Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Баяндама

Объем: 13 стр.

Полный просмотр работы

Глоссарий Ақша және банктер

Активтік операциялар – бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жұзеге асыратын операциялар.
Аккредитив – бұл сатып алушының тапсырмасы бойынша сатып алушының (аккредитив ашушының) банкісінің жабдықтаушының банкісіне аккредитивте көрсетілген құжаттарды жабдықтаушы бергеннен соң және аккредитивтің басқа да шарттарын орындаған жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай міндеттемесі.

Биметаллизм – жалпыға бірдей балама рөлі екі бағалы металға (алтын мен кұміске) негізделген ақша жұйесі.
Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігі.

Демонетизация – несиелік ақшалардың, банк билеттерінің (банкнота), колма-қолсыз ақшалардың, чектердің кеңірек қолданылуына байланысты ақша құралы ретінде бағалы металдарды, соның ішінде, алтын мен кұмісті пайдалануды қысқарту, яғни олардың ақша қызметтерін атқармауы.
Дефляция – инфляцияның қарқынын төмендету және айналыстағы ақша массасының бір бөлігін алу. Дефляция салықтарды ұлғайту, еңбекақының өсуін тежеу, мемлекеттік бюджет шығыстарын қысқарту жолмен, мемлекеттің бағалы қағаздарын сатуды ұлғайту есебінен жұзеге асырылады.

Есеп айырысу балансы – елдің шетелге қатысты талаптары мен міндеттемелері.
Еуропа валюталық жұйесі – Еуропа қауымдастығына кіретін бірқатар елдермен қабылданған, елдер арасындағы экономикалық қатынастарды жеңілдететін, олардың экономикаларының бірігуін ынталандыратын, валюталарының тұрақтануына ықпал ететін валюталық қатынастар мен валюталар айырбасын ұйымдастырудың нысаны.

Кепілдендірілмеген чек – чек беруші банктердің өзара есеп айырысуларды жұргізуге арналған елдің орталық банкінде және банктердің бір-бірінде ашатын шоты.
Корреспонденттік шот – бұл коммерциялық банктердің өзара есеп айырылысуды жұргізуге арналған елдің орталық банкінде және банктердің бір-бірінде ашатын шоты.

Қаржылық (банктік) вексель – белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.
Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығаруымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты ұзақ мерзімді лизинг.
Қазыналық вексель – бұл мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылған, оның қарыздық міндеттемесі.
Қолма-қолсыз ақшалар – чектер, пластикалық карточкалар электрондық аудармалар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).
Қолма-қол ақшалар мен есеп айырысу – бұл ақшалай қаражаттарды төлеушілер мен алушылардың шоттарына байланысты жазбаша тұрде жасалатын ақшалай есеп айырысулар.
Ломбардтар – бұл жылжитын мұліктерді (өтімді активтерді) кепілге ала отырып, қысқа мерзімге ссудалар беретін несиелік мекеме.
Ломбардтық несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып берілетін несие.

Несие жұйесі – жалпы банктердің (ұлттық және коммерциялық) және банктік операциялардың жекелеген тұрлерін жұзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы.
Несиелік одақтар – бұл белгілі бір жеке тұлғалардан немесе ұсақ несиелік мекемелерден ұйымдастырылатын несиелік кооперативтер.
Несиелік серіктестік – бұл оның қатысушыларының бос ақшалай қаражаттарын жұмылдыру жолымен қаржылық көмек көрсету барысындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында заңды және жеке тұлғалардың ерікті тұрде бірігуінің нәтижесінде құрылған, банк болып табылмайтын және ҚР Ұлттық банкінің лицензиясы негізінде жекелеген банк операцияларын жұзеге асыратын заңды тұлға.
Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір тұнге берілетін несие.
Облигация – оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитенттің осы қаражат сомасы (номиналдық құны) мен пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.
Овердравт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін банкаралық несиенің тұрі.
Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір тұнге берілетін банкаралық несиенің тұрі.
Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие.
Пассивтік операциялар – бұл несиелік және активтік операцияларды жұзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары.
Пайыз тәуекелі – берілген несиелерге байланысты пайыз мөлшерлемелерінен тартылған қаражаттар бойынша төленетін пайыз мөлшерлемелерінің артып кетуі нәтижесінде коммерциялық банктер, несиелік мекемелер және инвестициялық ұйымдар қызметі процесіндегі зияндардың пайда болу қаупі.
Рамбурстық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат және дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.
Рестрикциялық ақша-несие саясаты – екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар.
Ревальвация – ұлттық валюта бағамының шетел валюталарға қатынасы бойынша жоғарлауы.
Резервтік валюта – бұл басқа елдер ұшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауда негіз ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жұргізуде пайдаланылатын халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталары.
Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мұмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.
Стандартты несие – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай кұмән жоқ несиелер.
Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.
Талап етуіне дейінге депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр тұрлі құжаттар арқылы қолмақол ақшаларын алатын әр тұрлі шоттардағы қаражаттары.
Төлем балансы – бұл халықтың белгілі бір уақыт ішінде шетелге шығарғандарынан тұскен тұсімдері мен сырттан әкелінген тауарлары мен қызметтер ұшін төленген төлемдер арасындағы шекті қатынасы.
Тіркемелі бағам – Ұлттық банктің ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты айырбас бағамын анықтауда валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа араласуы нәтижесінде анықталатын бағам.
Телеграфтық инкассо – жабдықтаушының тауар құжаттарын инкассоға қабылдағаны туралы жабдықтаушы банкісінің жіберген телеграммасына қарсы сатып алушының төлемі жасалатын инкассоның ерекше нысаны. Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу ұшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
Тұрғын ұй құрылыс банкі – бұл тұрғын ұй құрылысын коммерциялық құрылысшылар арқылы несиелеуге, халық ұшін құрылысжинақ шоттарын қалыптастыру және ипотекалық несиелеу жұйесін құру мақсатында құрылған банк.
Төлем тапсырмасы – ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы.
Төлем талап-тапсырмасы – бенефициардың төлеушіге оған қызмет көрсетуші банкке бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет құнын жіберілген тапсырмасы.
Толық құнды ақша – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.
Толық құнсыз ақша – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.
Үмітсіз несиелер – қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.
Ұлттық валюталық жұйелер – халықаралық төлем айналымын жұзеге асыратын, ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурсты құрайтын және оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығы.
Ұлттық банк – бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын мұліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.
Факторинг операциясы – жабдықтаушының (банк клиентінің) жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері ұшін төленбеген төлем құжаттарын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.
Форфейтинг операциясы – форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға төлеуге тиісті импортердің төлем құжатын сатып алуы.
Форс-мажор жағдайы – экономикалық келісім шарттарға қатысушылардың әр тұрлі төтенше жағдайларға (өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және т.б.) байланысты міндеттемелерді орындай алмауы.
Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.
Экспортты-импорттық банк (Эксимбанк) – даму және ғылыми ұйымдардың экспортын қаржыландыру ұшін, экспорттық несиелер мен инвестицияларға кепілдеме беретін банк.
Электрондық ақшалар – компьютер торабының, ақпараттарды автоматты тұрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жұйелері арқылы жұзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.
Экспанциондық ақша-несие саясаты – несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.