Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Археология

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 45 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Ұлы Жібек Жолындағы ортағасырлық қалалар


Жоспар

Кіріспе 3
І тарау. Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы 5
1.1 Ұлы Жібек жолының пайда болуы 5
1.2 Батыс пен шығысты байланыстырудағы Ұлы Жібек Жолының рөлі 6
1.3 Жібек жолы бойындағы керуен жолдары 8
1.4 Ұлы Жібек жолымен таратылған діни сенімдер мен дін жолдары 12
ІІ тарау. Ұлы Жібек Жолы бойындағы ортағасырлық қалалар 21
2.1 Отырар мен ҮІІІ ғасырда Шавғар өлкесі атауымен белгілі болған Түркістан алқабы 21
2.2 Сырдария өңіріндегі Сауран қаласы мен Оғыз және және Қыпшақ қалалары 26
2.3 Оғыз және қыпшақ қалалары 30
ІІІ тарау. Ұлы Жібек жолы бойындағы Оңтүстік Қазақстан территориясындағы қалалар 33
3.1 Шежірелі Сайрам (Испиджаб) және Шымкент қалалары 33
3.2 Ұлы Жібек Жолы трассасында маңызды роль атқарған Тараз қаласы 36
Қорытынды 43
Әдебиеттер тізімі 45

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: «Ұлы Жібек Жолы» - Жерорта теңізінен Қытайға дейін Евразияны көктей өтіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан тоқсан торабы, ол сонау ежелгі дәуірдегі орта ғасырдағы осы аймақтардың сауда және мәдени байланыстарының тұсауын кескен аса маңызды қатынас жолы. Жалпы адамзат тарихы бойынша Шығыс пен Батыс халықтарының арасында қалыптасқан бейбіт қарым – қатынас сырын жан-жақты зерттеп білу қазіргі таңдағы мәдениетті өркендетуде маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда Жібек жолын көктей өтетін елдердің ғылыми және мәдени топтарының өзара пікір алысуына, мемлекеттер арасында мәмілеге келу байланыстарын орнатуға әсер ететін өзекті мәселе.
Зерттеудің мақсаты: Бүгінгі күні осы жол бойындағы жатқан халықтардың өзара пікір алысуды қайта жаңғырту қажет екендігін ұғынуына, өзара түсінісудің, қатынасудың және өркениетті бірлесе байытудың қолдағы тарихи мән маңызы бар мүмкіндіктерін пайдалануына септігін тигізу.
Зерттеудің мақсатын жүзеге асыру барысында келесі міндеттемелер алынып отыр:

Жұмыстың мазмұны мен құрылымы: диплом жұмысы кіріспе мен қорытындыдан басқа үш негізгі тараудан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, зерттеудің мақсаты, міндеттері, ғылыми құндылығы және пайдаланылған деректер көрсетілген.

І тарауда. Ұлы Жібек жолының пайда болуы, оның Батыс пен Шығысты байланыстырудағы рөлі, сол жолмен таратылған керуен жолдары мен дін жолдары мәселелері қаралған.
ІІ тарауда Жібек жолы бойындағы пайда болған ортағасырлық қалалар, соның ішінде Отырар, Түркістан және Сырдария өңіріндегі Сауран қаласы жайлы айтылған.
ІІІ тарауда Ұлы Жібек жолы бойындағы Оңтүстік Қазақстан территориясындағы қалалар шежірелі Сайрам (Испиджаб) сондай-ақ сол кездегі маңызды роль атқарған Тараз қалалары жайында айтылған.
Қорытындыда зерттеу бойынша нәтижелер шығарылады.
Автор диплом жұмысын жазу барысында тек негізгі оқу құралдарымен шектеліп қана қоймай, сонымен қатар монографиялар, баспасөз қүралдарын өте тиімді пайдалана білді.

І тарау. Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы

1.1 Ұлы Жібек жолының пайда болуы

«Жібек жолы» дегеніміз не, ол қашан пайда болып, қандай кәдеге жарады, қай жерлерді басып өтті - әркімді – ақ толғандыратын алғашқы сұрақтар осындай.
Бұтқа табынушы (будда дініндегі - ауд) қажы Сюань-Цзан 629 жылы «Будданың қасиетті қалдықтарын көзбен көру және дін ілімін шыңдап зерттеу үшін» Қытайдан Үндіге сапар шекті. Ол Қытайды Батыспен байланыстырып жатқан және техникалық жаңалықтарға дінге мұраттар мен мәдени жетістіктерге мұрындық болып тұрған осы халықаралық жолмен жүрді.
Чань-Анань шыққан саудагерлердің қоспақ-түйелі керуенімен атақты Гоби шөлін жағалап Дунхан арқылы «Ұлы айдаһар құмы» аталатын сортаң шөлейтті Хами мен Тұрфан алқаптарын, Тянь-Шаньның солтүстік бөктерімен мұздақ тауларын шамасы, Музур-Ола жоталарын басып өткен Сюань-Цзян түрік қағаны тұрған Суяб қаласына келді. Сюань – Цзян түрік қағаны мен оның жанпеліндегілер жөнінде былай сипаттайды: «Бұл қателіктердің аттары керемен екен. Қаған үстіне жасыл жібек шекпен киген, жолақ басына ұзындығы чжан (3,2м) ұштары желкесіне түскен Жібек шолпа орап алған. Оған оқалы – зерлі жібек шапан киіп, шаштарын айдар – тұлындап өрген екі жүзден астам тархан (нөкер) еріп жүрді. Өзге жауынгерлер тері астарлы киімдер киіп, айбалта, садақ асынып ту көтеріп жүреді. Түйеге, атқа мінгендердің көптігі сонша, көзбен шамалаудың өзі мүмкін емес».[1]

1.2 Батыс пен шығысты байланыстырудағы Ұлы Жібек Жолының рөлі

Жібек жолы ІІ-Ү ғасырларда, егер Шығыстан бастасақ Чаньниден басталып, Ланчжоу ауданындағы Хуанхэ өткеліне беттейді, одан әрі Нан-Шаньның солтүстік сілемдерін қуалай Ұлы Қытай қорғанының батыс беткейіне және «Яшмо қақпалары заставасына» жетеді. Ол жерде жалғыз жол Такла-Макан шөлін солтүстігі мен оңтүстігінен орап өтіп, үшке айрылады. Солтүстік тармағы Хами, Турфан, Бесбалық, Шихо алқаптары арқылы Іле өзені бойына жетеді, ортаңғы жол тармағы Чаочаннан Қарашәрге, Ақсуға және Ыстық көлдің оңтүстік жағалауына жетеді, оңтүстіктегі тармағы Дунхан, Хотон, Яркент арқылы Бактрияға, Үнді мен, Жерорта теңізіне жетіп, «Оңтүстік жолы» аталады. «Солтүстік жолы» Қашқардан Ферғанаға, ал одан әрі Самарқан, Бұхара, Мерв арқылы Хамадан Сирияға жетеді. [2]

1.4 Ұлы Жібек жолымен таратылған діни сенімдер мен дін жолдары

Жібек жолымен діни сенімдер де таратылды, ал әр алуан дін уағызшылары /миссионерлер/ өздерінің діндерін теңіздің арғы бетіндегі елдерге де «ала барды». Үндіден Орта Азия мен Шығыс Түркістан арқылы будда діні, ал Сырдариядан, Иран мен Арабтан әуелі христиан діні, артынша ислам діні таратылды.
Зерттеушілердің пікірлеріне қарағанда, будда діні Қытайға Үндіден Орта Азия арқылы енген. Бұл діни ағым біздің дәуірімізге дейінгі 1 ғасырдың орта шенінде тараған. Шығыс Түркістан мен Қытайда будда дінінің таралуында орта азиялық діни хадисшылар мен дін уағыздаушылары, әсіресе соғдылар мен парфяндар, қаңлылар маңызды роль атқарды. Шамасы Шығыстағы Қушан мемлекетінің саяси мақсаттары әсер еткен болуы керек, будда діні біздің дәуіріміздің ІІ-ІІІ ғасырларында өте белсенді түрде таралды.

ІІ тарау. Ұлы Жібек Жолы бойындағы ортағасырлық қалалар

2.1 Отырар мен ҮІІІ ғасырда Шавғар өлкесі атауымен белгілі болған Түркістан алқабы

Мөлдір сулы Арыстың сары лайсаң Сырдарияға құяр сағасына қол созым жерде талай ғасырлар бойы ел есінде сақталған өлі қала үйінділері жатыр. Оның атауы – Отырар.
Отырар Қазақстанның ортағасырлық қалалары ішінде айрықша орын алады.
Егер әлде қандай күн туып, алмас қылыштар айқасып, сұр жебелер суылдаса, егер сарайлар мен күркелер алау өртке оранып, күн көзін қара түтін тұмшалар кез болса, онда далалықтарға да, қалалықтарға да бірдей қатерлі жаулар келгені. Міне, сонда өзінің ұстаханасындағы көрік отын сөндірген ұста мен малын айдалада қалдырған малшы қамал қабырғасында тізе қосып, қанжарларын ауыздарына кесе тістеп, сатымен жоғары өрмелеген елдермен жаудың бетін бірлесіп қайтарады.

2.2 Сырдария өңіріндегі Сауран қаласы мен Оғыз және және Қыпшақ қалалары

Сауранның жеті қабырғасы. Сырдария белінде белгілі қалалардың бірі – Сауран. Өз атауын сақтап қалған Сауранның қалдықтары Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде жатыр. Қала туралы бірінші деректер Х ғасырдан әйгілі. Х ғасырдың белгілі араб географы қаланы былай деп сипаттаған: «Сауран бірінен кейін бірі 7 қабырғамен қоршалған үлкен қала, оның рабады бар, үлкен мешіт ішкі қалада орналасқан. Ол гүздер мен қыпшақтарға қарсы құрылған шегаралық бекініс қамал».

ІІІ тарау. Ұлы Жібек жолы бойындағы Оңтүстік Қазақстан территориясындағы қалалар

3.1 Шежірелі Сайрам (Испиджаб) және Шымкент қалалары

Ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігіндегі бірегей ірі қала Испиджаб болды, ол оған осы облыстардың барлық жер-суы – шығыста Талас-Шуға дейін, солтүстік-батыста Сырдарияның орта ағысына дейін ұласып жатты.
Испиджаб жазба деректерде сонау ҮІІ ғасырдың бас кезінен белгілі, Сюань-Цяньнің Сапарнамасында ел «Ақ өзендегі қала» деген атаумен еске алынған.[16] Өзге емес дәл осы Испиджабтың атауының аталу сыры көп кейінірек Махмуд Қашқаридің ХІ ғасырдағы деректері арқылы айқындала түсті. «Сайрам-деп жазды ол, - Испиджаб аталып жүрген ақ қаланың /Ал-Мединат ал-Байда/ атауы. Оны Сайрам деп те атайды». [17] Испиджаб атауы соғды тілінде «Ақ су» мағынасын береді деген де пікір бар, олай болса «Ақ өзендегі қала» - «Испиджаб» «Сайрам» деген атауларының түп – төркіні бір екендігіне осының өзі айғақ бола алады.

3.2 Ұлы Жібек Жолы трассасында маңызды роль атқарған Тараз қаласы

Тараз Қазақстан қалаларының ішіндегі ең ежелгілерінің бірі.
ҮІІ ғасырда Тараз Ұлы Жібек Жолы трассасында маңызды роль атқаратын ірі қалаға айналады. Осы уақыттан бастап оның атағы кең жайыла бастайды. Ол туралы мағлұматтар жол бағдарламаларында, ежелгі шежірелерде және географиялық шығармаларда бар.
893 жылы, жазбаша деректердің айтуы бойынша, Исмаил Ибн Ахмад Таразға қарсы соғысқа шығып, көптеген қиыншылықтарды басынан кешіреді. Ақырында Тараз әмірі жауға бас иіп, көптеген диханқандарымен бірге Исламды мойындайды.

Қорытынды

Жеңіл де шапшаң жүріп тұруға, кең ауқымды байланыстар жасауға дағдыланған ХХ ғасырдың адамдары өткен дәуірлердегі қарым – қатынастарды толық түсіне бермейді, я болмаса болымсыз ғана нәрсе деп қабылдайды. Және де ғасырлар тізбегінің тереңіне қарай жылжыған сайын адамға тән байланыстар да қиындай түсетін сияқты көрінеді.
Дегенмен, бүгіндегі саяхат жасау, сауда қылу, дипломатиялық сапарлар, адамдардың алыс - қиырларға қоныс аударуы сонау көне дәуірлерде жиі болып тұрғаны барған сайын айқындай түсуде. Ертедегі дәуірде, әсіресе орта ғасырларда қоғам дамуына қозғалыс күшті болған, адамдар мәдени байланыстар мен алыс-беріс жасауға ұмтылған. Солардың бір айғағы - «Ұлы Жібек Жолы» болып табылады. Бұл дипломдық жұмыста оның Қазақ даласын, шөлді өлкелері мен тау асуларын басып өтетін бір саласы туралы сөз болды. Онда ең негізгі сауда желілерінің және де шалғайда жатқан аудандарды аса ірі мәдени және экономикалық орталықтармен жалғастырған орасан мол тармақтарының бағыттары жайында әңгімелейді.

Әдебиеттер тізімі

1. Зуев Ю.А. Китайские сведения о Суябе /Известия АН Каз.ССР.Серия истории, археологии и этнографии. Вып.3,1960г. С.87-89
2. Лубо - Лесниченко Е.И. Великий Шелковый путь 372-373
3. Бартольд В.В. Очерк истории Семиречья. Соч. Т.П.4.2М 1963г. С.31
4. Байпақов К.М. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың орта ғасырдағы қалалық мәдениеті.-Алматы:1986,9-92б.
5. Горячев В.Д. Город золотого верблюда. Фрунзе,1988с.62-68
6. Байпақов К.М. Ерте Орта ғасырдағы Отырар қаласының кейбір тарихи этнографиялық мәселелері. 1985 68-65б.
7. Алтын Орда тарихына жататын материалдардың жинағы, ІІт., М-Л,1941ж. 129б.
8. Пищулина К.А. СЫРДАРИЯ өңіріндегі қалалар және олардың қазақ хандықтары тарихындағы маңызы. Алматы,1969, 17б.
9. Фазлаллах ибн Рузбихан Исфагани. Михман-наме-йн Бухара. Аудармасы алғысөз және ескертулері Р.П. Джалалилованікі М.,1976, 116б.
10. Лерх П.И. Түркістан өлкесіне 1867 жылғы археологиялық сапар. СПб,1870,14,21,31б.