Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиет

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 24 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

С. Дөнентаев шығармаларының көркемдік ерекшеліктері


Мазмұны
Кіріспе 3
1 С. Дөнентаев шығармашылығы – дәуір жыршысы 4
1.1 Сәбит Дөнентаевтың өмір жолы 4
1.2 С. Дөнентаевтің прозалық шығармалары 9
2 Сәбит – дәуір ұраншысы, суреткері 15
2.1 С.Дөнентеав поэзиясының кейбір өзгешеліктері 15
2.2 Сәбит шығармаларының көркемдік ерекшеліктері 17
Қорытынды 22
Қолданылған әдебиеттер тізімі 24

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Тақырыптың көкейтестілігі Сәбит Дөнентаев шығармашылығына бүгінгі уақыт талабына сай, егеменді ел мінбесінен сөз айту. Сөйтіп, ақынның ХХ ғасыр басындағы әдебиетке қосқан үлесін нақты айқындау, оның қазақ сатира жанрына қосқан үлесін бағалау. Осы тұрғыда ой сараптай келіп, оның шығармашылығындағы азаттық-ағартушылық сарында жазылған туындылырына жаңа ой жүйесінен қорытынды жасау және оның қалыптаса бастаған проза жанрына қосқан бағалы шығармасы туралы ой түйіндеген жөн.
Өзі өмір сүрген ХХ ғасырда Сәбит Дөнентаев өзіндік тілі мен стилі жағынан ерекшеленген сатирик ақын. Ол өз шығармаларында қазақ халқының ауыр өмірін жырлап, сол кездегі қоғамның әлеуметтік мәселелерін көтерген болатын. Сондай-ақ қазақ халқын оқуға, өнер-білімге, еңбекке, бірлікке шақырады. Қараңғы халықтың көзін ашып, алға ұмтылуға үндеген ақын. Сәбит Дөнентаев –қазақ әдебиетінің алтын қорына өзіндік үлес қосқан ақын.
Ақынның өмірі мен шығармашылығының көркемдік ерекшеліктерін зерттеу тақырыптың өзектілігі болмақ.
Зерттеу нысаны. Жұмыстың негізгі нысанасы ретінде Б.Ысқақовтың «Сәбит Дөнентаевтың ақындық жолы» т.б. еңбектер алынып отыр.

1 С. Дөнентаев шығармашылығы – дәуір жыршысы
1.1 Сәбит Дөнентаевтың өмір жолы
С. Дөнентайұлы 1894 жылы бұрынғы Семей губерниясы, Кереку уезі, Ақсу болысы, 4-ауылда туған. Дөнентайдың жаз қонар жайлауы Жалғызқұдықта қыстауы, Ертістің сол жағындағы Қазалы көлінің қабағында тұратын Нүрке болған. Бүгінде сол Нүрке жеріне қазіргі Павлодар облысының ең ірі мал совхоздарының бірі – “Ермак” совхозы орналасқан[1].
Сәбиттің әкесі Дөнентай да, атасы Жаналы да сіңірі шыққан кедей болады. Аталы-балалылар өз еңбектерімен күн көріп, тұрмыстың ауыр азабын тартады. Күн көріс, кәсібі – Қазалы көлінің балығы. Жаналы сол көлдің балығымен бала-шағасын асырайды.

1.2 С. Дөнентаевтің прозалық шығармалары
С.Дөнентаев шұғылданған әдебиет жанырының бірі – проза. Ол творчестволық үйрену, іздену жолында прозаның шағын түрін қалады. Елімізде болып жатқан саяси зор оқиғаны, күнделік өмір жаңалықтары мен жетістіктерін суреттеуде шағын прозалық жанырдың совет дәуірінде маңызы арта түсті. Алғашқы прозалық шығармалары революциядан бұрын публицистикалық сын мақала жазудан басталады. Ондай шығармалары «Айқап»,«Абай», «Жас қазақ » журналдарында басылып, кейін «Қазақ тілі», «Жаңа ауыл», «Қызыл дала» газеттерінде жарияланған. 1914 жылы «Жөнімен өкпелеу керек», 1918 жылы « Қазақ әйелдері туралы», «Жазушыларға», деген сын-библиографиялық мақалаларын жазады. Ал 1924 жылы «Қазақ тілі» газетінде «Көркемтай» атты әңгімесі басылып шығады. Осыдан былайғы жерде прозалық жанрға көше бастаған Сәбит 1920-1930 жылдар арасында жүзге тарта прозалық шығармалар береді.

2 Сәбит – дәуір ұраншысы, суреткері
2.1 С.Дөнентеав поэзиясының кейбір өзгешеліктері
Идеология майданындағы күшті құралдардың бірі - көркем әдебиет. Әдебиеттің қоғамдағы ролі, атқаратын қызметі жайында кезінде орыстың көрнекті ақындары талай-талай келелі пікірлер айтқан. Солардың бірі - Некрасов. Ол өзінің «Поэт и гражданин» деген тамаша өлеңінде:
Иди в огонь за честь отчизны,
За убежденье, за любовь...
Иди гибни безупречно...
Будь гражданин! Служа искусству,
Для блага ближнего живи,-
деп поэзияның халыққа қызмет ету ұранын көтереді, Отанның адал ұлы, азаматы болу міндетін жүктейді, қадір тұтады. Орыстың озат әдебиеті бұқара халықты осындай ұлы идеяға, игілікті іске баулыды.

2.2 Сәбит шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
Сәбит Дөнентаев – ақындық, жазушылық қызметі жағынан да, кісілік қайырымдылығы жағынан да ешкімді қайталамаған, ешкімге ұқсамаған қаламгер[8, 283-300]. Жерлесіміз, ақын, сыншы, мысалшы, публицист ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін көркемдеуге үлес қосқан, елінің қамын жеген Сәбит Дөнентаевтың осы таңға дейін белгілі де белгісіз жақтары, зерттелетін қатпарлары көп ақын[9].
С.Дөнентаев шығармаларының қайнар көзін үш салаға (қазақ, Шығыс, орыс әдебиеті) бөлгеніміз сияқты оның жалпы сөздік қорын да осындай үш салаға жіктеуімізге болады. Біріншіден, ана тілі ақын сөздігінің негізгі қоры болса, екіншіден, оның сөздік қорының құрамына орыс, Шығыс (араб, парсы) тілдерінің элементтері де енді. Сөйтіп, ол өзінің туындыларын басқа халықтың сөздігін пайдалану жолымен де байытты.

Қорытынды
Әдебиетте әрбір кезең күрделі. Әрбір әдеби кезеңді тарих сүзгісінен өткен, табиғаты әр алуан дарын иелері құрайды. ХХ ғасыр басы түрлі буыр-қаныстарға толы күрделі кезең болды. Осы кезең поэязиясының басты тақырыбы – халық бостандағы жолындағы күрес. Осы жылдары қазақ ақындары ұсақ оқиғаларды жырлаудан безіп, жалпыхалықтық мәні бар әлеуметтік тақырыптарға бой ұрады. Азаттық тақырыбын ақындар биік идеал етіп, нақтылы таптық – демократиялық мазмұнда жырлайды.
Сәбит Дөнентаев төнкеріске дейінгі әдебиетімізде де, төңкерістен кейінгі әдебиетімізде де өзіндік орны бар, өшпес із қалдырған үлгісі, әдемі мұрасы мол көрнекті ақын – жазушыларымыздың бірі.