Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экология

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 20 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Каспий теңізі


Жоспар
Кіріспе 3
1 Каспий теңізі 5
1.1 Каспий мәселелері бойынша жалпы сипаттамасы және экологиялық жүйедегі орны, пайдалану ерекшеліктері 5
1.2 Каспий мәселелері туралы мәліметтер мен қазіргі жағдайы 8
1.3 Каспий теңізінің табиғи ресурстарын тиімді пайдалануды жақсарту жолдары және болашағы 14
Қорытынды 19
Қолданылған әдебиеттер 20

Кіріспе
Каспий теңізі - әлемдегі ең үлкен көл.Оның көлемі 232 шаршы миль, яғни 600 мың шаршы километр.Каспий теңізі мен оның бассейн ішіндегі аймақ туралы әңгіме болғанда,Батыс елдері мамандарының сілекейі шұбырады.Бұрын бірқатар мамандар бұл геологиялық аудан мұнай мен табиғи газ қоры жағынан Парсы шығанағы аймағымен тайталасқа түсуі мүмкін дегенде,ондай болжам ғажап қиял сияқты көрінетін.Өткен жылы Қашағаннан мұнайдың ғаламат қоры табылғаннан бері бұл қиял шындыққа айналды.

і ғой.

1 Каспий теңізі
1.1 Каспий мәселелері бойынша жалпы сипаттамасы және экологиялық жүйедегі орны, пайдалану ерекшеліктері
Каспий теңізінің Қазақстанға қарайтын секторының аймағы 100 мың шаршы метрге жуық. Болжам бойынша теңіз табанының осы бөлігінде 10 миллиард тонна мұнайдың, 2 триллион текше метр газдың мол қоры жинақталған.
Каспий жағалауында орналасқан,оны ортақ меншігіміз деп санайтын бас мемлекеттің бірлескен шешімімен іске асырылатын үлкен мәселе – теңіздің құқықтық мәртебесін анықтау,оны бөліске салу және пайдалану.Әзірге,бұл бес мемлекеттің ортақ мәмлеге келген шешімі біреу – Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі олардың қатысуымен ғана анықталады. «Мәселені түбегейлі шешеді» деп күтілген үстіміздегі жылдың сәуір айында бес ел басшыларының қатысуымен Ашхабад қаласында өткен саммиттің де бұл шешімге алып-қосары болмады.
Мемлекетаралық теңіздердің,су қоймалардың құқықтық мәртебесін анықтау,оларды бөліске салудағы әлемдік тәжірибеге назар аударсақ ,бұл шаруаның екі негізгі басшылыққа ала отырып,іске асырылатынына көз жеткізуге болады.

1.2 Каспий мәселелері туралы мәліметтер мен қазіргі жағдайы
Ауданның экологиялық жағдайы Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз экожүйесінің антропогенді әсерге ұшырауына байланысты болады.Ғалымдардың болжамдары бойынша теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400-2700 км ұзарып,су астында қалған жерлерге тағы да 1,2-2,2 миллион гектар қосылуына әкелуі мүмкін.
Су астында қалу қаупі әсіресе Каспийдің Солтүстік және Солтүстік – Шығыс жағалауындағы мұнай кен орындарына төніп отыр.Су астында қалу қаупі төніп отырған 43 мұнай кен орындарының 32-сі Атырау,ал 11-і Маңғыстау облысында орналасқан.
Каспий теңізі дүние жүзіндегі бекіре тәрізді балықтардың ең ірі мекен ету ортасы болып табылады.Сондықтан Каспий мәселесі тек мемлекетаралық қана емес,ғаламдық мәселе болып табылады.Каспийдің биологиялық алуан түрлілігін сақтау бүкіл әлемдік қауымдастықтың жұмысы.1995 ж Тегеранда Каспий маңындағы мемлекеттердің өкілдерінің кездесуі өтті.

1.3 Каспий теңізінің табиғи ресурстарын тиімді пайдалануды жақсарту жолдары және болашағы
Теңіз табанының жерасты қатпарларына бұрғы салып,мұнай мен газ өндіру артезиан құдықтарынан су шығарғандай жеңіл шаруа емес.Мұнда барлығы сейсмикалық және экологиялық жағынан жан-жақты зерттеліп,сан түрлі сараптаулардан өтуі тиіс.Бұл әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей,теңіз табанын барлау – бұрғылау жұмыстары 100 пайызға сәтті бола бермейді.
Теңіз мұнайын өндіріп оны тасымалдау кезінде суға мұнай шикізаты төгілмейтіндігінен ешкім кепілдік бере алмайды.1991 жылы Парсы шығанағындағы соғыс кезінде 1 миллион тоннадан астам мұнай төгілген.Бұдан теңіз суына,ондағы жәндіктерге,қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келгені анық .Мұның бетін аулақ қылсын,егер Каспий теңізі табанын игеру барысында теңіз суына мұнай төгілетін болса,оны жоюдың мүмкіндіктері қандай?

Қорытынды
Каспий дүние жүзіндегі ең үлкен көл екенін бәріміз білеміз. Алайда оның қайнар байлығы жағалауындағы барлық елдерді мұнаймен, газбен, балықпен қамтамасыз етіп отырғанын анық көріп отырмыз. Солардың ішінде Қазақстанның Каспий мұнайы, балығы арқылы аты әлемге шарықтауда. Қазақстанның экономикасының бір бұрышын ұстап отырған Каспий теңізінің табиғи қорлары десем артық болмас.

Қолданылған әдебиеттер
1. «Каспийдің кезекті мәселесі». Түркістан газеті 2002ж 22 наурыз.
2. «Каспий экологиясы қандай жағдайда?» Жас Алаш газеті 2003ж 25 қыркүйек.
3. «Қарт Каспий қасірет тартпасын.» Атамекен 2000ж 10 қараша.
4. «Каспий экологиясы.» Жас Алаш 2002ж 14 сәуір.