Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Маркетинг

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 46 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны


Мазмұны
Кіріспе 3
I-Бөлім.Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны 5
1.1 Жоспарлаудың мәні,методологиялық негіздері және көрсеткіштері 5
1.2 Маркетинг жүйесіндегі стратегиялық жоспарлау 9
II-Бөлім. Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау 13
2.1. «Қант»ААҚ жалпы сипаттама 13
2.2. «Қант»ААҚ маркетинг мүмкіндіктерді талдау 20
III- Бөлім. Кәсіпорынның стратегиялық жоспарын әзірлеу 27
3.1. Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері 27
3.2. Фирма өсу жолының стратегиялары 29
Қорытынды 44
Қолданылған әдебиеттер тізімі 46

Кіріспе
Қазақстан экономикасында маркетингті қолданудың ерекшеліктері мен серпіні және экономикалық субьектілердің қоршаған орта факторларының қағидаларын пайдалану барысына ықпал ету сипаты көбіне өтпелі кезең жағдайына орай анықталады.Қазақстанда маркетинг ғылым бағыты, шаруашылық қызмет аумағы және өндірістік - өткізу қызметін ретінде республиканың нарықтық қатынастарға өтуінен бастап қалыптасты.
Нарықтық қатынастар экономикалық дамуды жетілдірудің үлкен потенциалын өзінде жасырады. Бұл нарықта шаруашылық етуші субьектілерді жеке кәсіпкерлік қызметіне шексіз бостандық беруіне байланысты.Жоғары тиімді жұмысқа барлық өсуші өлшемдерде табыстарды немесе пайданы алуға нақты мүмкіндіктер себепші болады.Ең үлкен пайданы алуға ұмтылу кәсіп - керлерді нарықты зерттеуге және сұраныс бар салаларға өз ақшаларын және еңбектерін салуға мәжбүрлейді.

I-Бөлім.Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны
1.1. Жоспарлаудың мәні,методологиялық негіздері және көрсеткіштері
Жалпы жоспарлауды нарықтық қарым-қатынастардың дамуы шарты негізінде қолдана бастады. Жоспарлау - өндірістің пропорциялық қарым-қатынасына және аяқталған ішкі экономикалық заңға,жолдауға,бөлу мен тұтынуға бағытталған саналық адам қызметін көрсетеді.Сондықтан, жоспарлау халық шаруашылығын басқарудың басты бөлімшелерінің бірі болып келеді.Оның мақсаттары экономиканың даму ортасында өзгерушілік пен анықталмағандықтың кері әсерін жоюға негізделген.

1.2. Маркетинг жүйесіндегі стратегиялық жоспарлау
Көптеген фирмалар ресми қабылданған жоспарсыз жұмыс атқаруда. Жаңадан құрылған фирмалардың басшылары жұмыспен сонша көп айналысатындығынан олардың - жоспармен айналысуға уақыты жоқ. Кемелденген фирмаларда, көптеген басқарушылардың айтуынша, олар осы уақытқа дейін формалъды, жоспарлаусыз да жұмыстарын орындап келе жатқандықтан, оның онша маңызы болмағаны ғой деп санайды. Олар жоспарды жазбаша дайындауға уақытын алғызғысы да келмейді. Олардың айтуынша, нарықтағы жағдай соншама тез өзгеретіндіктен, жоспарлаудан онша пайда болмай, ол ақыр аяғында шаң болып сатыда жатады. Міне, сондықтан және де басқа бірқатар себептерден көптеген фирмалар өздерінде формальды жоспарлаумен айналыспайды.
Дегенмен, формалъды жоспарлау бірталай пайдалардан дәмелендіреді. Ол пайдаларды Мелвиил Бранч мынадай ретімен атап өтеді:

II-Бөлім. Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау
2.1. «Қант»ААҚ жалпы сипаттама
«Қант»ААҚ Жамбыл Облысының Тараз қаласының Шығыс өңірінде орналасқан. Қант өндірісі жалпы тамақ индустриясында ең алғы саласы болып табылады.«Қант»ААҚ шаруашылық объектісі ретінде қалыптасқан. Кәсіпорынның 1993 жылы 17 желтоқсанда тіркелінді. Куәлік N 10508. жарғы облыстық әділет басқармасымен бекітілді. «Қант»ААҚ заңды тұлға және өндірістік қызметін Қазақстан Республикасының қызмет етуші заңы және жарғысы негізінде жұмысын жүргізуде.

2.2. «Қант»ААҚ маркетинг мүмкіндіктерді талдау
Өнім көлемі - жеке бір кәсіпорынның немесе саланың белгілі уақыт ішінде шығарған немесе істеп шығаруға тиісті өнім мөлшері. «Қант»ААҚ-ның өнімдерінің көлемі келесі кестеде көрсетілген.
2 Кесте. «Қант»ААҚ-ның өнімдерінің көлемі

III- Бөлім. Кәсіпорынның стратегиялық жоспарын әзірлеу
3.1. Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері
Кәсіпорынның даму жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:
• Өнеркәсіп өнімін шығару жоспары (өндірістік бағдарлама) - негізгі бөлім болып саналады. Бұл бөлімде әртүрлі өнімдерді құндық және табиғи өлшемдерде шығару жоспарланады және өнім сапасын арттыру қарастырылады. Сонымен бірге кәсіпорындарды мамандандыру, шоғырландыру, жинақтау, құрамдастыру жоспарланады.
• Ғылым мен техниканы дамыту жоспары. Бұл бөлімнің негізгі маңызы - ғылыми - техникалық прогресті жылдамдату, ғылыми - зерттеу жұмыстарын жоспарлау, таза өнімдерді шығаруды жоспарлау, прогрессивті технологияларды қолдану, өндіріс процесін автоматтандыру, автоматтандырылған басқару жүйесін қолдануды жоспарлау, еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру.Бұл бөлімге стандарттандыру мен метрологиялық өлшемдерді жоспарлау да жатады. Ғылым мен техниканы дамыту жоспарының көрсеткіштері: өндірісте жаңадан шығарылған өнім, еңбекті механикаландыру және автоматтандыру деңгейі, жұмысшылардың санын салыстырмалы түрде азайту, өндірістің техникалық жағдайын жақсарту арқылы еңбек өнімділігін арттыру және тауар өнімнің өзіндік құнын азайту, өнімнің сапасын арттыру,құрал - жабдықтарды, материал сыйымдылығын, табиғи өлшемдегі еңбек өнімділігін қолдану және т.б. жатады.

3.2. Фирма өсу жолының стратегиялары
Стратегиялық жоспарлау бар өндірістерді бағалаумен қатар, фирма келешекте қандай өндірістерді иеленгені, қандай өрістерге өз күштерін жұмсау керектігін ашуы керек. Фирманың өсу жоспарын мына мысал арқылы көрсетелік: «Модерн паблишинг компани» баспасы ай сайын тиражы 300 мың дана денсаулық проблемасына арналған жетекші журнал шығарады. Фирманың маркетингілік орталығын тұтынушылар ұнатымы, жаңа бәсекелестердің пайда болуы және баспа шығыны көзқарасы бойынша алатын болсақ, өте өзгермелі. Фирма келешек он жылға өзінің өсу жоспарының кешенін дайындауға тырысуда.

Қорытынды
Халықаралық жүйелердің дамуының негізгі тенденцияларының бірі жоспарлау болып табылады.Бұл тенденция бір жағынан жоспарланып отырған мақсаттарды,міндеттерді жүзеге асырады,ал екінші жағынан халықаралық байланыстардың дамуы,мемлекетаралық тасымалдау, телекоммуникациялық, дистрибутивтік және басқа да жүйелердің құрылуы мен дамуына жол көрсетеді.Жоспарланған шаралар өткен жылдармен салыстырғанда халықтың әл-ауқаты,тұрмысы жақсарғанын көрсетеді.
Фирмалардың бәрі бірдей ресми қабылданған жоспарлау жүйесін пайдалана бермейді, ал пайдаланатындары оны ылғи жақсы орындай қоймайды. Ал формальды жоспарлау бірталай табыстар келтіруі мүмкін ғой. Мұндай жағдайды жүйелі түрде ойластыру, фирманың әрекеттерін дәл үйлестіру, міндетті тура қою, қол жеткен нәтижелерді жетілдірілген әдістермен өлшеу, т.б болады. Осының бәрі өткізудің және табыстың өсуіне жеткізуі керек.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Котлер Ф. Маркетинг негіздері:проф.М.Ізбасардың жалпы редакциялауы-мен ағылшын тілінен тәржімеленген-Алматы:Жазушы,2000.
2.Есімжанова С.Р. Маркетинг оқу құралы.-Алматы:«Эко»Баспа үйі,2005.
3. Есимжанова С.Р. Маркетинг в Казахстане:теория, методология, практика. -Алматы:Аян Әдет, 2001.
4. Сүндетов Ж. Планирование и прогнозирование в условиях рыночной экономики: Учебное пособие (2-е издание, дополненное и переработанное) -Алматы: Экономика, 2004.
5.Маркетинг:Учебное пособие / под.ред. Н.К.Мамырова. Алматы: Экономика, 1999.