Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 28 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Коммерциялық банктің табыстылығы мен рентабельділігі


Жоспар
І Бөлім. Коммерциялық банктер, олардың жіктелуі 4
1.2 Коммерциялық банктердің қызмет түрлеріне сипаттама және операциялары 8
ІІ Бөлім. Коммерциялық банктің табысы және шығысы 11
2.2 Коммерциялық банктердің активті және пассивті
операциялары 13
2.3 Коммерциялық банктердің активті операцияларын басқаруды дамыту 20
ІІІ Бөлім. Коммерциялық банктердің рентабельділігі
Шетел тәжірибесі 25
Қорытынды 28

Кіріспе

Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді.
Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық формасына байланыссыз, оның жарғылық капиталы оның қатысушылары жеке және заңды тұлғалар есебінен құрылады, сондай-ақ олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып табылады.
Коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл жерде Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.
Менің таңдаған курстық жұмыс тақырыбым – «Коммерциялық банктің табыстылығы мен рентабельділігі».
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. І Бөлім, коммерциялық банктер және олардың жіктелуі, коммерциялық банктердің қызмет түрлеріне сипаттама бере отырып, олармен экономикалық операциялар жүргізу туралы жаздым.
ІІ Бөлімде, коммерциялық банктердің табыстары мен шығындарын, активті және пассивті операцияларына мысал келтіре отырып, коммерциялық банктердің активті операцияларын басқаруды дамыту жағын ауқымды етіп ашып көрсеттім.
ІІІ Бөлімде, коммерциялық банктердің рентабельділігі және коммерциялық банктердің шетелдік тәжірибесі жайлы.
Банктік менеджменттің басты бағыты, банктердің активтері мен пассивтерін, оның меншікті қаржысын басқару және де банк қызметіндегі қауіптерді азайту болып табылады. Қауіп банктің қызметімен әрқашан да қатар жүреді. Жоғарғы деңгейде пайда табудың мүмкіншілігі өскен сайын, қауіптілік те өседі. Банктің менеджменті осындай жағдайда қауіп пен пайданың өзара қатынасының ең оңтайлысын табуы керек.

І Бөлім. Коммерциялық банктер, олардың жіктелуі

Қазіргі коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл жерде ҚР – дағы екінші деңгейлегі банктер туралы айтылып отыр.
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

1.2 Коммерциялық банктердің қызмет түрлеріне сипаттама және операциялары

Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер болып есептелінеді. Олардың қызметтерінің заңды негізі, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан №2443, заңдық күші бар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы», жарлығы. Қазақстан Республикасында бұл банктер ашық және жабық акционрлік қоғам болып қалыптасты.
Аталмыш заңға сәйкес, Қазақстандағы екінші дәрежелі банктер Заңды тұлға болып табылады. Олардың бәрі, меншіктігіне қарамастан, коммерциялық жұмыспен шұғылданады. Сөйтіп, олардың басты мақсаты – пайда табу.
Екінші дәрежелі банктерге, заңды түрде, басқа Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларды өз атынан, өз қаражатына, қайтарымдылық, мерзімділік және төлемділік жағдайларда орналастыру және де клиенттердің тапсыруы мен есеп айырысу, тағы басқа да операцияларды жүргізуге құқық берілген.

Қорытынды

Қорыта келгенде, Қазақстанда да екінші дәрежелі банктер, бір жағынан, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың, уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларға пайда табуға мүмкіншілік жасайды, екінші жағынан, жұмылдырылған қаржыны басқа шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке тұлғаларға қосымша қаржыға қажеттігін жабуға береді. Сонымен қатар , банктер өз мүдделерін де ұмытпайды. Уақытша пайдалануға берілген қаржы үшін тиісті өсім (процент) алады. Объективтік процесс ретінде, банктердің мұндай операцияларының экономикалық негізі болып, қарызға беретін құнды қалыптастыруға және пайдалануға әсер ететін, ақшалай қаржылардың қозғалысы болып табылады.