Мемлекеттің еңбекті қорғау саясаты
Мазмұны
Кіріспе 6
1 Еңбек қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары 9
1.1 Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару 9
1.2 Еңбек қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары 18
1.3 Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету 22
1.4 Еңбекті қорғау жүйесін жетілдірудің негізгі жолдары 24
2 Өндірістегі алдын-алу жұмыстары және бақылау жүйесін ұйымдастыру 34
2.1 Өндірістегі қолайсыз жағдайы туралы сараптама 34
2.2 Экономиканың әр түрлі салаларындағы қызметкердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жоғары өндірістік қауіп-қатерлер 35
2.3 Еңбекті қорғауды қамтамасыз етуді бақылау жолдары 37
2.4 Қазақстан Республикасындағы бала еңбегінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері 39
3 Еңбекті қорғау және өндіріс мәдениеті 43
3.1 Қостанай облысы өндірістік кәсіпорындарындағы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету 43
3.2 Еңбек қатынастарын жариялы болуына жол ашатын жағдайлар жасау 45
3.3 Қазақстан Республикасындағы еңбектің қауіпсіз жағдайларын жасау мәселелері 48
Қорытынды 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 61
Қосымша 63
Кіріспе
Елдің бүкіл қоғамдық саяси, экономикалық тыныс тіршілігі реформа жолына түсіп, нарықтық қатынастарға бет алғалы бері еңбек құқық қатынастары саласында елеулі проблемалар пайда болды. Еңбек заңнамасы мен оны пайдалану практикасы экономикадағы өзгірістерден , оны пайдалану практикасынан көш кейін қалып қояды. Осыған байланысты еңбек қатынастары өрісінде жағымсыз екі құбылыс пайда болады: азаматтардың еңбек құқықтарын бұзушылық көбейіп, сол құқыҚтарды сақтауда бақылау және қадағалу бәсеңдеді. Азаматтардың еңбек қорғауды жүзеге асыруы – қоғамның тұрақтылығын нығайтудың аса маңызды бір шарты.
1 Еңбек қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары
1.1 Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару
Нарық экономикасының шартына халық қорының пайдасы кіреді. Олардың қаншалықты сапасы мен саны жағынан кәсіпорын сұранысына сәйкестендірілсе кәсіпорын беделінің жоғарлануынан, соншалықты еңбек потенциалының шартыда жоғарлайды. Осыған байланысты персоналмен жұмыс істеу жаңа қажеттілікті туындатады.
Кәсіпорынды басқарудың құрамды бөлімі кәсіпорынды басқару, яғни кәсіпорын сұранысын және жұмысшылардың қызығушылығын қанағаттан-дыру болып табылатын – еңбек.
1.2 Еңбек қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары
Меншік түріне қарамастан шаруашылық қызметі мен кәсіпорындар-дың барлық түрінде еңбек ететін қызметкерлердің еңбегін қорғау, өндірістегі жазатайым жағдайлар мен денсаулыққа зақым келтірудің алдын алу, қауіпті және зиянды өндірістік факторларды барынша кеміту мақсатында жүргізіле-тін ұлттық саясатының негізгі принциптерін «Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 22 қаңтарда қабылданған «Еңбекті қорғау туралы» Заңы жүзеге асырады.
Еңбек қорғау дегеніміз – тиісті заң және басқа да нормативтік актілердің негізінде еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығын мен жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ететін, әлеуметтік экономикалық, ұйымдастыру, техникалық-гигиеналық және емдеу-алдын алу шаралары.
1.3 Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету оң шешімін тапқан мәселе. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету төмендегідей нысандарда жүзеге асырылады:
- Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестациялау- өндірістік объектілерді, цехтерді, учаскелерді, жұмыс орындарын оларда орындалатын жұмыстардың қауіпсіздігінің ,зияндылығының, ауырлығының ,қауыртылығының жан-күйін, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларын еңбек жағдайлары нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында оларды бағалау жөніндегі қызмет;
- еңбек қауіпсіздігі-еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті әсерді болдырмайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкердің қорғалу жан-күйі;
1.4 Еңбекті қорғау жүйесін жетілдірудің негізгі жолдары
Қазақстанды уақыт талабына сай қарқынды дамып отырған әрі өмір сүру стандарттары жоғары мемлекет етуді ойласақ, оны ел азаматтарының белсенділігін, іскерлігін арттыру, азаматтық қоғамды одан әрі қалыптастыру кезеңінде ғана жүзеге асыра аламыз.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы көптеген салалардағы және елдің әлеуметттік-экономикалық дамуының барлық деңгейінде өзара байланысты міндеттерді кешенді шешуді қажет етеді. Оған ең алдымен халықты жұмыспен қамту және оларды еліміздегі еңбек нарығына тарту мәселесі жатады. Тұрғындарды тиімді және өнімділігі жоғары жұмыстармен қамту арқылы ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетулердің бәсекеге жарамдылығын арттыруға болады.
2 Өндірістегі алдын-алу жұмыстары және бақылау жүйесін ұйымдастыру
2.1 Өндірістегі қолайсыз жағдайы туралы сараптама
Қазақстан Республикасы бойынша 247,9 мың адам немесе жалпы жұмыспен қамтылғандар қатарындағы әрбір бесінші адам осындай қызмет түрінде рұқсат етілетін нормаларға жауап бермейтін, қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істеген.Олардың әрбір үшінші – шу және діріл деңгейі жоғары, әрбір екіншісі – жұмыс аймағындағы ауаның жоғары шаңды және газды әсері, әрбір бесіншісі – қолайсыз температуралық режим жағдайларында жұмыс істеген.
2.2 Экономиканың әр түрлі салаларындағы қызметкердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жоғары өндірістік қауіп-қатерлер
Автоматтандыру деңгейінің жоғарылауымен енгізумен байланысты экономиканың әр түрлі салаларындағы кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек жағдайы мен сипаты жағымды жағына қарай айтарлықтай жақсарып, олардың қауіпсіздігі артты. Сонымен қатар, бұл қауіпті әрі зиянды факторларды біржола жоя алған жоқ. Еңбек қауіпсіздігі саласында қауіп-қатер әлі сақталып отыр және осы замаңғы өндірістік жағдайда жұмыс істейтін қызметкерлердің денсаулығына зақым келтірмеу, жарақаттанудан, жазатайым оқиғалардан сақтау бойынша толық кепілдік беру әзірге мүмкін емес. Бүгінгі таңда кәсіби қауіп қатердің 150 класы және үлкен қауіп төндіретін мыңға жуық түрі ресми түрде бөліп көрсетіледі. Халықаралық еңбек ұйымы мен бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жүзден көп химиялық және екі жүз биологиялық заттар, сондай-ақ, шамамен елу физикалық және жиырма өндірістік – технологиялық факторлар кәсіби қауіп қатерді құрайды екен. Сондықтанда қазақстан аумағында орын тепкен өнеркәсіп орындарындағы жұмыс орындарының .өндірістік орталардың осы заманғы жағдайын сараптау-талдау түрінде бағалау аталмыш зерттеудің мақсаты болып табылады.
2.3 Еңбекті қорғауды қамтамасыз етуді бақылау жолдары
Халықаралық еңбек ұйымы Бүкіләлемдік еңбек қорғау күнін алғаш рет 2001 жылы атап өтті. Жыл сайын сәуірдің 28 күні Бүкіләлемдік еңбек қорғау күні ретінде белгіленеді. Соны негізге алғаш рет халықаралық еңбек ұйымы өндірісте қайғылы оқиғалардың алдын алу идеясын жандандыруға түсуде. Биылғы жылы осы айтулы шараға байланысты басты мәселе әрбір жұмыс
Халықаралық еңбек ұйымы мемлекеттік органдарды, жұмыс беруші бірлестіктерін қайғылы оқиғаларды және сырқаттанушылықты болғызбау үшін ақпараттық –түсінік жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізуге шақырады. Әрине, бұл игі істен барлық еңбеккерлер де тыс қалуға тиіс емес. Кім-кім де өндірістік жарақат алудан бойы аулақ ұстауды ойластыруы керек.
2.4 Қазақстан Республикасындағы бала еңбегінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері
Бала еңбегіне қатысты проблема дамушы елдерге ғана емес, сонымен бірге өнеркәсібі дамыған елдерде де кездеседі. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей , бала еңбегі жан жақты өсіп жетілуін , оның ішінде денесінің жетілуін, әлеуметтік психикалық дамуын тежеп қана қоймай, адамның ресурстарды және елдің жалпы әлеуметтік – экономикалық дамуына теріс әсерін тигізеді.
3 Еңбекті қорғау және өндіріс мәдениеті
3.1 Қостанай облысы өндірістік кәсіпорындарындағы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету
«Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» - АҚ мыңдаған қызметкері бар ұжым. Өндірістік бірлестікте елбасымыздың Қазақсатан халқына жолдауында алға қойған әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру міндеті бойынша жоспарлы жүргізіп келеді.
Еңбекті қорғау жөніндегі шаралар өндірістік тұрақтылығын қамтамасыз ету шараларының жалпы жиынтығымен бірге қарастырылады. Бұл арада жұмысшылар мен қызметкерлерді арнайы киімдермен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етудің маңызы айрықша.
3.2 Еңбек қатынастарын жариялы болуына жол ашатын жағдайлар жасау
Еңбек қатынастарын реттеу процесін жетілдіру еңбек нарығындағы жасырын процестерді азайту жөніндегі шаралардан тұрады.Көлеңкелі экономикалық қызмет еркін бәсекеге қиындықтар тұғызады, мемлекетттік бюджетке түсетін салымдарды азайтады, әлеуметтік саламен мен қаржыландыру мүмкіндіктерінің аясын тарылтады және қызметкерлердің өзінің жан-жақты қорғалу жағдайын нашарлатады.Әсіресе әлеуметтік жағынан қорғалмаған топ адамдары алаңдаушылық тудырады.Заңсыз жұмыс орындарда әдетте ,кездейсоқ оқиғалар жиі орын алады, еңбек жағдайлары зиянды әрі тұрақсыздығымен ерекшеленеді және әлеуметтік , медициналық қамсыздандыруға, әлеуметтік көмектерге құқық бермейді. Оның үстіне ,заңсыз секторларда, әсіресе ұсақ сауда, жеке тұлғаларға түрлі қызметтер көрсету сияқты салаларда алған жағдайда көлеңкелі жұмыспен қамтылушылыққа экономикалық, фискалдық, әлеуметтік және әкімшілік жоспарлардың кешендік шараларын қолдану кіреді.
3.3 Қазақстан Республикасындағы еңбектің қауіпсіз жағдайларын жасау мәселелері
Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылып келеді.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етуді қалпына келтіру мен жандандыру, ғылымның өндіріске интеграциялануын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруге бағытталған іс-шараларды әзірлеу мақсатында Республика Үкіметі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанында Республикалық еңбекті қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу институтын құрды.
Қорытынды
Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтеріне қарағанда, әлемде жыл сайын миллиондаған адамның өмірін қиятын 207 миллионға жуық жазатайым оқиға мен 160 миллион кәсіби ауру тіркеледі. Жайсыз еңбек жағдайлары, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулар көптеген жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелеріне ауыртпалығын түсіреді, сондай-ақ олардың салдарынан әлем экономикасы жылына жалпы ішкі өнімнің төрт пайызынан айырылып отырады.