Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 24 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Қадыр Мырза Әлі өлеңдеріндегі ұлттық таным


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Қ. Мырзалы – балалар әдебиетінің қазыналы ақыны 4
1.1 Қ.Мырзалының балалар поэзиясына арнаған өлеңдері 4
1.2 Қадыр Мырзалы өлеңдеріндегі афоризмдер 7
2 Қ. Мырзалы өлеңдерінің ерекшелігі 13
2.1 Ақын шығармаларындағы ұлттық ерекшеліктер көрінісі 13
2.2 Қадыр поэзиясындағы патриоттық сезім мәселесі 19
Қорытынды 22
Пайдаланған әдебиеттер 24

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Талантты дарын иесі Қадыр ағамыздың өлеңдері біраз зерттеушілер еңбегінен орын алып зерделенгенмен, әлі күнге дейін тағы да зерттей түсуді қажет ететін, тереңдегі асыл маржандай сыры мол дүниелер екені белгілі. «Өткен күнде белгі жоқ », - депті баяғыда бабаларымыз...Бірақ өнерде белгі қашан да бар. Өнерпаздан қалған іздер өшпейді дегенді көп еститінмін. Қазір қарап отырсам сол рас екен. Сонда бабаларымыздың жайдан - жай айтпағаны ғой. Қадыр өз шығармаларында туындаған мәселесін басқаша, өзінше шешетінін байқауымызға болады. Өз алдына қойған мақсат - міндетін орындаудан бас тартпайтын ақын ағамыз, талай жетістіктерге қол жеткізгені белгілі. Ақын шығармашылығы оның өмірінің айнасы десек те болады. Әлеуметтік өмірдің әр түрлі жақтарын қамтып, қоғамдық жұмысқа белсене қатысты. Айналаға көз сала отырып, өмірдегі өзгерістерді қынжыла қабылдады. Қоғам үшін де, адамның өзі үшін де ғылым - білімнің орны ерекше екенін көпшілік қауымға, оңайлықпен келмейтінін де тілге тиек етеді. Ақынның тақырып тұтастығына ден қойып, кесек дүниелер жасауға көшуі қуантады. Күрделі тақырыптың байыппен тереңіне бойлағаны, көбікке көңіл аудармай, тұңғұйықтан маржан теруге жасалған ұмтылысы назар аудартады.

1 Қ. Мырзалы – балалар әдебиетінің қазыналы ақыны
1.1 Қ.Мырзалының балалар поэзиясына арнаған өлеңдері
Қазақ балалар поэзиясының түп-төркіні тереңде жатыр. Сонау ертедегі ауыз әдебиеті үлгілерінің өзіне қарап отырсақ, қазақ халқының бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, небір тамаша ертегілер, тақпақтар мен жаңылтпаштар, жұмбақтар шығарғанын және оны бала санасына үздіксіз сіңіріп отырғанын байқаймыз. Сондықтан да ондай өлмес мұралар мән-маңызын, көркемдік ерекшеліктерін жоғалтпай, бүгінгі күнге жетіп отыр.
Қазақ балалар поэзиясы Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі уақыттағы әдебиетке келген ақындарымыздың да назарынан тыс қалмай, керісінше жаңа сапалы жазба әдебиет үлгісінде қалыптаса бастады. Жамбыл, Сәкен, Бейімбет, Ілияс, Шолпан, Асқар, Қасым сияқты ақындар кеңістік кезеңдегі балалар поэзиясының ірге тасын қалаушылар болып табылады. Олар шын мәнісіндегі ауыз әдебиеті үлгілерінің заңды жалғастырушылары іспеттес. Өткені, олардың балаларға арналған өлең-тақпақтарының өн бойынан халықтық үрдістің белгілері анық байқалып тұрады.

1.2 Қадыр Мырзалы өлеңдеріндегі афоризмдер

Кез келген қаламгер белгілі бір объективті шындықты бейнелеу үшін белгілі бір тәсіл, жанрды қолданатыны, жалпыхалықтық тілден өзінің ой-пікіріне сай сөздерді таңдап, сұрыптап алатыны және оларды лайықты, тиімді синтаксистік құрылымда жүйелейтіні мәлім. Демек, суреткер өз ойын, көзқарасын, әлемді түйсінуін, басқаға дәл, нақты, әсерлі бейнелі жеткізуде тілдің экпрессивті құралдарын өз қажетіне мейлінше уәжді қолдануға тырысады. Мұндайда тілдің синонимия, антонимия, омонимия, полисемия, фразеология сияқты, экспрессивті-эмоционалды потенцалы мол құралдары мен сезімге, санаға әсер етер конструкцияларымен қатар, мақал-мәтелдердің, қанатты сөздер мен афоризмдердің де стильдік қызметі ерекше ескеріледі.

2 Қ. Мырзалы өлеңдерінің ерекшелігі
2.1 Ақын шығармаларындағы ұлттық ерекшеліктер көрінісі
Қазақ халқының мәдениетiн, салт-дәстүрiн, өнерi мен әдеби ойының дамуының тарихи тұрғыдан, өзiндiк ерекшелiгiмен зерттеген ақындардың бiрi- Қадыр Мырза Әли.
Қадыр қаламы өте шебер, ол топырақпен табысып, дәстүр – дiлiн дарытуында кiшкене құбылыстан қордалы ой қозғап, оны бүгiнгi күннiң болмысымен беттестiрiп, ұлт табиғатына тереңдей батып, ойындағысын оп-оңай жеткiзе бiлдi.
Мысалы, қазақ халқының тарихының жолы ауырлау тарихтардың қатарына жататыны әрбір қазаққа мәлім. Барлығы қағазға түспей, түскенi болса да сақталмай, сақталса да табылмай жатқан халықпыз.

2.2 Қадыр поэзиясындағы патриоттық сезім мәселесі
Мырзалы мен қазақ ұлтының арасындағы ақындық қарым-қатынастан гөрi, туыстық қарым-қатынас деп айтсам артық болмас. Ақын ұлт өмiрiнiң ұсақ-түйек нәрселерiне дейiн бейнелеп, ауыл арасындағы табиғи тiрлiк арқылы халық өмiрiнiң қайталанбас сәттерiн өрнектейдi.

Қорытынды
Қорытындылай келгенде, білімпаз ақынның үздік туындыларын осы ғасырдың биік шежіресі деп білемін. Ақынның өмірбаяны мен шығармашылық ерекшеліктері туралы қызықты мәліметтер молынан келтірмесем де, бір түйіндік сырды қолымнан келгенше, жазуға тырыстым деп ойлаймын. Ақынды жан - жақты, сан қырлы сипат - бейнесі мен ерекшелігін, танымдық қасиетін кішкене болса да ашуға тырыстым. Ұлы ақынның шығармашылығы әсемділікпен жанды бейнеленген.