Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 66 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Ақтамберді жырау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 АҚТАМБЕРДІ – ТАРИХИ ТҰЛҒА 7
1.1 АҚТАМБЕРДІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ШОЛУ 7
1.2 АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУДЫҢ ӨМІР СҮРГЕН ДӘУІРІ 23
1.3 АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ ТОЛҒАУЛАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ 25
2 ЖЫРАУ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ, КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ 31
2.1 ЖЫРАУ ТОЛҒАУЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 31
2.1 АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ ЖЫРЛАРЫНЫҢ ТЕКСТОЛОГИЯСЫ 33
2.3 ҚОҢЫРАУЛЫ НАЙЗА ҚОЛҒА АЛЫП 47
2.4 ЖЫРАУЛАР МЕН АҚЫНДАР МҰРАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 52
ҚОРЫТЫНДЫ 65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66

КІРІСПЕ
Жыраулық поэзия 15-18 ғасырлардағы қазақтың халық поэзиясы. Сахарадағы рухани өмірдің өзіндік ерекшеліктері көп еді. Кең даладағы көшпенді тірлік, тұрмыстық-қоғамдық өзгешелік сөз өнерінің соны сипатта қалыптасуына себеп болған-ды. «Өнер алды – қызыл тіл, ал тіл шұрайы – өлең сөз » деп танылады. Халықтың рухани өмірінде жетекші орынға шыққанпоэзия әлденеше ғасыр бойы қазақ әдебиетінің жай ғана көшбасшысы емес, ең басты жанры қызметін атқарды. Біздің дәуірімізге, негізінен, ауызша жетті. 15 ғасырдың орта шенінен бастап қазақ халқының төл мәдениеті өркен жая бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халқының дербес әдебиеті қалыптасты. Жыраулық поэзия қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан қор алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденді. Қазақ әдебиетінің ортақ арнадан оңаша жоқ тартқан алғашқы қадамдарының өзінен-ақ кемелдікті, көркем келісімді аңғару қиын емес.
Зерттеудің өзектілігі:

1 АҚТАМБЕРДІ – ТАРИХИ ТҰЛҒА
1.1 АҚТАМБЕРДІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ШОЛУ
Дүниежүзілік тарих толысу үстінде, әлемде бірде-бір халық өткенін толық меңгерді деп айтуға болмайды. Сол сияқты тарих қойнауында әлі де өзінің зерттеушісін күтіп тұрған небір асыл қазыналарымыз бар. Әсіресе еліміз егемендік алғаннан кейінгі жылдары сол мұраларды зерттеудің жаңаша тәсілдеріне, жаңа көзқарастардың қалыптасуына жолдар ашылды. Қазақ ауыз әдебиетінің өзі аты айтып тұрғандай ауызша дамыған мәдениет. Философ әрі қазақ мәдениет зерттеуші Сәбетқазы Ақатай айтқандай: «Поэзия – арқалы өнер» [1.56]. Оның тағдыры әлеуметтік ортамен тұтас. Поэзияның өрелі кезеңдері халық ғұмырнамасының соқталы кезеңдерімен орайлас.

1.2 АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУДЫҢ ӨМІР СҮРГЕН ДӘУІРІ
Жаугершілік заманда өмір сүрген, атақты Қаракерей Қабанбаймен бірге Найманның ру басы, көсемі, атақты ерлерінің бірі – Ақтамберді Сарыұлы жортуыл жыршысы, жырау да болған. «Алдаспан» және «Бес ғасыр жырлайды» топтамаларына сүйенсек, Ақтамберді жырау 1675-1769 жылдар аралығында өмір сүрген болып шығады. Жинақты құрастырушы, зерттеуші Мұхтар Мағауин өзінің «Қобыз сарыны» атты монографиясында жыраудың туған жылын былай дәлелдеп түсіндіреді:

1.3 АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ ТОЛҒАУЛАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
«Елін қорғайтын ұл болмаса, ол халықтың өлгені» деген ой айтылады Ақтамберді жыраудың жырларында.
Өмір бір орнында тоқтап тұрмайды. Адам сол өмір – ағыстан қалып қоймауға тиіс. Егер халықтың ішінде татулық-тұтастық байланыс мықты болып, қандай да қиындыққа болаттай беріктік таныта алса, ондай елдің озғаны. Оқыған, білімді адамдар дұрыс жол нұсқап, барлық күш-жігерін, қуатын жақсылыққа, келешек өмірге сарқа жұмсай білсе, тағы да сондай елдің озғаны.

2 ЖЫРАУ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ, КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
2.1 ЖЫРАУ ТОЛҒАУЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Атадан балаға, жыраудан жыршыға көшіп, ертелі-кешті қағаз бетіне түсіп, негізгілері ғана сақталған ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы – оны туғызған жыраулар мен ақындардың талант-дарынын әйгілеп, олар өмір сүрген алыс заманалар сырын шертетін көркем шежіре. Жыраулар мен ақындар халық тілі қазынасынан мол сусындап, оны бейнелі де өрнекті, отты да өткір, мағыналы да қанатты түрлерін өз шығармаларында мол пайдалана білген, өздері де халықтың сөз қазынасына елеулі үлестер қосқан.

2.1 АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ ЖЫРЛАРЫНЫҢ ТЕКСТОЛОГИЯСЫ
Қазақ әдебиеттену ғылымындағы күрделі жұмыстың бірі – текстология мәселесі. Шығарма тілін жете білу, сөздердің мағынасын толық түсіну, әдеби нұсқаның басқа бір шығармаға ұқсас жерін бағдарлау, шығарманың идеялық көркемдік жағынан күдіксіз екендігіне көз жеткізіп, оны оқушы қауымға ұсыну – текстологияның басты міндеттерінің бірі. Жырау текстологиясына тоқталмас бұрын жалпы текстология деген терминнің анықтамасы мен міндеті жайлы пікірлерге тоқтала кеткенді жөн санадық.

2.3 ҚОҢЫРАУЛЫ НАЙЗА ҚОЛҒА АЛЫП
Әрине, Ақтамберді тек жалаң ерлікті көксеп бойындағы күшін қоярға жер таппай аласұрап ақылсыз, мақсатсыз жортуылының құмары емес, ол – ел шетіне қорған, жаудың талап кеткен мал-мүлкін қайырып, халқының кегін алу, «қатын-бала қамы үшін» қылыш сермейтін, мақсаты айқын батыр.
Жауға шаптым ту байлап,
Шепті бұздым айқайлап.
Дұшпаннан көрген қорлықтан,
Жалынды жүрек, қан қайнап,
Ел- жұртымды қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап.
Жаумен тікелей белдескен кездерде шығарған өлеңдерінде өз істерінің әділдігін ерекше ескертіп, өз елін жаудан қорғар ердің ісін құрметтейді. Баса көктеп, ел намысын таптап келген, өзі келіп ұрынған дұшпанды аямады, сазайын тарттыра соққы беру жөн деп санайды.

2.4 ЖЫРАУЛАР МЕН АҚЫНДАР МҰРАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақ халқының біршама мол сақталған әдеби мұрасы – поэзиясы, әсіресе, жыраулар мен ақындар жыры. Сан ғасыр сынынан өтіп, халық көкірегінде жатталып, жыраудан жыршыға ұласып, біздің дәуірімізге жеткен сұңғыла сөз зергерлері – XV-XVIII ғасырларда өмір сүрген Асан, Қазтуған, Доспамбет, Шәлгез, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар, Көтеш, Шал сияқты ақын, жыраулар. Олардың жыр, толғаулары Қазан төңкерісіне дейін де, кеңес кезеңінде де жинақтар мен мерзімді баспасөз беттерінде сан рет жарық көрді. Алайда, 1960 жылға дейінгі басылымдар қалың оқырман қолына тие бермеді. Себебі, олар сирек кездесетін кітаптар еді. Соңғы 25-30 жылдан бергі кезде жарияланған жинақтар ғана XV-XVIII ғасырларда өмір сүрген ақын, жыраулар мұрасын оқушы жұртшылыққа кеңірек таныстыруда елеулі рөл атқарады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен бұл дипломдық жұмыста 1675-1768 жылдарда ғұмыр кешкен атақты Ақтамберді жырау шығармашылығына әдеби, көркемдік, текстологиялық талдаудар жасалынды.
Сол кезеңнің әлеуметтік жағдайлары жыраудың талантын ерте оятып, 17 жасынан соғыстар мен жорықтарға қатысып, өзінің зор ұйымдастырушылық қабілетімен, асыл адамгершілігі осындай ел басына күн туған жаугершілік заманда өзінің жалынды жырларымен көш бастайтын көсемі де болған Ақтамберді жыраудың тұлғасын зерделеуге тырыстық.
Төрт ғасыр сүрлеуінен жыраудың дуалы аузынан шығып саналарда сақталып осы күнге жеткен жырау толғауларын қазіргі ұрпақтары әлем сахналарында әнге қосып шырқап жүр.