Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бухгалтерлік есеп

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 26 стр.

Год: 2009

Предварительный просмотр

Негізгі құралдардың тозу есебі


Жоспар
Кіріспе 3
І тарау. Негізгі құралдардың сипаттамасы 5
1.1 Негізгі құралдардың ұғымы және жіктелуі 5
1.2 Негізгі құралдардың бағалануы 7
ІІ тарау. Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру 9
2.1 Негізгі құралдардың қозғалыс есебі 9
2.2 Негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық аударым мөлшерін есептеу 11
2.3 Негізгі құралдарды жөндеудің есебі 16
2.4 Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың есебі 18
2.5 Негізгі құралдарды түгелдеу, қайта бағалау және есеп берудің мәнін ашу 20
Қорытынды 24
Қолданған әдебиеттер 26

Кіріспе

Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. «Негізгі құралдарға» — қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, келік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.

І тарау. Негізгі құралдардың сипаттамасы

1.1 Негізгі құралдардың ұғымы және жіктелуі

Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей катысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар т.б.) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар).

1.2 Негізгі құралдардың бағалануы

Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық (жойылу) құнымен және келісілген құнымен бағаланады.

ІІ тарау. Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру

2.1 Негізгі құралдардың қозғалыс есебі

Кәсіпорындар өздерінің пайдалануындағы, яғни мен - шегіндегі негізгі құралдарын есептен басқа заңды немесе жеке тұлғаларға тегін бергенде, сатқанда, ұрланғанда, жоғалғанда, табиғи апат, зілзала жағдайында бүлініп жоғалғанда шығарады. Сонымен қатар өздерінің меншігіндегі негізгі құралдарын басқаларға айырбастағанда немесе ұзақ мерзімге жалға берген кезде де кәсіпорындар өздерінің балансыннан негізгі құралдарды есептен шығара алады.

2.3 Негізгі құралдарды жөндеудің есебі

Ұйымдардағы негізгі құралдардың пайдалану барысында табиғи және сапалық жағынан тозатындығы алдыңғы бөлімдерде сөз етілді. Бүтін бөлігі, яғни табиғи пішінінің барлық тетіктері бір мезгілде, бір уақытта іске жарамсыз болып қалмағанымен, негізгі құралдардың бір бөлшегінің жарамсыз болып, соның себебінен негізгі құрал істен шығуы (пайдалануға жарамсыз болып түруы) мүмкін. Тіпті іске жарамды болғанның өзінде кейбір бөлшектерінің тозуының әсерінен өнім өндіру қабілетінің азаюы да ғажап емес.