Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 20 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Банктің есеп айырысу - кассалық операциялары


Жоспары
Кіріспе 3
I Бөлім. Банктердің пассивтік операциялары 4
1.1 Банктердің пассивтік операциялары 4
1.2 Банктердің активтік операциялары 8
II Бөлім. Қазақстан Республикасының басқа да операциялары 12
2.1 Банктің есеп айырысу-кассалық операциялары 12
2.2 Банктің комиссионды-делдалдық операциялары 16
Қорытынды 19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 20

I Бөлім. Банктердің пассивтік операциялары

1.1 Банктердің пассивтік операциялары

Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі жоғары. Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылғандықтан, оған анықтама баерген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде: «пассивтік операциялар – бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсін құру операциялары», - делінеді.
Ал соңғы оқулықтарға сүйенсек, пассивтік операциялар – бұл нәтижесінде пассивтік шоттағы немесе активті - пассивтің шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасы білдіретін операцияларды сипаттайды.
Бұл анықтамалар бірін-бірі толықтырады десе де болады, себебі біріншісі пассивтік операцияның толық түсінігін бере алмайды. Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алды.
Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады:

1.2 Банктердің активтік операциялары

Активтік операциялар – бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.
Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына қарай әр түрлі болып келеді. Банктердің активтік операцияларының ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады:

II Бөлім. Қазақстан Республикасының басқа да операциялары

2.1 Банктің есеп айырысу-кассалық операциялары

Есеп айырысу-кассалық операциялар негізінен клиенттердің банктердегі ашқан ағымдық және басқа да шоттары арқылы жүзеге асады.
Қазіргі кезде екінші деңгейдегі банктерде шоттар ашу тәртібі 1998 жылғы 29 маусымдағы «Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы» Қазақстан Республика заңына және 2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасы бекіткен «Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы» №266 нұсқаулықта көзделген. Осы нұсқаулыққа сай банктерде ашылатын шоттар мынадай түрлерге бөлінеді: ағымдағы, жинақ және корреспонденттік.

2.2 Банктің комиссионды-делдалдық операциялары

Бұл операцияларға траст операциялары мен валюталық операциялар кіреді.
«Траст» ағылшын тілінен аударғанда «сенім» деген сөзді білдіреді. Траст операциялары – клиенттің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктің операциялары.
Траст операцияларына қатысушыларға мыналар жатады:
1. Траст құрылтайшысы (немесе оның негізін қалаушы) – сенімді меншік иесіне сенімхат арқылы басқаруға беретін, мүліктің немесе мүліктік құқықтардың меншік иесі. Траст құрылтайшысы ретінде кез-келген қолында мүлкі бар заңды немесе жеке тұлға бола алады.
2. Траст иемденуші (сеніп тапсырған тұлға) – траст келісімшартындағы көрсетілген жағдайға сәйкес, мүлікті басқару құқығын өзіне қабылдайтын тұлға. Мұндағы мүлікке жылжитын және жылжымайтын мүліктер де жатады.

Қорытынды

Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен басқарудың экономикалық қатынастарын көрсетеді, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады. Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әртүрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әртүрлі несиелерімен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді.