Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 21 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы


Жоспар
1 Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы 3
1.1 Сыртқы экономикалық қызметтің және оның даму бағытының сипаттамасы 3
1.2 Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері 9
1.3 Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану 14
1.4 Елдің төлем балансы 18
Әдебиеттер 21

1 Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы

1.1 Сыртқы экономикалық қызметтің және оның даму бағытының сипаттамасы

Нарыққа көшу өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономикамен бірге дүние жүзінің көптеген елдерімен халықаралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет етеді.
Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және заңи тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушылармен жөне халықаралық қаржы-кредит институттарымен сауда, кредит, инвестициялық, борыш, есеп-қисап, трансферт жөне өзге де операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең шеңберін қамтиды. Басқаша айтқанда, бүл — валюталық есеп-қисап жүйесі ортақтастыратын резиденттердің бей резиденттермен, елдің экономикалық агенттерінің «басқа дүниемен» (Ұлттық шоттар жүйесінің түсіндірмесі бойынша) қатынастары. Бүл қатынастарда және сыртқы экономикалық байланыстар жүйесінде қаржы үлкен рөл атқарады. Ол шаруашылық жүргізудің экономикалық құралы ретінде Қазақстанды дүниежүзілік экономикаға ықпалдасуды (интегаиялауды) жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Халықаралық экономикалық байланыстар сферасында қалыптасып отырған қаржы механизмі Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы саласында мемлекеттік қаржы саясатын іске асырудың құралы болып табылады (21.1 сызбаны қараңыз).

1.2 Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері

Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әр түрлі нысандар мен әдістерді қамтиды. Реттеудің негізгі нысандары мыналар болып табылады:
1) сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру;
2) салық салу;
3) инвестициялау;
4) сыртқы қарыз алу;
5) сыртқы берешек
6) экспортты қаражаттандыру
Реттеу әдістері көрсетілген нысандарға сай келеді және тура, сондай-ақ жанама әдістерді кіріктіреді.
Тура әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары:

1.4 Елдің төлем балансы

Кез келген елдің дүниежүзінің басқа елдерімен экономикалық байланыстары оның төлем балансында қамтып көрсетіледі. Төлем балансы дегеніміз уақыттың белгілі бір межелдемесінде бір елдің дүние жүзінің басқа елдерімен шаруашылық операцияларды жалпы қорытып көрсететін көрсеткіштердің жүйесі. Ол мына бөлімдерді қамтыды: ағымдағы шот (сауда балансы); капиталмен және қаржылармен болатын операциялардың шоты (күрделі шот); резервтік активтер; таза қателер мен рұқсатнамалар (21.3 кесте).
3 кесте. Қазақстан республикасының жиынтық төлем балансы