Предмет: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Тип: Дипломдық жұмыс
Объем: 63 стр.
Год: 2013
5-ші сынып оқушыларға әлеуметтік ортаның тигізетін әсері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 6
1 Жасөспірімдік шақтағы психоәлеуметтік даму 9
1.1 Жасөспірімдерге әлеуметтік ортаның тигізетін әсері, қазіргі
күнгі -ғаламдық 9
1.2 Жасөспірімдердің психофизиологиялық ерекшеліктері 11
1.3 Жасөспірімдердің дамуындағы әлеуметтік орта. Жасөспірімдерге отбасының тигізетін әсері 14
1.4 Жасөспірімнің «тәуекелдік топ» мүшесіне айналуы 21
2 Жасөспірімдерге әлеуметтік ортаның тигізетін әсерінің негізгі әлеуметтік педагогикалық-психологиялық зерттелуі 29
2.1 Әлеуметтік- педагогикалық зерттелудің негізгі бағыттары 29
2.2 Тәжірибелік –эксперименталдық зерттеулердің салыстырмалы бақылау нәтижесіне қорытынды сараптама 49
ҰСЫНЫС 57
ҚОРЫТЫНДЫ 61
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 63
КІРІСПЕ
Жасөспірімдік кезең тұлғаның өмір жолына, өзінің қандай жағдайға жеткеніне, неге шамасы келетініне, дүниеде не үшін өмір сүріп, нені біліп, не қойғысы келетініне, жұртқа недей пайда тигізетініне, яғни өз болашағына айырықша үңіліп қарайтын кезең деп түсіндіріледі. Бір сөзбен айтқанда осы кезең олардың өз-өзімен кеңесіп, жан дүниесіне үңілуге күштар шағы. Жасөспірімдік кезеңді әлеуметтенудің белгілі бір кезеңі, тәуелді болатындықтан ересектіктің дербес те жауапты іс әрекетіне көшу деп қарайды. Әлеуметтік зерттеушілер адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рөлдерге, оның бағалаушылық бағдарламаның қалыптасуына, еңбек өміріне аяқ басуымен байланысты мәселелерге назар аударады, яғни даралық психологиялық мәселелер әлеуметтік мәселелерден шығады [1].
1 Жасөспірімдік шақтағы психоәлеуметтік даму
1.1 Жасөспірімдерге әлеуметтік ортаның тигізетін әсері, қазіргі күнгі -ғаламдық
Жасөспірімдерге әлеуметтік ортаның тигізетін әсері қазіргі психологияда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселе барлық елде жан-жақты зерттелуде. ХХ ғасырдың бас кезіңде қазақ зиялыларының арасындагы біртуар тұлға- Ж.Аймауытұлының еңбектері түркі тектес халықтар тілдерінде және өз төл тілінде жарық көрген алғашқы ғылыми психологиялық туындылары екені даусыз. Ж.Аймауытұлы қарастырған психологиялык білімдер аясы өзінің кеңдігімен ерекшеленеді.
1.2 Жасөспірімдердің психофизиологиялық ерекшеліктері
Жасөспірімдік - жеке адамның толысуының аяқталатын кезеңі. Жыныстык толысуға байланысты өз организмі мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, жағдайдың біршама тиянақсыздығы, өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі, жеке адамның өз мінез-құлқын үйлестіруге тиісті адамдар тобының ұлғаюы- осының бәрі қосыла келіп жасөспірімдік шақта бағалаушылық -бағдарлаушылық іс-әрекетің күрт арттырыды.
Енді олар сөзге, әңгімеге, өз қасиеттерін тануға, жаңа білімдерді меңгеруге, оларды бағалауға өте-мөте ден қояды және өзінің мінез-құлқы саналы түрде жасалған немесе меңгерілген критерийлер мен нормалар негізінде құруға тырысады.
1.3 Жасөспірімдердің дамуындағы әлеуметтік орта. Жасөспірімдерге отбасының тигізетін әсері
Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын атқаруға кіріседі, яғни олар тәрбиеші бола бастайды.
Болашақ ұрпақты күшті де рухты етіп тәрбиелеу жолында алуан түрлі қуаныш пен қиыншылықтарды бастарынан өткізеді, жан жақты дамуға болады. Өмір жолында туындап жатқан жайттардың шешімдерін іздестіруге тура келеді.Отбасы тәрбиесі- ата-аналар ықпалымен жүзеге асатын қоғамдық тәрбиемен үштас. Ол қоғаммен, бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесімен тығыз байланысты бола тұрса да, ол адамдардың белгілі дәрежедегі дербес, сырлас тобы.
1.4 Жасөспірімнің «тәуекелдік топ» мүшесіне айналуы
Көптеген зерттеулер бойынша жасөспірімдерге тәуекелдік топқа айналуына түрткі болатын әр түрлі себептер бар. Тәуелдік мінез-құлықтың факторлары мынадай: биология, генетика, әлеуметтік орта, қоршаған орта, жеке тұлға және аддиктивті мінез-құлық. Осы негізгі өзара байланысқан бес фактор тәуелділік мінез-құлыққа әкеп соғады.
Тәуекелік мінез-құлықтың көп тараған түрі-нашақорлық. Қарапайым «шөптесінді» пайдалану жыл сайын өсіп, одан зорын тартып көруге үмтылатындар көбеюде. Әдетте адам нашақор болып екі-үш аи ішінде қалыптасады. Сондай-ақ ол үшін күнде ине салдыру міндетті емес аптасына бір-екі рет салдырса жетіп жатыр. Бірақ адамдар есірткінің алғашқы егіндісінен кейін ақ соған тәуелді болып қалатын жағдайлар да кезігеді. Есірткі бұл тек қана адамның ішкі ағзасын бұзып қана қоймай, сондай ақ оның миы мен психикасын бұзады [26].
2.2 Тәжірибелік –эксперименталдық зерттеулердің салыстырмалы бақылау нәтижесіне қорытынды сараптама
Өткізілген жұмыстың қорытындысы бойынша мынадай нәтиже көрсетіледі:
Болымды нәтиженің негізінде мына пікірлерге келдік: біріншіден топтағы жұмыста әр бір баланың мәселесін қиындатпау қажет. мұнан басқа көптеген мәселелерге қатысты талдау және сонымен жұмыс алып бару: тыңдау қабілетін, өзгелерден қабылдауы, оларды қандайда бір сезіну ептілігі, өзінің сезімін көрсете білуге.
Аталған кемшіліктерге жол бермеу әрбір қатысушының рефлекцияға қабілеттілігін дамыту сатысына көтеру.