтымды жолы қоғамдық қатынастардың негізгі салаларын заңмен реттеу екендігін жақсы түсінген. Оның нақты дәлелі ұлы бабамыз Жүсіп Баласұғынның XI ғасырда жарық көрген атақты шығармасы «Құдатғу біліг», немесе «Құтты білік». Бәйіттер стилінде, өлеңмен өрнектелген трактаттар ойшыл ақынның түркі халқына кейіпкерлердің диалогтары арқылы айтылған өсиеттерге толы. Ж. Баласұғынның айтқан ойлары түркі халықтарының өмірінің ең өзекті бағыттарын қамтиды және оларды ізгілік пен әділет принциптерінің негізінде ұйымдастыруды көздейді.Халықтың және әрбір адамның жақсы өмірі болмай мемлекеттің дұрыс дамуы болмайды деген өзекті қағида айшықталады. [36.36].Ж. Баласұғын ислам дінін уағыздаушы ойшыл ретінде ақын адамзаттың ізгілікті жолға түсуін жаратқан Аллаһқа деген сенім, сүйіспеншілікпен байланыстырады. Күллі дүниені жаратушы, хақ иесі Аллаһтың жердегі елшісі Пайғамбарымыздың үмбеті болу дегеніміз оның жүрген ақ жолынан таймау, құранның жолымен жүру екендігіне Баласағұн ерекше ден қояды.

2.Түркі тілдес халықтардың бүкіл әлемдік мәні бар бірден - бір көне әдеби ескерткіші-«Құдатғу білік»
2.1 Жүсіп Баласағұн – XI ғасырдың аты әлемге әйгілі ақыны, философы, қоғам қайраткері
Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн - түркі халықтары тарихындағы қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті ақыны, есімі күллі Шығыс елдеріне мәшһүр болған данышпан ойшыл, атақты ғалым, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері.
Көне дәуірдегі түркі халықтары мәдениетінің тербеліп өскен бесігі Шу мен Іле өзені аралығында ұлан байтақ өлкеде XI ғасырда аты әлемге әйгілі ақын, философ, қоғам қайраткері Жүсіп Хас - Хаджиб Баласағұн музыкант отбасында дүниеге келген. Жүсіп туралы жазба деректер көзін ақынның өз шығармасы «Құдатғу біліктен» ғана табамыз.

2.2 «Құтты білік» ескерткішінің тарихы танымның қалыптасуының көркемдік-идеялық әсері
Ежелгі Түркістанның батысы мен шығысында бірдей ІХ ғасырдан бастап-ақ ықпалды іргелі елдік құрған Қарахандар әулетінің билігі дәуірлеп тұрған заманнан (841-1212 ж.ж.) бізге жеткен Жүсіп Хас Хажибтың «Құтты білігі» адамзат өркениетінің өлмес қазыналарының баға жетпес асыл мұрасы. Осындай кең толғамды, тарихи, парасатты пайымдаулар мол ғылыми ойдың, ақындық өнердің үздік дара туындылардың дүниеге келуіне белгілі бір өркениетті ахуалдың құнарлы топырағы, тарихи-әлеуметтік орта тынысы мен қоғамдық саяси жағдайлардың заңдылықтары болғаны күмәнсіз.

2.3 Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанының мәні мен мағынасы
Ұлы Абайдың ортағасырлық түркі туындысы «Құтты білікпен» таныс болғандығы еш күдік тудырмайды. Өйткені белгілі философ, ақынның немере інісі Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяндық куәліктерінен
XI ғасырдың түркі тілді ескерткіші - «Құтты біліктің» ақын кітапханасында бар болғандығы жөнінде оқуға болады.
Біз М.Фомайннің Жүсіпті «жауыққан жауынгер емес, қайта бейбітшілік сүйгіш мұсылман» деген пікірін қолдаймыз.[3.32.] Ойшыл діннің ең алдыңғы қатарлы конондарын жария етеді. Бірнеше ғасыр өткеннен кейін Абай да адамның ізгі қасиеттерін құдіретті деп атады. Демек, Абай да Жүсіп сияқты дінді өз гуманистік идеяларын жариялаудың неғұрлым нақты әдісі етіп алған.

2.4 Ж. Баласұғынның және ХІХ-ХХ ғ., басындағы қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармаларындағы тарихи кезеңнің шындық бейнесі
Түркі әлеміне есімі мәшһүр болып, қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті ақыны, данышпан-ойшылы Жүсіп Баласұғын өнегелі ой-толғамдарын өзінің «Құтадғу білік» атты дастанында өрнектеп кеткен. «Құтты білік» дастанының төрт принципке негізделіп жазылғаны белгілі. Біріншісі – мемлекетті әділ басқару; екіншісі – бақ-дәулеттің елге құт болып даруын Айтолды бейнесі арқылы суреттеуі, үшіншісі – Өгдүлміш бейнесі арқылы берілетін ақыл-парасат, төртіншісі – қанағат-ынсап жайында. Бүгінгі біздің сөз еткелі отырған мәселеміз – ақынның замана құбылыстары, оның кейпі турасында айтқан ой-толғамдарының кейінгі ақындармен, яғни ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы қазақ ақындарының поэзиясының негізгі идеяларымен ұштасатынын ашып көрсету. «Ақын өзінің «Құтты білік» дастанын сөз түсінбес парықсыздарға емес, сөз қадірін білетін ақылды жандарға арнап жазғанын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады» [4.5.] Ақын шығармасында замана бейнесі «Заманның озғаны, достардың жапасы туралы» деген тарауда анық та ашық түрде беріледі:

2.5 Жүсіп Баласағұнның XIX-XX ғасырдың әдебиет өкілдерінің шығармаларымен үндесуі
Түркі әлеміне есімі мәшһүр болып, қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті ақыны, данышпан-ойшылы Жүсіп Баласағұн өнегелі ой-толғамдарын өзінің «Құтадғу білік» атты дастанында өрнектеп кеткен. «Құтты білік» дастанының төрт принципке негізделіп жазылғаны белгілі. Біріншісі – мемлекетті әділ басқару; екіншісі – бақ-дәулеттің елге құт болып даруын Айтолды бейнесі арқылы суреттеуі, үшіншісі – Өгдүлміш бейнесі арқылы берілетін ақыл-парасат, төртіншісі – қанағат-ынсап жайында. Бүгінгі біздің сөз еткелі отырған мәселеміз – ақынның замана құбылыстары, оның кейпі турасында айтқан ой-толғамдарының кейінгі ақындармен, яғни ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы қазақ ақындарының поэзиясының негізгі идеяларымен ұштасатынын ашып көрсету. «Ақын өзінің «Құтты білік» дастанын сөз түсінбес парықсыздарға емес, сөз қадірін білетін ақылды жандарға арнап жазғанын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады» [8.25.]. Ақын шығармасында замана бейнесі «Заманның озғаны, достардың жапасы туралы» деген тарауда анық та ашық түрде беріледі:

ҚОРЫТЫНДЫ
«Құтты білік» тек қана әдеби мұра емес. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің сипаты - белгілерін сіңірген, қоғамдық - саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық - этикалық, рухани қазынамыздың негізі, арқауы дерлік құнарлы дүние. Қазақ халқының мәдениеті мен әдебиеттің бұрын - соңды зертеу, ғылым ретінде түспеген алуан қырлы ерекшеліктерін осы ұлы мұра бетерінен табармыз. Әрине, осыдан он ғасырға жуық бұрынғы поэманың тілдік - көркемдік ерекшелігі, қарапайымдау тұстар кездеседі. Соның өзінде, арнайы шешендікке, қызыл - сөзділікке салынбаған тегеуірінді, түбірлі тілдің, орамдары, тарихи мекен - жайлар, сөз толғамдары туысқан халықтармен қатар қазіргі қазақ тілі де үндес. Поэтикалық, қоғамдық -әлеуметтік мәні жағынан, философиялық терең тұжырымдармен дүниежүзіне жақсы танылып, тарап үлгерген «Құтты біліктен» туған еліміздің рухани, моральдық - этикалық тұлғасын, Қазақстан мәдениеті мен әдебиеттінің бай тарихы мен дәстүрін көреміз.