Дамыған елдердегі экономиканы мемлекеттік реттеу
Мазмұны
Кіріспе 6
1 Мемлекеттік экономикалық реттеудің әдістері, негізгі бағыттары 8
1.1 Нарықтық инфрақұрылымды мемлекеттік реттеудің тәсілдері және инструменттері 8
1.2 Халықаралық экономикалық байланыстар дүниежүзілік шаруашылық жүйесінде 12
1.3 Экономикалық дамытудың халықаралық аспектілері 18
2 Дамыған елдердегі экономиканы мемлекеттік реттеу 26
2.1 Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйелерінің жалпы сипаттамасы 26
2.2 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатындағы басым бағыттар 31
2.3 Қазақстан – Ресей саяси-экономикалық қарым-қатынастарының сипаты 36
2.4 Еуразиялық одақтың құрылуындағы Қазақстан – Ресей экономикалық қарым-қатынастарының маңызы 38
3 Шетелдегі экономиканы мемлекеттік реттеудің үлгілері 42
3.1 Австрия мемлекетінің саяси басқару институттары және бельгияның мемлекеттік және әкімшілік жүйесі 42
3.2 Данияның мемлекеттік әкімшілік жүйесі және Испанияның қоғамдық әкімшілік жүйесі 46
3.3 АҚШ мемлекетіндегі мемлекеттік реттеу және Швецияның Нидерландының мемлекеттік әкімшілік жүйесі 52
Қорытынды 62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 64
Кіріспе
Бүгінгі таңда кеңес үкіметі ыдырағаннан кейінгі кеңістіктегі соңғы он жеті жыл ішінде жүргізген экономикалық реформалар тәжірибесінен туындап отырған ғылыми қортынды бойынша сенімді түрде «мемлекеттің экономика сферасынан шығу қағидасы және оның экономикаға араласу рөлінің төмендеуі әлемдегі басты тенденцияға сәйкес келмейді, ол нақты орын алып отырған жағдайларға жауап бермейді»-деп айтуға болады. Бұл қағиданың дұрыс еместігі өмірдің дәлелдеген аксиомасы, ол әртүрлі қоғамдық- экономикалық жүйелердің даму заңдылығын білетін көптеген көрнекті экономистер арасында әралуан көзқарастар туғызбайды. Адамзат қоғамының сұранысын қанағаттандыру керектігі қаншалықты объективті түрде қажет болса, мемлекеттің әлеуметтікө экономикалық процестерге белгілі бір мөлшерде араласуы да соншалықты қажет.
1 Мемлекеттік экономикалық реттеудің әдістері, негізгі бағыттары
1.1 Нарықтық инфрақұрылымды мемлекеттік реттеудің тәсілдері және инструменттері
Мемлекет, әлеуметтік-экономикалық процестерге реттеу жүргізуде, экономикалық міндеттерге, мемлекеттің материалдық мүмкіндіктеріне, реттеу туралы жинақталған тәжірибеге байланысты өзгеріп отыратын әдістер мен инструменттер жүйесін қолданады.
Мемлекет реттеу әдістері құқықтық, әкімшілік, экономикалық- тікелей, жанама болып бөледі.
Құқықтық реттеуге мемлекет тарапынан өндіруші- фирмалар және тұтынушылар үшін «экономикалық ойын» тәртібінің белгіленуі жатады. Заң нормалары мен ережелерінің жүйесі, меншік формалары мен меншік құқықтарын, контракт жасау мен фирманың қызмет ету шарттарын, кәсіподақтар мен жұмыс берушілердің еңбек қатынастарына байланысты өзара міндеттемелерін және т.б. белгілейді.
1.2 Халықаралық экономикалық байланыстар дүниежүзілік шаруашылық жүйесінде
Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз-ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. ¤зара күрделі байланыстардың нәтижесінде бір-біріне қарама-қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады.
Дүниежүзілік шаруашылықты оқыту мен зерттеудің үлкен теориялық-әдістемелік және тәжірибелік маңызы бар. Әрі қазіргі кезеңнің проблемаларын ғана түсініп қоймай, оның әр аймағында болып жатқан экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктерін біле отырып, жалпы дүниежүзілік шаруашылықтың даму барысын (бағытын) ойластыруды терең түсінуге ықпал етеді.
1.3 Экономикалық дамытудың халықаралық аспектілері
Әлемдік шаруашылық-елдердің ұлттық шаруашылықтары әр түрлі байланыстарымен (экономикалық, техникалық, ғылыми, мәдени, т.б.) халықаралық еңбек бөлінісі негізінде біріктірілген ғаламдық экономика.
Халықаралық еңбек бөлінісі-бұл әлем елдерінің қандай да бір өнім өндіруге мамандануы және оны дамытуға анағұрлым қалайлы жағдайы болуы.
2 Дамыған елдердегі экономиканы мемлекеттік реттеу
2.1 Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйелерінің жалпы сипаттамасы
Ел экономикасы – үнемі өзара әрекетте болатын жүз миллиондаған әртүрлі компоненттер (адамдарды қосқанда, машиналар, жабдықтар, шикізаттар, материалдар, инструменттер). Аса ірі экономикалық жүйенің жұмысының синхрондығы, оның қарқынды тұрақтылығы жалпы мақсаттық міндеттерді көздейтін шаруашылық механизммен қамтамасыз етіледі, бірақ бұл механизмнің айқын құрылымның төменгі буындарындағы ісінің еркіндігі жеткіліктілігі жағдайында. Әрбір ұсақ буын жалпы мақсатты міндеттер мен ережелердің аясында өзімен өзі әрекет ету керек. Барлық оқшау мәселелер өздері пайда болған деңгейде шешілуі керек. Жоғарғы және төменгі басқару деңгейлерінде құқықтары мен міндеттері тепе тең бөлінген жағдайда ғана басқару механизмін тиімді функциялау қамтамасыз етіледі.
2.2 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатындағы басым бағыттар
Қазақстан жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел. Әлемдегі жасалған жаңаны, сондай-ақ озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел ретінде танылып отырған Қазақстан қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддесіне пайдалана білу мүмкіндіктерін қарастыруда. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те, өйткені олар жаћандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы Қазақстан қолайлы экономикалық-географиялық жағдайына және қолдағы ресурстарына сүйенеді. Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге міндетті. Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық «серпілісті» әлемдік экономикаға кірігудің қажетті шарты ретінде пайымдай отырып, мынадай бағыттарға баса назар аудару керек.
2.3 Қазақстан – Ресей саяси-экономикалық қарым-қатынастарының сипаты
1991 жылдары тәуелсіз мемлекеттер әлемдік саясат сахнасына шықты, олардың көпшілігі Еуразия супер материгінде бәрінен үстем тұрған орасан зор держава КСРО-ның қираған жұрт үстінде өніп-өскен мемлекеттер. Біртұтас орталықтандырылған мемлекеттердің ыдырауы, ұлы империялардың күйреуі – жаһандық тарихтағы жаңа факті емес. Алайда әрбір осындай жағдайдың өз ерекшеліктері болады. Олар тарихи процестің жалпы барысынанда,белгілі бір кезеңдердің өзіне тән заңдылықтардан да, тарихтың бетбұрыс тұстарында айтарлықтай рөл атқаратын субъективті факторлардың ықпалынан да туындап отырды.
2.4 Еуразиялық одақтың құрылуындағы Қазақстан – Ресей экономикалық қарым-қатынастарының маңызы
Қазақстан мен Ресей кешегі күллі кеңес кеңістігіндегі интеграциялық үрдістердің ұйтқысы іспетті. Дәл Мәскеудің өзінде казак мемлекетінің басшысы 1994 жылы мемлекеттердің Еуразия одағын жасақтаудың жобасын ұсынып, Президентаң бұл бастамасы дәл осында үндестік тапқан еді. Бұл идеяның кірігуге кажетті серпін бергенін енді өмірдің өзі көрсетіп отыр. Кеден одағына келетін болсақ, ол Еуразия экономикалық кауымдастығының кірігушілік бірлестігіне ұласты. ¦жымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім мемлекеттерінін сондай-ақ ТМД-дағы еркін сауда аймағының калыптасуы да бір игі іс болды. Бұл ұсыныс ақырында нақты оның Мемлекетаралық Кеңесінің төрағалығына Н.Назарбаев сайланды.
Тәуелсіз мемлекеттердің жақындасуының негізін экономикалық мүдделер айқындайды. ЕАО-ның саяси институттары осы мүдделерге сай болуға және экономикалық кірігу ісіне жәрдемдесуге тиісті [4, 181 б].
3 Шетелдегі экономиканы мемлекеттік реттеудің үлгілері
3.1 Австрия мемлекетінің саяси басқару институттары және бельгияның мемлекеттік және әкімшілік жүйесі
Экономикасы дамыған елдер бүгінгі күндері жаңа заманың өркендеу сатысына аяк басты. Барлық жерде дерліқ, бурынғы экономикалық жүйеден амұақтап (металлургия, тоқыма салалары) жаңа ғылыми-техникаға бет бастады. Ғылыми-техниканың революцияға байланысты мемлекеттерде коптеген озгерістер байқала бастады мысалы жұмыссыздың әстресе білім дәрежесі төмен адамдарға жер ете бастады.
Ғылыми-техникалық революция мемлекеттің экономикаға арасасуының қайта құру спецификасын анықтайтын объективті және субъективті факторлардың толық кешенін тудырды, осыдан екі негізгі тенденция шығады:
3.2 Данияның мемлекеттік әкімшілік жүйесі және Испанияның қоғамдық әкімшілік жүйесі
Дания – бұл 5,1 миллиондай тұрғыны бар шағын европалық ел. Бұл діндік религияға немесе этникалық шығу тектері бойнша бөлінбеген біртекті қоғам .Тіркелген жұмыссыздардың құлдырауына және орташа деңгейіне қарамастан - 13ү жуық , жалпы алғанда өмір сүру денгейлері жоғары.
Алғашқыда Дания агррлы ел болды. ХVII ғ. кемемен жүзу және сыртқы сауда шет елдік тұтқындардың арқасында дамыды және елдің маңызды сауда жолдары қиылысуында орналаласуына байланысты.ІІ-ші дүние жүзілік соғыстан кейін индустрелизация тез жүргізіле бастады. Бүгінгі жаңа ауыл шаруашылығынан өнеркәсіп маңызды болып табылады. Дания шикізатқа кедей.
3.3 АҚШ мемлекетіндегі мемлекеттік реттеу және Швецияның Нидерландының мемлекеттік әкімшілік жүйесі
АҚШ-тағы мемлекеттік саясат тек қана конгресспен және үкіметпен ғана жүзеге асырылмайды, сондай-ақ, конгресс қарамағындағы комитеттермен, тәуелсіз ұйымдармен қатар үкіметтің бөлігі болып табылмайтын, бірақ үкіметпен шешім қабылдау процесіне қатысатын мүдделі топтармен де жүзеге асырылады.
Нақты үкіметтік бағдарламалардың маңызды ұйымдастырылған жүйешелердің са-ны 800-ден 1000-ға дейін жетеді және жүйешеге кіргісі келген кез келген кәсіпкер өзі жұмыс істегісі, қолдағысы немесе өзгерткісі келген нақты бағдарламаны таңдауы керек.