Қаржы нарығы. Қаржылық қатынастардың құқықтық қамтамасыз етілуі
Жоспар
1 Қаржы нарығы 3
2. Қаржы нарығының инфрақұрлымы 4
3. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңдылықты жүзеге асырудың әдістері 6
4. Қаржылық заңдылық жүйесіндегі қаржылық - құқықтық актілер 7
Әдебиеттер тізімі 8
1 Қаржы нарығы
Қаржы нарығы - бұл ең алдымен дербес экономикалық категория. Бұл тұрғыдан қаржы рыногы дегеніміз - бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының , сақтық институттарының , мемлекеттің және халықтың уақытына бас бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы.
2. Қаржы нарығының инфрақұрлымы
Қазақстанда бағалы қағаздар рыногының дұрыс жұмыс істеуі үшін оның қажетті нарықтық инфрақұрылымы: инвестициялық институттар (инвестициялық компаниялар, инвестициялық қорлар, инвестициялық консультанттар, қаржы делдалдары, коммерциялық банктер.) қор биржалары, депозит мекемелері, (халықтық жинақ банктер, ссуда - несие компаниялары, фирмалар), биржадан тыс сауда жүйелері болуы тиіс.
3. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңдылықты жүзеге асырудың әдістері
Мемлекеттің қаржылық қызметі – бұл мемлекеттің ақша қорларын ұйымдастыру, бөлу және пайдаланумен байланысты қызметі болып табылады. Мемлекет өзінің қаржылық қызметін жүзеге асыра отырып, бір уақытта бір уақытта екі сипатта көріне алады: саяси жүйенің субъектісі ретінде және белгілі бір қорларға бағытталған ақша қорларының иегері ретінде. Осыған сәйкес мемлекеттің меншік иесі ретінде атқаратын ролі оның саяси субъект ретіндегі роліне тәуелді болуы тиіс.
4. Қаржылық заңдылық жүйесіндегі қаржылық - құқықтық актілер
Қаржылық –құқықтық актілер – бұл қарастырылған нысанда қабылданған және заңдық салдары бар мемлекеттік билік пен басқару органдарының құзырына кіретін қаржылық қызметтің мәселелері жөніндегі шешімдері болып табылады. Қаржылық –құқықтық актілер қаржылық –құқықтық нормаларды белгілейді, өзгертеді немесе қолданыстан алып тастайды. Қаржылық –құқықтық актілердің жиынтығы қаржылық заңдылықты құрайды.
Әдебиеттер тізімі
1. Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: оқулық. Алматы, 2005 552 б.
2. Мельников В.Д. Основы финансов: учебник Алматы: издательство ЛЕМ, 2005г.
3. Сахариев С.С. Финансы: учебник Алматы: Юридическая литература, 2004 г.
4. 3.Финансы: учебное пособие под ред. А.М.Ковалевой М.: Финансы и статистика,1998г.