Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Әдебиет

Тип: Реферат

Объем: 2 стр.

Полный просмотр работы

Жамбыл Жабаев

Жамбыл Жабаев - тауының етегінде 1846 жылы ақпан айында туған. Арғы аталары ауқатты болғанымен, ақынның әкесі Жапа кедей шаруа болған. Жамбыл жоқшылық тұрмыста өседі. Ес білген соң әкесі оны ауыл молдасына оқуға береді. Ол кездегі молдалар шәкіртті ұрып - соғып, дүрілейтін. Молданың мұндай қорлығына шыдай алмай, Жамбыл оқуды тастап кетеді. Жаратылысынан пысық, зерек бала оқып білім алмаса да, жастайынан ән мен өлеңге құмар болады, ақындық өнерді сүйеді, ауыз екі естіген өлендерін жаттап алып жүреді.

Қазақ ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерімен көп үйгерген Жамбыл өзінің өлең шығару шеберлігін де, айтыстағы шеберлігін де арттыра түсіреді. Жамбыл айтыста Сарбас, Досмағанбет, Құлмнбет сияқты бірсіпыра ақындарды жеңген. Айтыс ақыны болып жүріп мысқылшыл уытты өлеңдерді табанда айтып тастауға машықтанады және жырларында өз заманындағы ақындардың көбіне озық екенің танытады.

1929 жылы Жамбыл кохозға мүше болып өзі, қайтыс болғанға дейін ол Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Жамбыл атындағы колхозда тұрды.
Өмірінің соңғы жылдарында жиі науқастанған Жамбыл жүз жасқа аяқ басқанда, 1945 жылы 22 маусымда қайтыс болады. 1946 жылы Жамбылдың туғаныңа 100 толуын Республикамыз үлкен мереке етіп өткізді. Жамбыл шығармаларының академикалық жинағы басылды. Кейінгі жылдарда ақын еңбектері бірнеше рет орыс тіліне басылып шықты. Ғалымдар Жамбыл поэзиясын ерекшеліктерін зерттеп, ғылыми еңбектер жазады. Жамбыл үйі музейге айналдырылады. Байтақ ортамыз бен шетелдерден келген қонақтарымыз осы музейге келіп, ақынның өмірімен танысады, шығармаларын оқиды.