Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 34 стр.

Полный просмотр работы

Инвестициялық операциялар есебі

ЖОСПАР
Кіріспе 3
І. ИНВЕСТИЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК 5
1.1 Инвестицияның мәні және оның түрлері 5
1.2 Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың инвестицияларының есебі 6
1.3 Инвестициялық қорлардың түрлері: ашық және жабық инвестициялық қорлар және олардың ерекшеліктері 9
ІІ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ 12
2.1 Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция есебі 12
2.3 Инвестицияны сатып алудағы бухгалтерлік есептің маңызы 21
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАЛДАУ 24
3.1 Қазақстандағы инвестициялар жағдайының көрсеткіштері 24
3.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары 27
Қорытынды 32
Пайдаланылған әдебиеттер 34

Кіріспе
Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдары қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасына Жолдауында өтпелі кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы республиканың бет бейнесі айқын көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір көзі – шетел инвестициясын пайдалану. Әрине Қазақстанның халықаралық байланыстары осы кезеңде де алдымен жақын көршілеріміз – Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД елдерін қамтиды. Бірақ ірі трансұлттық капиталды, ҚХР, Батыс және Шығыс елдері, Мұсылман әлемімен де экономикалық қтынастар ұлғаяды. Мұны біздің республиканың геосаяси, геоэкономикалық, географиялық жағдайлары талап етеді.
«Қазақстан – 2030» стратегиясында Н. Ә. Назарбаев халықаралық қатынастардың мынадай маңызды бағыттары мен факторларын атады: - қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауға сөзсіз елеулі рөл атқаратын күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен ұлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірде өмір сүріп отырмыз; - шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу; - Ұлттық қауіпсіздікке Ресей, ҚХР, Орта Азия, Таяу және Орта шығыс елдерінің, АҚШ, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік Азия, Еуропа, Ислам даму банктерінің, халықаралық институттардың қолдауларын барынша пайдалану. Кәсіпорын – түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.

І. ИНВЕСТИЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Инвестицияның мәні және оның түрлері
Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі – жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.

1.2 Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың инвестицияларының есебі
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сай шаруашылық тараптарды серіктестігі, егер басқа (негізгі немесе бас) шаруашылық серіктестігінің, оның жарғылық капиталындағы үлесінің басымдылығына байланысты немесе олардың өзара келісіміне орай немесе өзгеше жолдармен, шешімдерді айқындауға мүмкіндігі болса, онда ол еншілес деп есептелінеді; тәуелді акционерлік қоғам, яғни бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар деп жасалған келісімдер нәтижесінде инвестицияланған объектіге қатысты қаржылық және өзге аспект деңгейін анықтау құқығына ие болған басқа заңды тұлғалардың ықпалына түсіп қалған серіктестерді айтамыз.

1.3 Инвестициялық қорлардың түрлері: ашық және жабық инвестициялық қорлар және олардың ерекшеліктері
Қорды басқару және қызмет етуге келесі ұйымдар қатысады:
• компанияны басқарушылар қор мүліктерін басқарады, инвестициялық шешімдер қабылдайды, инвестицияларға әкімшілік қызмет етеді; бас-қарушылар сату процесін ұйымдастыру үшін (кері сатып алу) орналастыру бойынша агенттерді қатыстырады;
• қор активтерін сақтаушы (қор типтеріне және елге (мемлекетке) байланысты — қамқоршы депозитаршы, кастодиан) мүлкіне қатысты қор бойынша компанияларды басқарушылардың іс-әрекеттерінің заңдылық функцияларын бақылауды жүзеге асыра отырып, қор мүліктерінің есебін жүргізеді және сақтайды; қор активтерінің номиналды ұстаушысы болып табылады, қор мүлкімен басқарушының нұсқау ережесі бойынша мәмілелер жасалады;

2.3 Инвестицияны сатып алудағы бухгалтерлік есептің маңызы
Инвестицияны сатып алушылар бухгалтерлік есепте оны номиналдық құны бойынша көрсетеді (1000000 теңге), ол кезде 2020 шоты дебеттеліп, 3310 шоты кредиттеледі. Ал келесі айда, яғни маусымда, сатып алушы 18333 теңге (1000000 х 22% х 1 : 12) пайызын есептейді, ал ол 2170 дебеті мен 2110 кредиті бойынша керініс табады. Шығару шарты бойынша (әр үш ай сайын) төленуге тиісті пайызының сомасы 55000 теңгені құраған және оған 1040 шоты дебеттеледі де, 2170 шоты кредиттеледі.
Қалған кезендерге ай сайын 18333 теңге сомасында пайыз есептелінеді және оған жоғарыдағы келтірілген номиналдық құны бойынша жасалатын бухгалтерлік жазба жасалады:

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАЛДАУ
3.1 Қазақстандағы инвестициялар жағдайының көрсеткіштері
Инвестиция тартуға байланысты атқарылып жатқан жұмыстар да жеміссіз емес. Қала бойынша бүгінде әлімнің 52 елінің серіктестерінің қатысуымен құрылған 127 біріккен және 218 шетелдік кәсіпорындар жұмыс істейді. Атқарылған жұмыстың нақты көрсеткіші ретінде - қала экономикасындаға инвестициялардың көлемі 2,9 млрд. – тан астам АҚШ долларын құрады. Өткен жылдың қорытындысына қарай, негізгі қорды инвестициялар 134185,6 млн. тенгені құрады, бұл дегеніміз 925,5 млн. АҚШ долларына жуық қаржы.

3.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары
Көптеген елдерде ивестициялық банктердің қызметін басқа да қаржылық – несиелік мекемелер немесе коммерциялық банктер атқарады.
Қазақстан Республикасында да мұндай банктердің функцияларын негізінен Қазақстан Республикасының банк жүйесінің екінші деңгейдегі банктері атқарады. Бірақ Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері бірінші типті банктердің операцияларын жүзеге асыру өз деңгейіенде болып отырған жоқ. Коммерциялық банктің салымдық қызметінің мақсаты – қаражаттардың сақталуын, диверсифискация, табыс пен өтімділікті қамтамасыздандыру .

Қорытынды
Инвестиция – экономикалық дамудың жоғары және тұрақты қарқынын қалыптастыруды, ғылыми – техникалық прогресс жетістіктерін еңгізуді, инфра – құрылымды дамытуды көздейді. Табысқа: проценттер, роялти, дивиденттер, қысқа және ұзақ мерзімде инвестициялар бойынша жалдық төлемдер; қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың шығуының қаржылық нәтижелерін; ағымдағы құнымен есептелген, қысқа мерзімді инвестициялар бойынша жүзеге асырылмаған табыстар мен зияндар; қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды сатып алу және ағымдағы құнының ең төмендегі бағасы бойынша көрсету қажеттілігін жүзеге асыратын ағымдағы құнға дейін төмендеуі және құнының керісінше өзгеруі; мерзімді қаржылық инвестициялар құнының төмендеуі; ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар құнының сөзсіз төмендеуінен түсетін табыстар түріндегі инвестициялардан түсетін түсімдер кіреді.
Инвестицияны дамытуда ерекше рөлді кәсіпорындарды қаржыландыруға және ұзақ мерзімге несие беруге мамандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдарды құру барысында шығарылған акциялардың мемлекеттік пакеттерімен айналысатын, кәсіпорындар акцияларын ауыстыру және оны сатумен айналысатын инвестициялық қорлар атқарады. Сөйтіп, қорлар капиталдың экономикасында неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорынға капиталдың құйылуына жағдай жасайды.
Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізгі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымдың дамытудың маңызды факторы болып саналады.
Нарықтың шешуші бір сипаты – қор рыногы. Нарықтық экономика дамыған елдерде кәсіпорындар өзіне инвестицияға керекті қаржыны қор рыногына акция шығарып, оны сатып табады. Өз кезегінде осы акцияны әртүрлі қаржы қорлары (мысалы, зейнетақы , қауіпсіздендіру қорлары) және жеке адамдар сатып алады.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың ағымдағы құнының өзгеруінен алынған табыс немесе залал олардың сол өздерінің пайда болған кезінде танылады. Есеп саясатында әрбір субъект қолда бар қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар құнының өзгерісінің кезеңділігін көрсетуді белгілейді және ол биржада: не баға нарығында (рыногында) бағасы белгіленген (котируемый) құны бойынша, не бағалы қағаздардың табыстылыққа байланысты келісуші жақтардың белгілеген бағасы бойынша, яғни әділ есеп айырысудың нарықтық құны бойынша есептелінеді. Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік байланыста: ағымдағы құнымен; сатып алу және ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелінеді. Егер қысқа мерзімді қаржылық инвестиция сатып алу және ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелсе, баланстық құны жиынтық көрсеткіш негізінде не инвестиция түрлері бойынша, не бөлек инвестиция негізінде анықталады. Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнының өзгеруіне байланысты алынған пайда немесе шығын, олар пайда болған кезеңдегісімен көрсетіледі.
Сонымен, курстық жұмысты аяқтай келе, ұсынысым: экономиканы инвестициялауда банктердің инвестициялық қызметі өте маңызды. Қазақстанда банктер тарапынан экономикаға қаражаттарды бөлу көбінесе несиелер түрінде болып отыр. Банктердің қаржылық инвестицияларға қызығушылығын арттыру жолдарын қарастыру керек. Сондай – ақ, шағын және орта бизнеске инвестицияларды бөлу шарттарын жеңілдету жолдарын іздестіру қажет. Жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерін нақты экономиканы қаржыландыруға жұмсалу жағдайларын қарастырған жөн.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы N 234 Заңы//Бухгалтер бюллетені-№7, 2007
3. Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп//Алматы, 2004
4. Бухгалтерский учет, М., 1998
5. Кеулімжаев Б. Бухгалтерлік есеп принциптері// Алматы – 2004
6. Кәсіпорындағы сауданы ұйымдастырудағы бухгалтерлік есеп, Бухгалтерлік есеп және аудит // N 8, 2001
7. Назарова В. Шаруашылық субъектілердегі бухгалтерлік есеп// Алматы - 2005
8. Бейсенова М., Садықбекова А. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2002.
9. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н. «Қаржылық есеп», Алматы – 2001.
10. Радостовец В.К., Шмидт О.Т. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп»,
11. Алматы – 2003.
12. Тасмағанбетов Т.А. «Бизнестегі есеп пен талдау», Алматы-2002.
13. Тасмағанбетов Т.А, Омаров А.Ш., Әлібекова Б.А. «Қаржы есебі»,
14. Алматы-2000.
15. Назарова В.Л. Басқару есебі// Алматы – 2005
16. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары//Қоғам және дәуір. №7-2007
17. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы - 2003.