Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы.
Жоспар
Кіріспе 3
1 Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы 5
1.1 Бағалы қағаздардың негізгі түрлері 7
1.2 Акция және олармен операция 9
1.3 Қор биржасы және оның қызметі 13
1.4 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты 15
1.5 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар 15
1.6 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар 15
1.7 Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар 17
1.8 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар 18
1.9 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар 19
1.10 Математикалық жабдықтау 22
1.11 Концептуалды сызба 23
1.12 Кіріс ақпараттары 24
1.13 Шығыс ақпараттары 24
Қорытынды 26
Пайдаланған әдебиеттер 28
Кіріспе
Қазіргі Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастардың қалыптасу процесінің жүруімен сипатталады. Олардың пайда болуы мен қалыптасуы экономиканың барлық сферасын қамтыған дағдарысты жеңу және экономиканы әкімшіл - әміршілдік арқылы басқарудың мүмкін еместігін алдын ала анықтап берді.
Экономикалық реформаның басты мақсаттарының бірі - кәсіпорынды мүліктік жауапкершілігі анықталған заңды тұлғалар құқықтарына бөліп беру. Шаруашылықтың акционерлік формасы мұны қамтамасыз етеді. Акционерлік қоғамдағы капитал өндіріс құралдары және бағалы қағаздар формасына қызмет етеді. Бұл өндіріс құралдарына қоғамдық иемдену құқығы мен жеке меншік құқығын бекітудің материалдық алғы шарты болып табылады.
1 Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы
Құнды қағаздар нарығын құнды қағаздарды оның қатысушылары арасында шығару мен айналымына байланысты экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде анықтауға болады. Құнды қағаздар нарығының негізі тауар нарығы, ақша және ақша капиталы болып табылады, оларға:
1. Құнды қағаздардың халықаралық және ұлттық нарығы.
2. Регионалды және аймақтық нарықтар.
3. Құнды қағаздардың нақты бір түрлерінің нарығы (акция, облигация, т.б.).
4. Құнды қағаздардың мемлекеттік және корпоративтік (мемлекеттік емес) нарығы.
5. Құнды қағаздардың бастапқы және екінші нарығы.
Құнды қағаздар нарығының қызметтерінің негізгі екі тобын бөліп көрсетуге болады:
1.1 Бағалы қағаздардың негізгі түрлері
Бағалы қағаз қаржылық құжат болып саналады, бұл құжатты шығарушы тұлға мен оның иесі арасындағы иелік ету немесе қарыз алу қатынастарына куәлік ететін құжат. Вексельдер, чектер, акциялар, облигациялар, кепілдеме қағаздары – бағалы қағаздар – қаржылық құжаттардың түрлері. Бағалы қағаздар процент немесе процент төлемдерін алуды және бұл құжаттарда көрсетілген қаржылық құқықтарында басқа тұлғаларға беруді көздейді. Бағалы қағаздардың ішінде ең көп тараған түрлері – акциялар мен облигациялар.
1.2 Акция және олармен операция
Акция дегеніміз - бұл акция иесінің акционерлік қоғам капиталына белгілі бір мөлшерде үлес қосқандығын куәландыратын бағалы қағаз.
Акция өз кезегінде, оның иесіне тиісті акция салмасымен сәйкес салынған капиталына белгілі бір дивидент алуға құқық береді. Акцияны иеленуші акционер деп аталады. Оның тұрақты табыс әкелетін бағалы қағаз иесінен айырмашылығы, ол акцияны сатып алу барысында қоғам капиталына қатынасады, ал өнеркәсіптік облигацияны сатып алушысы болса, онда белгілі бір тұрақты пайыз төлеуге келісімшарт жасайтын кредитор болып табылады. Акционер АҚ-ның несие берушісі болып саналмайды және сондықтан да ол қоғамнан өз акциясына тұрақты дивидент төлеуді және акция бағамы түскен жағдайда оны сатып алуды талап етуге құқысы болмайды. Акционерлердің жылдық табысынан (дивиденттері) шамасы баланста көрсетілетін пайдаға тәуелді.
1.3 Қор биржасы және оның қызметі
Қор биржасы - бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының қызметі өзін-өзі өтеу қағидатына негізделеді және оның қызметінен түскен кірістер биржаны материалдық-техникалық дамытуға пайдаланылады. Қор биржасының толық мәні, оның экономикадағы атқаратын мынадай қызметтерінен көрінеді:
─ қор нарығында биржалық делдалдардың бағалы қағаздарды сату жолымен уақытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру;
─ өндірісті және ел үкіметінің шығыстарын несиелеу және қаржыландыру;
─ бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды шоғырландыру, сұраныс пен ұсыныс деңгейін көрсететін бағаларды белгілеу және жалған капиталды қалыптастыру.
Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырландыру және қайта бөлу процесін ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады.Ол қаржы және өндірістік капитал арасында делдал бола отырып, экономикалық дамудың қозғаушы күштерінің бірі болып саналатын инвестициялық процеске ықпал етеді.
Қор биржасы өз қызметінде мынадай қағидаларға сүйенеді:
1.4 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты
Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты бағалы қағаздарды сатуды талдаудың ақпараттық жүйесін құру, акциямен жүргізілетін операциялар жүйесін автоматтандыру. Бұл жүйені автоматтандыруда бізге бірнеше талаптарды орындау қажет.
Бұл талаптар мыналар:
1.5 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
Ақпараттық ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы зердесінде кіріс құжаттары жатады.
1.6 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар
Ақпараттың қолдануысыз басқару процесі мүмкін болмағандықтан, ақпараттық жүйеде ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте маңызды.
Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.
1.7 Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар
Автоматтандырылған ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол ақпараттық жүйені тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.
Ақпараттық жүйені тұрғызу – ақпарат кезеңдерін зерттеуді, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдейді, жүйе элементтерінің әрекеттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де жұмысы көп кезең.
1.8 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Техникалық жабдықтау – бұл ақпараттық жүйе жұмыс істеуді қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы. Басқарудағы ақпараттық кезең жеке операциялардың, олардың жиынтығының орындалуы арқылы жүзеге асады.
Барлық операцияларды үш сатыға топтауға болады:
1.9 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Программалық жабдықтау деп – техникалық жабдықтау жүйесі жұмыс істеуде жабдықтайтын ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын программалардың бірігуін ұғуға болады. Ол математикалық жабдықтау негізінде құрастырылып және оның нақты жұмыс істейтін пішіні болады. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнаулы программалық жабдықтау.
1.12 Кіріс ақпараттары
Кіріс ақпараты – бұл пернетақтадан түскен сигналдар, мәліметтер, құжаттар түрінде түскен ақпарат және ақпараттық жүйелердің функцияларын орындау үшін қажет.
Кіріс құжаттары және олардың негізінде алынған файлдар өз кезегінде шапшаң және шартты – тұрақты болып бөлінеді, бұл жерде материалдық, еңбектік, технологиялық және басқа да нормалар мен нормативтер және барлық керекті мәліметтер көрсетілген.
1.13 Шығыс ақпараттары
Шығыс ақпараты – бұл басқару объектісіне, қызметшіге немесе басқа басқару жүйелеріне берілетін құжаттар, мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін және ақпараттық жүйелер функцияларын орындау нәтижесінде алынған ақпарат.
Қорытынды
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздарын шығару мен сатудың ақпараттық жүйесін тұрғыздым. Егер де біз экономика салаларының барлығында автоматтандырылған жұмыс орнын құратын болсақ біз тек қана жылдам қызметке қол жеткізіп қоймаймыз, сондай-ақ электронды үкіметтің құрылуы да тез іске асатын болады.
Берілген жұмыстың негізгі мақсаты-бағалы қағаздарды сатуды талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу болғандықтан, курстық жұмысты жазу кезінде ақпараттық жүйені тұрғыздым. Ақпараттық жүйені тұрғызу – ақпарат кезеңдерін зерттеуді, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдейді, жүйе элементтерінің әрекеттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де жұмысы көп кезең. Берілген жұмыстың шарты бойынша, бағалы қағаздармен, оларды сату кезіндегі жүргізілетін әртүрлі операциялармен танысып, осы негізде ақпараттық жүйені жобалап, ақпараттық жүйені жобалауда негізгі міндеттерді айқындадым. Осыған сәйкес менің курстық жұмысым үш бөлімнен тұрады.
Пайдаланған әдебиеттер
1. А. Көшенова «Бағалы қағаздар нарығы» Алматы 1999
2. Ғ.С. Сейітқасымова «Ақша, Несие, Банктер» Алматы 2001
3. З.С. Сеилова «Құнды қағаздар нарығы» Қарағанды: Арко 2000