Қазақстан Республикасының сақтандыру
Жоспар
Кіріспе 3
I. Сақтандырудың экономикалық мәні 6
1.1 Сақтандырудың экономикалық мәні, мазмұны, даму тарихи аспектісі 6
1.2. Сақтандырудың түрлері, нысандары және ұйымдастыру ерекшеліктері 11
1.3 Сақтандыру нарығының дамуының шетелдік тәжірибесі 13
ІІ. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму жағдайына талдау 17
2.1 Сақтандыру ісін ұйымдастырудың құқықтық негіздері 17
2.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдау 24
ІІІ. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласының мәселелері және оларды шешу жолдары 28
3.1. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелер 28
3.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелерді шешу жолдары 30
Қорытынды 34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 37
Қосымша А 38
Қосымша Б 39
Қосымша В 40
Қосымша Г 41
Кіріспе
Соңғы кездері Қазақстанның саяси -экономикалық және қоғамдық өмірінде болып жатқан сан - алуан өзгерістер іскерліктің көптеген түрін тудырып, оларды жүзеге асырумен қоғамды жанталастыруда. Шетелдіктердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, олардың капиталдарының нығаюының бір көрінісі - ол сақтандыру нарығының дамуы болып табылады. Сақтандыру нарығы тек жеке капиталды ғана емес елдің макроэкономикалық көрсеткіштеріне де әсерін тигізуде. Мысалға, сақтану дәрежесі оның сақтанушысының мәртебесін көрсетеді. Тіпті, қазіргі кезде шетелдегі сақтандыру түрлері көптігі соншалық, соған орай олардың тұтынушыларының көлемін де көрсетеді. Біздің елімізде сақтандыру 90 жылдары дами бастап, сол жылдары сақтандыру компаниялары ашыла бастады. Бірақ өкінішке орай сол кезде олардың дамып кетуін тежеген - заңнаманың нашар дамуы болды. Олардың заңнамасы тұрақты емес, әр жыл сайын өзгеріс енгізілуде, не үкімет тарапынан еш жағдай қарастырылмаған, тіпті сақтандыру саласының дамуын көздейтін бағдарламалар жасалынбаған. Тақырып осы аталған және курстық жұмыстың барысында әлі де қозғалатын мәселелермен өзекті болып келеді.
Курстық жұмыстың мақсаты. Нысанаға алынып отырған тақырыпты жан - жақты зерделеу. Қазіргі кездегі сақтандыруға қатысты заңнаманы қарастыра отырып, болып жатқан олқылықтарды ашып - көрсету. Қандай жақтан тежеу көруде, неліктен олардың дамуы әлі күнге дейін толық пісіліп жетілмеген? Осы және тағы басқа да сұрақтарға жауап табу. Шетел тәжірибесін қарастыра отырып, біздің елмізде оларға деген жетпей жатқан көмекті қарастыру. Курстық жұмыстың мақсаты сол тәжірибелерді танып біліп, жіберіліп отырған қателіктерді көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. «ҚР сақтандыру нарығы: мәселелері мен даму болашағы» атты тақырыпты кешенді, әрі жан - жақты танып білу;
2. Сақтандыру нарығы жөнінде жалпы түсінікті қалыптастыру;
3. Шетел сақтандыру нарығын мысалға келтіре отырып, оны бізге тәжірибе
4. жүзінде енгізуді көрсету;
5. Олардың түрін ажыратып, ұйымдасу принциптерін зерделеу;
6. Сақтандыру нарығына талдау жасау;
7. “БТА Өмір” БТА Банкінің өмірді сақтандыру жөніндегі еншілес компаниясы” АҚ өмірді сақтандыру компаниясының мысалында еліміздегі
8. сақтандырудың экономикалық маңызын көрсету;
9. Қазақстандағы сақтандыру нарығының мәселелерімен танысу сол
10. мәселереді болдырмау жөнінде іс - шараларды қарастыру.
Нарықтық экономика шарттарында сақтандыру қаржылық тұрақтандырушы рөлін атқарады. Өйткені ол қоғамда немесе табиғатта болып жатқан олқылықтардың орнын толтырушы болып келеді. Сақтандырушы сақтанған адамға қысылған уақытында қол ұшын беріп, көмек көрсетеді. «Сақтансаң - құдай сені сақтар» деген сөз бекер айтылмаған. Бұл сөзде құдай рөлін - сақтандырушы ойнайды. Сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы байланысты сақтандырушылық қатынас деп атаймыз.
Қоғамдық - экономикалық қатынастар жүйесінде өзіне тән бөлімдеріне байлансты, көптеген құбылыстарға байланысты бөлінеді. Ол құбылыстармен курстық жұмыстың бірінші бөлімінде танысуға болады.
I. Сақтандырудың экономикалық мәні
1.1 Сақтандырудың экономикалық мәні, мазмұны, даму тарихи аспектісі
Адам мүлікке ие болғанннан бастап, оның сақталуына, апатқа ұшырауынан қауіп қатер төне бастады. Сондықтан өз мүліктерін сақтау үшін адамдар тәуекелді ықтымақты және өзара бөлу жолдарын іздестірді. Адамдар мүлікті сақтау үшін алуан түрлі қорлар құрыла бастады. Ең алғашқы сақтандыру бастамасы ежелгі Гректер мен Вавилондар да пайда болды. Ең алғашқы сақтандыру полисі 1584 жылы Триполь және Марсель қала арасындағы жүкті сақтауды қамтамасыз ететін 5% мөлшерінде алынып отырды. Сақтандыру — қоғамның эканомикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі.
Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестернін жалғастыру, азаматтарды жекелеген талаптарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, және өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерді) натуралдық -заттай қосалқы қорларында немесе резервтерінде, сондай ақ ақша ресурстарында бірінеші ретті қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Қоғамдық - экономикалық қатынастар жүйесінде өзіне тән бөлімдері келесі құбылыстарға байланысты бөлінеді:
1.2. Сақтандырудың түрлері, нысандары және ұйымдастыру ерекшеліктері
Сақтандыру қызметі - сақтандыру ұйымдарының сақтандыру шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынандай сатыларды қамтиды: жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру; медициналық сақтандыру; көлік құралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және су көліктерін) сақтандыру; жүктерді сақтандыру; мүлікті сақтандыру; кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық - құқықтық жауаптылығын сақтандыру; шарт бойынша азаматтық - құқықтық жауаптылықты сақтандыру; зиян келтіргені үшін азаматтық- құқықтық жауаптылықты сақтандыру.
1.3 Сақтандыру нарығының дамуының шетелдік тәжірибесі
Америка Құрама Штаттары (АҚШ) қазіргі кездегі сақтандыру нарығы өздерінің түрлері мен көлемі бойынша күллі әлемде өзіне теңін таба алмайтын шығар.
Қазіргі кезде АҚШ монополиялары бүкіл әлемдегі сақтандыру нарығының 50 % бақылап отыр. Тек АҚШ өзінде ғана 10 мыңға жуық сақтандыру компаниялары бар, соның ішінде 8 мыңға жуығы мүліктік сақтандыру бойынша жұмыс жасайды. АҚШ өзіміз білетіндей әрбір штаттың өзіне тән заңнамалық құжаттары бар, сол сияқты сақтандыру саласында да әрбір штаттың өзіне тән сақтандыру жөніндегі заңнамалық құжаттары бар, сондықтан сақтандыруды бақылайтын жалпы мемлекеттік немесе федералдық орган жоқ.
Әрине, әр штат өзіне тән жарғылық капиталын және сақтандырудағы ұсынатын қызметтерінің түрлерін бекітеді. Бақылаушы сақтандыру ұйымы сақтандыру компанияларын, брокерлерін, агенттерін тексере отырып, оларға лицензия береді.
Сақтандыру ұйымдарының екі типтері бар олар: акционерлік қоғамдар, өзара сақтандыру ұйымдары. Мемлекеттік сақтандыру ұйымдары әрине жоқ. Компанияның акцияларын заңды және жеке тұлғалар арасында үйлестіріледі. Негізінде АҚШ өзара сақтандыру ұйымдары тарихи тұрғыдан қарағанда ертерек қалыптасып қалған, бірақ акционерлік компаниялар оларға қарағанда көбірек.
Америкада сақтандырудың үш типтері бар:
ІІ. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму жағдайына талдау
2.1 Сақтандыру ісін ұйымдастырудың құқықтық негіздері
Біздің елімізде де сақтандыру саласын заңмен реттеп отыратын жалпыға бірдей Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі болып табылады. Азаматтық кодекске жыл сайын әртүрлі өзгерістер болып тұратындықтан ол өзгерістер сақтандыру саласын да тимей кетпейді. Мысалға 2011 жылдың Азаматтық кодексінде сақтандыру шарттары жайлы былай делінген
Сақтандыру шарты:
1.Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді.
2. Сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде сақтандыру жүзеге асырылады.
2.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдау
Қазіргі таңда Қазақстан республикасында 38 сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымы бар. (2011 жылғы 01.04. жағдай бойынша)
2011 жылдың 1 сәуірі мен 2010 жылдың 1 сәуіріндегі статистикалық мәліметтерді салыстырғанда сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 39,1 млрд теңгеге, жиынтық есептік меншік капиталы 29,3 млрд теңгеге, сақтандыру резервтері 10,2 млрд теңгеге, жарғылық капитал 11,6 млрд теңгеге өсті.
Сақтандыру сыйақылары бір жылдың ішінде 5,7 млрд теңгеге өсіп, 52, 5 млрд теңгені құрады, соның ішінде міндетті сақтандыру бойынша 2,3 млрд теңгеге, ерікті жеке сақтандыру 4,4 млрд теңгеге, ерікті мүліктік сақтандыру 0,9 млрд теңгеге ұлғайды. Сақтандыру төлемдерінің көлемі 2,4 млрд теңгеге өсіп, 8,6 млрд теңгені құрады, соның ішінде міндетті сақтандыру 0,5 млрд теңгеге, ерікті жеке сақтандыру 1,5 млрд теңгеге, ерікті мүліктік сақтандыру 0,4 млрд теңгеге өсті. (Қосымша Б)
2011 жылдың 1 сәуірінің деректері бойынша Қазақстанның сақтандыру нарығында 7 өмірлік сақтандыру бойынша компаниялар, 28 жалпы сақтандыру бойынша қызмет атқарады, 78 ҚР Ұлттық Банкі лицензияланған актуарилер, мемлекеттік лицензиялары бар 14 сақтандыру брокерлері, 3 шетелдік компанияны айтуға болады.
ІІІ. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласының мәселелері және оларды шешу жолдары
3.1. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелер
Қазақстанда жұмыс істеп тұрған сақтандыру ұйымдары санының көптігі мен жалпы көрсеткіштерінің өсуіне қарамастан, Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы эканомикада және халықтың өмірінде элі маңызды ролге ие болған жоқ әрі өзінің бастапқы даму сатысында тұр деген қорытындыға келуге болады.
Бүгінгі күні сақтандыру қызметінің сапасы төмен болып отыр, ал олардың тізбесі көптеген сақтандыру ұйымдарында негізінен ең аз шамада күш-жігер мен шығын жұмсай отырып, клиенттер тарту мүмкіндігі болатын міндетті сақтандыру түрлерімен шектелген.
Отандық сақтандыру компанияларының ірі шығынының орнын жабу жөніндегі қаржылық мүмкіндіктері де қанағаттанарсыз, бұл сақтандыру ұйымдарын капиталдандыруды арттыру мен оларды ірілендіру туралы мәселені шешуді талап етеді. Қазақстанның қаржы регионының басқа бөліктердегі регионалдау тәжірибесі көрсеткендей, дәрменсіз қаржы ұйымдары индустрияның кейбір міндеттерін шеше алмайды және олардың халақаралық стандарттарға қол жеткізу айтарлықтай шектеулі.
3.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелерді шешу жолдары
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты - мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердІң мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толықтыруды орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру.
Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтандыру қызметі нарығын саналы жаңа деңгейге көтеру жөніндегі шаралар әзірлеуді және кезең-кезеңімен іске асыруды талап етеді. Бұл қағида Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Онда мұндай міндеттерді шешу көзделді:
Қорытынды
Сақтандыру - қоғамның эканомикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі.
Сарапшы мамандардың пайымдауынша, эканомикалық қатынастардың жаңа жүйесін өткеннен кейін шығынды өтеудің тиімді механизмі әрі табыс көзі ретінде сақтандыруға деген объективті қызығушылығын арттыруға тиісті болатын.
Сақтандыру мемлекетік саласының бір қатар мәселелерін шешуге және эканомикаға инвистиция салуға жәрдемдеседі. Сақтандыру компаниялары ел эканомикасына нақты ішкі инвесторлар бола алады.