Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Реферат

Объем: 8 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Арнайы бағыттағы (түзету) мектеп оқушыларына қазақ тілі сабақтарында жаңа оқу-әдістемелік жиынтықтарын пайдалану жолдары

Қоғамдық құрылыстың дамуында оның әрбір белсенді мүшесінің толыққанды жетілуіне жағдай жасап отыру - біз өмір сүріп отырған құқықтық даму жолына түскен мемлекеттің өскелең талаптарының бірі саналады. Осыған орай жас ұрпақ тәрбиесі мен олардың оқып-біліп алуына толық жағдай жасау мәселелері күн тәртібінен түскен емес.

Жүмысшы топтың мақсаты - қазақ тілі пәнін көмекші мектепте барынша қарапайым тұрғыда оқыту жолын іздестіру. Негізгі міндет - оқушыларды жазуға, оқуға және тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің түрлерін (тыңдау, оқу, сөйлеу, жазу, т.б.) меңгеруге үйрету, ойлау қабілетін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе алуға тәрбиелеу.
Бүл биік мақсатты орындау үшін, оған қол жеткізу жолында мынадай талаптарды орындаған жөн:

Бір сөзбен айтқанда мүмкіндігі шектеулі балалардың ойлау мен сөйлеу кемістігін түзету, тілдік қорын байыту, жаңа оқу-әдістемелік кешеннің ерекше мақсаты болып табылады. Сонымен бірге көмекші мектеп оқушыларына берілетін тіл сабақтарының аса маңызды дидактикалық - танымдық міндеттері қатарына мүгедек жандардың қоршаған орта, дүниетаным туралы (атап айтқанда адам мен табиғат бірлігі) түсініктерін қалыптастыру және одан әрі дамытуда жатады.

Бүл кезенде оқушылар көріп, қабылдау және кеңістікті бағдарлай білуі тиіс. Қойылатын білік - дағдыларына заттарды атау, оны толық мөлшерде көріп есте сақтау, заттың бөлшегін бөліп айтуға және заттарды топ ішінен бөліп айта білу, екі затты салыстыра білу жатады. Осы кезең ішінде ұғымдар (үлкен-кіші, жоғары-төмен, оң-сол, қатты - жұмсақ, т.б.) туралы түсінік, өз денесін бағдарлай білу (адамның дене мүшелерін атай білу, бас: көз, құлақ мұрын, ауыз; дене: қол, аяқ, т.б) заттың түсі (ақ, қара, жасыл, т.б), заттың түрі (үшбұрышты, төртбұрышты, шеңбер), заттың көлемі (үлкен, кіші, тар, т.б), күндер (кеше, бүгін, т.б), тәулік мөшері (таңертең, түсте, т.б), ата-тегі (өзінің, әке-шешесінің, туған-туысқандарының), мекен-жайы, т.б қамтылады. Сонымен бірге бүл кезенде танымдық қызметті дамытуға, сөйлеу тіліне, дыбысқа назар аудару, дем алу мен артикуляциялық жаттығулар, тіл дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру, сөз құру да кіреді.

V кезең - заттың атын, қимылын, сапасын, санын білдіретін есім сөздерді, көмекші сөздерді танып-білу, жазылу емлесін білу мәселесі бастапқы орынға қойылады. Сондай-ақ, сөз құрамы, сөйлем түрлері, байланыстырып сөйлеу, мазмұнды сурет бойынша ауызша сөйлем құрастыру, әңгіме құрастыру, жазу, таныс заттарға сипаттама жазу, хат жазуға дайындық, т.б. білік - дағдылар игертіледі.

Мұғалімнің еңбегін жеңілдету мақсатында әр сыныптың әдістемелік нұсқауында күнтізбелік жоспардың үлгілері берілген.
Бағдарлама материалдарын жоспарланған сағатқа сыйыстыру мақсатында күнтізбелік жоспар жобасы төмендегідей бөлімдер бойынша іске асырылады:

Қорыта айтқанда бүгінгі таңда арнайы бағыттағы (түзету ) мектеп оқушыларына қазақ тілі сабақтарында (5-7 сыныптар аралығын қамтыған) жаңа оқу-әдістемелік жиынтықтарын (комплексін) пайдаланудың маңызы өте зор. Болашақта 8-11 сыныптарға арналған дидактикалық дүниелер де өз кезегімен жарық көріп, шәкірттер кәдесіне жарамақ.